В.П. Лотков өлген шошқада көмекей және лимфа түйіндерінде сірлі инфильтрат бар екенін, мойын, бас, шажырқай лимфа түйіндері гиперемияланганын анықтаған. Қойларда төмендегідей патологиялық өзгерістер болады: жұмыршақ кілегейлі қабығы және ішек геморрагиялық қабынған, iшiнде шырышы мол. Паренхиматозды мүшелерде нүктелi кан- талау кездеседі, жүрек бұлшықеті бозарған, босаңсыған. Бүйрегі жұмсак, капсуласы тез ыдырылады, шекарасы анык көрінбейді. Балапандарда безді карын мен iшекте катаральды және гемораргиялык кабынулар байқалады. Бауыр және өкпеде көптеген қанталаулар бар, біркелкі боялмаған, іші қанмен толған.
Емі
Біріншіден: малдын азықтық рационынан саңырауқұлактармен зақымданған және оған күдікті азыктарды алып тастайды. Фузариотоксикоз ауруының спецификалык емі жоқ, бірақ симптоматикалық терапия колдануға болады. И.А. Курмановтың ұсынысы бойынша фузариотоксикоздын ауыр етуi кезiнде венага кофеин, күнделікті глюкозамен бірге уротропин (1 күнде 1рет) жазылғанша колданады. Сепсистік процесті алдын алу максатында бұлшықетке пеницилин, стрептомицин, бицилин енгiзедi.
Алдын алу шаралары.
Fusarium саңырауқұлағымен зақымданған азык арнайы зертханалық зерттеуге жіберіледі. Бұл саныраукұлакпен зақымданған азыкты малға беруге болмайды. Залалсыздандыру үшін, жемді суға салуды ұсынды. Ол үшін жемге төрт есе су құйып, бір тәулік ұстайды. Тәулік бойы 4-5 рет суды ауыстырып тұрады. Содан кейін жемді 100°С температурада 1 сағат қайнатады. А. В. Васин жәнне Ю. П. Квиткин уытты саңырауқұлақтармен закымданған жемдi 1%-ды күйдіргіш натрий, калий немесе аммиакпен өңдесе, уытты касиеті жоғалатынын анықтаған. Фузариотоксикоздын алдын алу үшін алдымен азыкты жинағанда, сақтағанда дәнді дақылдардың тұқымын дәрілегенде бұзылуын болдырмау керек. Ылғалдылығы жоғары (17%жогары) азыкта саңырауқұлақ спорасы жаксы дамиды, соның салдарынан азықта уытты зат жиналады.
Дендродохиотоксикоздар
Бұл жануарлардың ауыр түрде өтетін ауруы. Ауру жіті және жітілеу түрде . Көбінде жылқылар, шошқалар, қойлар аурады. Дендродохиндер жақсы бөлінген фунгицидтік қасиетке ие болады. Саңырауқұлақ, бидай,қарай бидай, сұлы, сабандарда пайда болады. Оның уы ылғалдықтың 50% және жылудын 25%- да жиналады.