Қазіргі кезде кез келген жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары әрбір білім алушының үйлесімді және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін оқу пәндерінің кең жиынтығын қамтиды. Сонымен бірге оқу кешені білім алушыларға таңдау жасауға, ізденуге, өзінің даралық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Әрбір оқу пәні балалардың табиғи бейімділіктері мен қабілеттерін анықтауға бағытталған. Сол себепті балалардың бойынан анықталған бейімділік пен қабілеттердің әрі қарай дамуына жағдай жасау өте маңызды. Мұның бәріне қызығушылықтарды саралау технологияларының әртүрлі түрлерін ұйымдастыру арқылы қол жеткізуге болады.
Қызығушылықтары бойынша саралап оқыту технологиясы – қызығушылықтарына қарай біріктірілген топтарды саралап оқыту процесі.
Қызығушылықтары бойынша саралап оқыту технологиясы – қызығушылықтарына қарай біріктірілген топтарды саралап оқыту процесі.
Қызығушылығы бойынша саралап оқытудың мақсаттары:
-Әр баланың жеке басының эмоционалдық сферасын жан-жақты дамыту.
-Баланың тұлғалық шығармашылық қабілеттері мен қасиеттерін анықтау және дамыту.