Микотоксикоздар



бет5/6
Дата02.02.2023
өлшемі9,47 Mb.
#64773
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
микотоксикоздар

Клиникалық белгілері.

Жалпы тежелу байқалады, ауыз қуысы зақымдалады. Ерні домбығады, пульсі жиіленеді. Қанда формалық элементтерінің саны көбейеді. Жылқылардың ішектері түйіледі. Шошқалардың тұмсығы ойық жаралы болады. Қойларда нерв жүйесі құбыластары байқалады.

Патологиялық анатомиялық өзгерістері.

Өлексе жақсы қатаяды. Паренхиматозды ағзаларда қанталаған, өкпе домбыққан, ішектің кілегей қабығы катаралдық және геморрагиялық түрде қабынған. Бауырда және бүйректе дистрофия өзгерістері байқалады.

Емі

Асқазан мен ішекті босатады, шырышты және іш жүргізетін дәрілерді енгізеді, кофеин глюкозамен бірге беріледі. Бір- екі тәулік бойы малдар аш диетаға қойылады. Ластанған азық рационнан шығарылады.

Клавицепстоксикоздар

Клавицепс тұқымдасына жататын микоздық улармен малдың уланып ауруы. Бұл саңырауқұлақ мәдени және жабайы астық дақылдарында пайда болады. Ылғалды жайылымдарда кездеседі. Оларды екі топқа бөледі: эрготизм және клавицепспаспалитоксикоз. Эрготизм бұл жануарлардың қастауыш алкалоидтерімен улануы. Біздің жерде кездесетіні эрготизм (қастауыш). Саңырауқұлақ қара, қоңыр, дақ түрінде астық дақылдарды ластандырады.

Клиникалық белгілері.

Улану екі түрде байқалады: нерв жүйелік және гангреноздық. Малда жалпы тежелу белгілері дамиды, тыныс алуы нашарлайды, сілекей ағады, көз қарашығы ұлғаяды, бұлшық еттері тартылады, дірілдейді. Басының, аяқтарының, құлақтарының терісінде некроз ошақтары пайда болады. Шошқаларда тұмсығына, тіліне және желін терісіне некроз пайда болады. Тауықтардың алғашқыда айдары көгереді, кейін оларда да некроз пайда болады.

Патологиялық анатомиялық өзгерістері.

Өлексені жарғанда гемодинамикалық өзгерістерді байқайды және негізгі белгілер тері үстіндегі некрозды ошақтар. Паренхиматоздымүшелерде іркілдектер пайда болады. Бауыр мен өкпе қанға толы. Лимфа бездері үлкейген. Қарынның кілегейлі қабықтары iсiнедi, қызарады.

Емі

Сорғыш, шырышты, іш жүргізетін, құстыратын дәрілер беріледі. Тер астынан 2-3 мл 30% магний сульфат ерітіндісін жібереді (сіңірлер қарысуын жоюға). Бидайдың қастауышпен ластанғандығын натрий хлорид үлгісі бойынша тексереді: 4 кг ас тұзың 10 литр суға ерітеді, үстінен бидай үлгісін салады. Ерітінді бетіне қалқып шыққан қастауыш мүйізше санына қарай ластанған дәріжесін беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет