Бұл жылқы және басқа да ауылшарушылық малдарының жіті және жітілеу түрде өтетін ауруы. Ауруды Stachyobotris alternas деген саңырауқұлақ өнімдері тудырады. Ең алғашқы мәліметтер бойынша 1930-1931 жылдары Украина жерінде бұл ауру кездескен. Ауруды зерттеуге көп үлесін қосқан ғалымдар: Вертинский К.И., Пономаренко Ф.М., Саликов М.И. ж.б. Бірак тек 1980 жылы бұл аурудың микотоксины таза түрінде бөлініп алынды. Оларды сатротоксин роридин және веррукарин деп атады. Бұл микотоксиндар жоғары температураға және қышқылдардың әсеріне тұрақты, суда ерімейді.
Токсикодинамикасы
Толық анықталмаған. Жануар ұлпаларына жергілікті микотоксиндер некроздық әсерін тигізеді және орталық нерв жүйесіне, қан түзілу жүйесіне жалпы улы әсерін тигізеді. Осының нәтижесінде қанда лейкоцитоз және лейкопения пайда болады.
Клиникалық белгілері
Уланудың алғашқы кезеңінде ауыз және мұрын аймағының терісі қабынады. Ауыз қуысында некроздық зақымдар болуы мүмкін. Азыққа тәбеті жойылады, дене қызуы нормасында қалады. Жалпы тежелу белгілері дамиды.
Патологиялық анатомиялық өзгерістері.
Өлексені жарғанда паренхиматоздық ағзаларда дистрофия өзгерістері кездеседі, геморрагиялық диатез байқалады. Некроздық ошақтар өңеште, жұтқыншақта, асқазанда, ауыз қуысында табылады.
Емі
Арнайы емi жок, симптоматикалықтерапия әдісі қолданылады.
Ірi кара мал уланғанда рационнан кышкыл азык-сүрлем және қышқыл жомды алып тастайды. 10%-ды натрий хлориді ерітіндісін тамырға күніне бір рет, 2-3 күн катарынан 200 мл. енгізеді.
Жылкыда стахиботриотоксикоздың алғашқы сатысында iшке ихтиол (4,0-8,0г), каломель (3,0-5,0г) және зығыр кайнатпасын береді. (1:500) калий перманганаты, 3%-ті сода ерітіндісімен ауыз куысын жуады.
Аурудын сонгы сатысында В. В. Стасецкий ұсынған ем: 10%-ды кальций хлоридінін ерiтiндiсiн тамырға 100-200мл, 2,0-5,0г адреналинді 1:1000 катынаста ерiтiп тері астына, 0,5-1 сағаттан кейін 20,0-60,0г 10%-ті йодты калийдің ерітіндісін тамырга егу керек.
Естен тану кезiнде тері астына камфора майын, 3-4 сағат кейін хлорлы кальций берген дұрыс