Мифология(грекше мифос аңыз, шежіре; логос сөз, ілім) алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы.Әдетте, миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады: • Әлем
Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.
Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар.
• Мифология
• Дін.
• Философия.
Мифология(грекше мифос - аңыз, шежіре; логос - сөз, ілім) алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы.Әдетте, миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады:
• Әлем, жер және адамның пайда болуы;
• Табиғи құбылыстарды ұғыну;
Дін - жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.
Дін мына мәселелерді қарастырады:
- Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу;
- Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну;
- Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы.
№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№№
Дүниеге көзқарас – бұл, әлемге деген тұтас көзқарас және оның осы әлемге қатынасы, сонымен қатар сол көзқарастарға негізделген сенім, сезімдер және адам өмірінің бағыт-бағдарын айқындайтын идеалдар, оның жүріс-тұрыстарының қағидалары және құндылықтары.
Дүниеге көзқарас көңіл - күйді, сезімдерді, әсерленушіліктерді, идеалдарды қамтиды.
Идеалдар мазмұнында адам ұмтытылыстарының ең жоғарғы мақсаты ақиқат, ізгілік, сұлулық, әділеттілік болады. Идеал адамдардың бүткіл қарекетінде рухани бағдар қызметін атқарады, оған мағына бергізеді және мақсатқа ұмтылдырады.
Дүниеге көзқарастың негізгі түрлеріне: мифологиялық, күнделікті (немесе үйреншікті ), діни, көркемділік, табиғижаратылыстық (натуралистік), философиялық. Бұлардың бәрі дерлік адамзаттың рухани дамуында маңызды роль атқарды.
Дүниеге көзқарастың үлгілері (типтері) әр түрге бөлінеді: егер әлемді тану құралдарының басымды жағынан шықсақ, онда бұл сезімділік-бейнелеу үлгілері (мысалы, діни және күнделікті-үйреншікті дүниеге көзқарастардың үлгілері);
- немесе ұғымдық – белгілер тұрғысында (дүниеге көзқарастардың философиялық немесе табиғижаратылыстық үлгілері);
- әлемде жалпы бағдарлану тұрғысында (алғашқы себеп: рух па немесе табиғат ба );
- субстанционалды жоба тұрғысында, онда біздің алдымызда - бірнеше субстанцияны ескеретін дуалистік және плюралистік сияқты дүниеге көзқарастар, ал жалғыз субстанция ескерілсе монистік көзқарастар үлгісі;
- дүниеге көзқарастың қолданатын әдіс-тәсәлі тұрғысынан, көзқарас "метафизикалық" немесе " диалектикалық " болады;
- "адам", "субъекті" ұғымдары деңгейіне байланысты: дүниеге көзқарас жекелік, әлеуметтік - топтық, таптық болып және мемлекет, ұлттар, бүткіл қоғамның дүниеге көзқарасты болып ерекшеленеді.
- қоғамдық - экономикалық формациялар тұрғысында да ("феодалдық", "қайта туу замандары") көптеген дүниеге көзқарастар бар. - сонымен қатар басқа да дүниеге көзқарастар ("сенсуалистік" және "рационалдылық", "сциентикалық" және "антропологиялық", "ұлтшылдық", "шовинистік", "тоталитарлық" және т. б.) бар.
Барлық үлгілерде, олардың түрлеріндегі сияқты дүниеге көзқарастардың негізгі мәселесі адамның әлемге қатынасынан тұрады. Бұл қатынастар 4 түрге бөлінеді:1) генезистік (шығу тегіне байланысты), 2) танымдылық, 3) бағалап-бағдарлаушылық (басқаша айтқанда, аксиологиялық, құндылықтық), 4) рухани - практикалық, немесе праксиологиялық (практикалық және танымдылық). Сонымен кез келген дүниеге көзқарастың ең негізгі сұрағы – бұл, адамның және әлемнің қатынастары туралы сұрақ.
Өндірістің, ғылымның, мәдениеттің және басқа факторлардың даму деңгейіне сай әрбір дәуірдің дүниеге көзқарастарының өзіндік ерекшеліктері болады. Бірақ солардың ішінде дүниеге қөзқарастардың ең негізгілерінің қатарына жоғарыда көрсеткендей мифологиялық, күнделікті (немесе үйреншікті), діни, көркемділік, табиғижаратылыстық (натуралистік), философиялық түрлері жатады.
Мифологиялық көзқарас - ертедегі қоғамның даму сатыларының алғашқы кезеңдерінде қалыптасты және дүниенің, жануарлардың, адамдар тегінің пайда болуы, әлемнің жаратылысы, табиғат құбылыстарындағы апаттардың себептері туралы, қоршаған әлемдегі өз орнын айқындау жәйлі алғашқы түсініктерінің, аңыз-әңгiмелердің ең бірінші тарихи үлгісі.
Мифологиялық көзқарастың негізгі сипаттары:
1. Антропоморфтылық, яғни табиғат құбылыстарын (мысалы, бұлттардың қозғалысын, жер сілкінулерді және т. б.) адаммен ұқсастырып қарастыру; оларға адамға тән қасиеттердің барлығын: түйсіктерді, келеңсіз факторларға деген реакцияны, тілектер, жеккөрушілік, қайғы-қасірет және т. б. таңды.
2. Дескриптитивтілік (ағылшын тіл. - суреттеме) – оқиғаларды, құбылыстарды түсіндіруде әңгіме, аңыздар арқылы суреттеме түрінде бейнелеуге ұмтылу; олардың ішіндегі кейіпкерлер - ерекше адамдар түріндегі батырлар және құдайлар (мыс. мифтер Нептун Зевс, Меркурии, Алпамыс және т.б. туралы аңыздар).
3. Объективтік және субъективті әлемдердің синкретикалығы (біртұтас, бөлінбейтін). Бұл мифологиялық көзқарастың барлық жағына тән.
4. Алғашқы–қауымдық сананың толыққанды кезеңіне тән - адамдар, жануарлар, өсімдіктер туралы алғашқы ғылыми білімдермен қаруланған бақсылардың әрекеттерінде көрінетін сиқыршылықпен байланысты.
Дүниеге көзқарастың келесі тарихи үлгісіне (типіне) күнделікті, эмпирикалық дүниетану жатады. Тіршілік тәжірибесі мен эмпирикалық білімдерден құрыла отырып күнделікті қарапайым көзқарас күнделікті қарекет қарекет тіршіліктеріне бағыт бағдар береді. Әрине күрделі мәселелерде тиянақты білімдерді, ойлау мәдениетін қажет етеді.