Микркезз алматы


  Қазақ хаидығын  нығаиту жолындағы



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата02.01.2017
өлшемі22,67 Mb.
#1002
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

2.  Қазақ хаидығын  нығаиту жолындағы 
Тәуке ханның  қызметі
Жэңгірдің  баласы  Тэуке  хан  (1680— 1718)  түсында  Қазақ  ханды- 
ғының қүш-қуаты есіп, бірлігі артты. Тэукенің туған жылы белгісіз, 
ал  қайтыс  болған  жылына  байланысты  ғылыми  зерттеулердегі 
пікірлер  де  эртүрлі.  Жэңгір  ханның  үлы  жэне  мүрагері  Тэуке 
1680  жылы  Қазақ  хандығының  тағына  отырды.  Ол  асқынған  ішкі 
феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа 
бағынған  Қазақ  хандығын 
қүруға  қажырлы  қайрат  жүмсады. 
Хандық билікті  күшейтуге бағытталған реформалар жүргізді.
Тэуке  хан  езінің  даналығы  арқасында  ел  арасында  «эз-Тәуке» 
деген  атқа  ие  болған.  Қазақ  жеріне  орыс  елшілігін  бастап  келген 
М.Тевкелев  1748  жылы  жазған  қүжатта:  «Тэуке хан  ете ақылгей  кісі 
болған,  оны  қырғыздар  (қазақтар)  үлкен  қүрметпен  еске  алады»,—
96

деп  көрсетеді.  Халық  зердесінде  Тэуке  заманы  Қазақ  хандығының 
ең  бір  өркендеген,  «қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған  заман», 
«алтын  ғасыр»  деп  еске  алынады.  Орыстың  белгілі  тарихшысы 
А.И.Левшин  Тэукені  көне  Спартаның  ақылгөй  заңгері  Ликургпен
теңеген.
кұрған
казақтың  барлық  рулары  мойындамаған.  Сондықтан  Тэуке  хан 
бытыраңқы  қазақ  қоғамының  басын  біріктіріп,  бір  орталыққа 
бағынған мемлекет құруды  басты міндеті деп санады. Осы мақсатта 
әртүрлі  элеуметтік  топтан  шыққан  дарынды,  ақылды  адамдарды 
мемлекетті  басқару  ісіне  тартты.  Бүған  дейін  мемлекетті  басқару 
ісіне  тек  Шыңғыс  ханның  үрпақтары  мүрагерлік  жолмен  тартыла- 
тын  еді.
Тэуке  хан  мемлекетті  басқару  ісіне туа  біткен данышпан,  ел  ара- 
сында  асқан 
ерлігімен,  батырлығымен  дараланған  түлғаларды, 
яғни  билер  мен  батырларды  тартты.  Бүл  шаралар  нэтижелі  болды. 
Мемлекетті  басқару  ісіне де  үлкен  езгерістер  енгізді.  Билер  кеңесін 
қүрып,  оның  билік  ауқымын  кеңейтті.  Билердің  әлеуметтік  тегі 
тек  ақсүйек  табынан  болмағанын  ескерсек,  қарапайым  халықты 
мемлекетті  баскару жүйесіне тарту Тэуке хан енгізген үлкен езгеріс 
болды.
Билер  кеңесі  мемлекеттің  ішкі  жэне  сыртқы  саясатына  қатысты 
мэселелерді  шешуде  үлкен  қызмет  атқарды.  Билер  шешіміне  хан 
қарсылық  көрсетпеді,  яғни  мемлекеттік  биліктің  басым  белігі 
халықтың қолында болды. Тэуке ханның түсында «Билер кеңесінің» 
күрамына  атақты  Төле  би,  Қаз  дауысты  Қазыбек,  Әйтеке,  Досай, 
Едіге,  Сырымбет,  Қабек,  Даба,  Есейхан,  Жалған,  Ескелді,  Сасық 
би, Байдалы, Тайкелтір,  Қоқым  сияқты дарынды  қайраткерлер енді. 
Билер  кеңесінің  билік  ауқымы  зор  болған.  Бүл  кеңестің  шешімі 
негізінде ғана Тэуке  хан  мемлекеттік  мэселелерді  шешуге  қүқықты 
болған жэне билер кеңесі  қабылдаған заңдар мен шешімдерді жүзеге 
асырып отырған. Сонымен қатар «Билер кеңесі» хандықбилікті шек- 
теу  күқығына  ие  болған.  Билер  кеңесі  соттық  билікті  де  атқарған. 
Халықтың дэстүрлі  менталитетінде билердің қоғамдағы  мэртебесін 
анықтайтын  қағидалар  көп  сақталған.  Мысалға,  «Атаның  баласы 
болма,  адамның  баласы  бол»,  «Туғанына  бүрганы  —   биді  қүдай 
үрғаны»,  «Таста  тамыр  жоқ,  биде  бауыр  жоқ»,  «Тіл  жүйрік  емес, 
шын  жүйрік»  т.б.  Бидің  үкімі  ру,  аймақ  атынан  емес,  тэуелсіз  би 
атынан шығарылды.  Атақты Әйтеке би үрпақтарына мынадай есиет 
қалдырды:  «Менің  емірім  езгенікі,  өлімім  езімдікі».  Туа  біткен
97
198-7

даналык  пен  шешендікті  иеленген  билердің  өмірлік  тэжірибесі  де 
мол  болды.  1820  жылы  орыс  жэне  еуропалық  кұкык  нормалары- 
мен  жетік  таныс  Д.  Самоквасов  казактардың  кұкык  жүйесін  зерт- 
тей  келе,  казақ  билері  халқының  салт-дэстүрі  мен  өткен  тарихын 
да  жақсы  білетіндігі  туралы  жазған.  «Биі  жақсының  елі  жақсы», 
«Батыр  елін  жауға  бермейді,  би  елін  дауға  бермейді»  деген  накыл 
сөздер казақ билерінің дипломат қызметін атқарғанын да  көрсетеді. 
Билер  шешен болған.  Атап айтсақ, халық Қазыбек биді «ағын судай 
эйгілі  шешен»  деп  мақтан  тұтқан.  Сөйтіп,  Тэуке  хан  ел  билеуде 
атақты қазақ билеріне арқа сүйеп, олардың қазақ коғамындағы орны 
мен рөлін  көтерді.
Билер  кенесі  мерзімді  түрде  Сырдариянын  бойында  орналасқан 
Әңгірен, Түркістан мен Сайрам жеріне орналасқан Битөбе, Мэртөбеде 
шакырылған. Жыл сайын Ташкент каласының маңындағы Күлтөбеде 
үш  жүз  өкілдерінің  басын  қосқан  жиналысын  еткізіп  тұрған.  Бұл 
халық арасында «Күлтөбеиің басында күнде кеңес» деп  аталды.
Тэуке  хан  қазақтың жыраулары  мен  шешендерінің жэне  шежіре- 
шілерінің  басын  қосып,  қазақтың  мақал-мэтел,  шежіре,  аңыз- 
жырларын жинаған. Сонымен катар, қазақхалқы арасында бүрыннан 
қолданылып  келген  ру-тайпалардың  ұрандары  мен  таңбаларын 
қайта  анықтап  белгілеген.  Бүл  тарихта  Орта  Азияда  емір  сүрген 
көшпелі хандықтарда болып келген салт еді. Жанадан такка отырған 
хан  өзіне  карасты  тайпалардың  таңбасын  белгілеп  беріп  отырған. 
Бүл  кешпелі  тайпалар  арасында хандық өкімет билігін  күшейтудің 
дэстүрлі  шараларының бірі  еді.
Тэу ке хан өзінен бұрынғы хандар тұсында ішкі тартыс салдарынан 
ыдырай  бастаған  үш  жүздің басын  косты, жеке-жеке ұлыстарды  би- 
леген  сұлтандардың  бөлектенуіне  тежеу  салып, Қазақ хандығының 
ішкі  бірлігін  бекемдеуге  барлык  шараларды  қолданып,  оны  едэуір 
күшейтті.  Бұл  тұста  едэуір  кырғыз  тайпалары  мен  карақалпак 
тайпалары  Тэуке  ханның  карауында  болды.  Тэуке  қырғыздарды 
олардың өз  биі  Қоқым  Қарашор  арқылы,  каракалпактарды  олардың 
Сасық биі  аркылы  баскарып  отырған.  Бұл  іс  жүзінде жоңғарлардың 
шабуылынан  корғануды  негіз  еткен  казақ,  кырғыз жэне  қарақалііақ 
халыктарының эскери-саяси одағы  еді.
Тэуке  ханның  аты  тарихта  «Жеті  жарғы»  заңдарымен  де  тығыз 
байланысты.  Ол  қазактың  атақты  билерімен  акылдаса  отырып, 
казактың  эдет-ғұрып  заңдарын,  билер  сотының  тэжірибелерін,  аса 
дарындылықпен  айтылған  түйінді  биліктерді  жинактап,  өзінен 
бұрынғы  «Қасым  ханның  касқа  жолы»,  «Есім  ханның  ескі  жолы»
98

сияқты  казақ  заңдарын  жаңа  жағдаиға  саи  өзгертш,  толықтырып, 
дамыту  негізінде  «Жеті  жарғы»  атты  заңдар  жинағын  кұрастырды. 
«Жеті  жарғы»  орыс  деректерінде  «Тэуке  хан  заңдары»  деген  атпен 
белгілі.  «Жеті  жарғыға»  экімшілік,  кылмысты  істер,  азаматтық
кұкык  нормалары,  сондаи-ақ  салықтар,  діни  көзқарастар  тура- 
лы  ережелер  енгізілген,  яғни  онда  қазак  қоғамы  өмірінің  барлық 
жағы  түгел  қамтылған.  Оларда  орта  ғасырдағы  қазақ  қоғамының 
патриархаттық-феодалдық  құкығының  негізгі  принциптері  мен 
нормалары баянды етілген.  Қазақша «жарғы» әділдік деген ұғымды 
білдіреді.  «Жеті жарғы» —  жеті  эдеттік құқықтық жүйеден тұратын 
қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  салалардың  жиынтығы.  Олар; 
жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тэрбиесі жэне неке, қылмыстық 
жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз 
ету.
«Жеті  жарғыны»  қазақ  халқы  XIX  ғасырдың  ортасына  дейін 
колданып  келді.  Ал  кейбір  заңдар  Қазан  төңкерісіне  дейін 
қолданылды.  Сонымен  бірге  «Жеті  жарғының»  ез  кезінде  қағазға 
түсірілмегені  де  белгілі.  Кеңестер  дәуірінде  «Жеті  жарғыға» 
«феодалдық  қатынастардың  сарқыншағы»  деген  сипат  тағылып, 
мүлдем зерттелінбеді. Бізге «Жеті жарғы» орыс ғалымдарының жаз- 
балары  негізінде  белгілі.  Алғаш  рет  орыс  ғалымы  Г.Спасский  жап- 
пас  руының  старшыны  Күбек  Шүкіралиевтің  мэліметтері  негізінде 
«Жеті  жарғының»  11  үзіндісін  1820-  жылы  «Сибирский  вестник» 
баспасөзінің бетінде  жариялады.  «Жеті жарғының» екінші  нұсқасы 
(34  үзінді)  А.Левшиннің  зерттеулерінде  беріледі.  Бұл  нұсқалар 
«Жеті жарғы» дүниеге келгеннен кейін  100 жылдан  соң халық ауыз 
эдебиеті  негізінде  жариялады.  Сондықтан,  бұл  заңдар  жинағының 
толык нұсқасының бізге жетпегені белгілі.
«Жеті  жарғы»  заңдар  жинағы  мемлекеттің  ішкі  жағдайын 
күшейтуге  бағытталды.  Осы  заң  негізінде  қазақтың  тайпа,  ру  ба- 
сыларын  жылына  бір  рет  жиналуға  міндеттеді.  Бұл  жиындарда 
мемлекеттің  сыртқы  жэне  ішкі  жағдайына  байланысты  мэселелер 
дауыс  беру  негізінде  шешілді.  Жиынға  қару  асынып  келген 
азаматтардың  ғана  дауыс  беру  құқықтары  болды.  Сонымен  бірге 
қару  ұстап  келген  азамат  жылына  өз  байлығының  жиырмадан  бір 
бөлігін  салық  ретінде  мемлекетке  беруге  міндеттелді.  Жиынға 
қатысушы  эр  рудың  ез  таңбасы  болды.  Бұл  таңбалар  құрылтайда 
мемлекеттік рэміз дэрежесінде бекітілді.
Қазактың  негізгі  байлығы  мал  болғаны  белгілі.  Сондықтан 
«Жеті жарғы» заңдарына сай эр меншік иесі ез малдарына ен салуға
99

міндеттелді.  Сонымен қатар,  эр рудың жайылым  жер  меншігі  қатаң 
белгіленді.
«Жеті  жарғыда»  қылмысты  іс-құқық  нормаларына  үлкен  орын 
белінген. 
Қылмыс  ретіне:  кісі  өлтіру,  мертіктіру,  эйелді  зорлау, 
соққыға  жығу,  қорлау,  ұрлық  істеу  жэне  тағы  басқалары  жатқан. 
Кінэлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай эртүрлі жазаға кесілген. Бүл 
жинақта  «қанға  қан»  заңы  сақталды.  Бірақ  билер  сотының  екі  жақ 
келісуі  бойынша  жазаны  құн  телеумен  алмастыруға  мүмкіншілігі 
болған.  Құн  төлеу  төрт  жағдайда  рэсімденген.  Олар:  егер  эйелі 
күйеуін өлтірсе жэне күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда, 
егер  эйел  некесіз  туған  баласын  елтірген  жағдайда,  жұбайлар 
арасындағы  «кезге  шеп  салуш ылық»  дэлелденген  жағдайда  жэне 
«құдайға  тіл  тигізгені  анықталған  жағдайда».  Өлім  жазасының  екі 
түрі болған:  дарға асу жэне тас лақтыру эрекеттерін қолдану.
Жазалаудың  ең  көп  таралған  түрі  —   қүн  төлеу  болған. 
Қылмыскердің  жэне  елген  адамның  элеуметтік  жағдайына  байла- 
нысты  құн  мөлшері  езгеріп  отырған.  Мысалы,  елген  ер  адамның 
қүны  1000  қой  болса,  эйел адамның  қүны  500  қой  болған.  Ал елген 
адамның  элеуметтік  жағдайы  ақсүйек  болса  қүн  мелшері  жеті 
есе  ескен,  яғни  сүлтан  немесе  қожа  түқымынан  елтірілгендерге 
жеті  адамның  қүнын  төлеген.  «Сүлтан»  немесе  «қожаға»  тіл 
тигізгені  үшін  9  мал,  қол  жүмсағаны  үшін  27  мал  теленетін  бол- 
ды.  Қүлдың  қүны  бүркіттің  немесе  тазы  иттің  қүнымен  теңескен. 
Дене  мүшелеріне  зақым  келтірген  қылмыскер  де  белгілі  мөлшерде 
қүн телеген. Атап айтқанда, бас бармақ —   100 қой,  шынашақ 20 қой 
болған.  Ұрлық  жасалған  кезде  үрланған  заттың  қүны  иесіне  «үш 
тоғыз» етіп  қайтарылған.  Мысалы, үрланған  100 түйе  300 жылқыға 
немесе  1000  қойға теңелген.  Бүл  баптардан  біз  «Жеті  жарғыға»  сай 
қылмыс істеген эр элеуметтік таптың қүқықтары заңдастырылғанын 
кереміз.
«Жеті жарғы» бойынша елім  жазасы мен қүн телеуден  басқа жа- 
залар  да  қолданылған.  Мысалы,  экесіне  қол  жүмсаған  үл  баланы 
қара  сиырға  теріс  отырғызып  масқаралаған.  Ата-анасына  дауысын 
кетерген  қыз  баланың  жазасын  шешесі  шешкен.  Күйеуін  елтірген 
екіқабат  эйел  елден  қуылса,  христиан  дінін  қабылдаған  адамның 
мал-мүлкі  тэркіленген.  Қүдайға  тіл  тигізгендігі  жеті  адамның 
куэлігі  арқылы  анықталған адам таспен атып өлтірілген.
Мал  мен  мүлікті  үрлау  да  ауыр  қылмыс  болып  табылды.  Егер 
үрыны  үрлық  үстінде  елтірсе,  онда  қүн  теленбейтін  болған.  ¥стап 
алғанүры ны  дүре соғы пж азалауға,сотсы з-ақрүқсатетілген.С ейтіп,
100

ұры  катаң  кылмыс  жазасына  тартылды,  ұрлап  алғанын  каитаруға 
жэне  «тоғыз»  айыбын  тартуға  міндетті  болды,  яғни  ұрланған  бір 
мал үшін тоғыз мал беруге тиіс еді.
Соттау құкығы тек ханның,  билер мен  рубасыларының  колында 
болған.  Қылмысты  істі  шешкені  үшін  билерге  ақы  төленген.  Атап 
айтканда, өтелетін есенің оннан бір бөлігі тиесілі болған. Сұлтандар 
кылмысты  болған  жағдайда,  олардың  істерін  тек  хан  қарап, 
жазалаған.  Қылмыстық іске  13  жастан  бастап тартылған.  Есі  дұрыс 
емес адамдар жауапқа тартылмаған.
«Жеті  жарғы»  қабылданғаннан  кейін  ішкі  қырқыстар  азайып, 
коғамда  біршама  тыныштық  орнады.  Тэуке  хан  мемлекеттің  ішкі 
жағдайын  нығайту  барысында  басқа  да  шараларды  жүзеге  асыр- 
ды.  Атап  айтқанда,  кіші  жүздің  аз  жеті  руын  бір  тайпаға,  орта 
жүздің уақтары  мен  керейлерін бір уақ-керей  бірлестігіне біріктірді. 
Сейтсе  де,  көшпелі  қоғам  салты  мен  оның  геосаяси  жағдайы  мем- 
лекет  бірлігіне  қайшы  келді.  Тәуке  ханның  билік  құрған  соңғы 
жылдарының  өзінде  басқа  хандар  мен  сүлтандардың  оқшаулануға 
үмтылысы байқалды.
Тэуке  ханның  сыртқы  саясаты  көрші  елдермен  тату  кершілік 
байланыс  орнатуға,  олармен  экономикалық,  сауда-саттық  қарым- 
қатынас  жасауға  тырысқан  бейбіт  дипломатиялық  саясат  бол- 
ды.  Тэуке  хан  1687  жылы  Бүхар  ханы  Субханқүлымен  Ташкент 
женінде келіссөз жүргізіп, оны  қазақтар иелігінде  қалдырды.  Бүхар 
хандығымен  сауданы  дамытуға  күш  салды.  Нэтижесінде  Қазақ 
мемлекеті мен Бүхар хандығы арасында бейбіт қарым-қатынас орнап, 
Бүхар  саудагерлері  казақ  жеріне  кіріп  сауда  жасауға  мүмкіншілік 
алған.  Қазақ жерінде  Бүхар  кепестерін  тонауға  қарсы  Тэуке  хан  ар- 
найы  жарлық шығарып,  ендігі  жерде тонаушылар  қатаң жазаланып 
отыратын  болған.  Бүхар  басшыларының  тарапынан  жоңғарларға 
қарсы соғыста қазақтарға кемек көрсетілмеді.  Бүл  мемлекетпен бай- 
ланыс тек сауда катынастарының жандануымен  шектелді.
Орыс деректерінде Тэукені тек казақтардыңғана емес, қарақалпақ- 
тардында  ханы депжазады. Оларжыл сайын қазактарғасалықтелеп, 
өз  одақтастарымен  бірігіп  соғыс  қимылдарына  қатысып  отырған. 
Бүл  туралы  орыс  деректерінде  былай  делінген;  «Арыстың  оң 
жағасындағы  қүмды жол  аркылы  Ақсу тастарына дейін  жарты  күн, 
осы тастар аркылы каракалпақтарға жол түседі...  Түркістаинан Сыр 
өзенінің теменгі  ағысы арқылы үш күндік жолда Үзкент қаласы, сол 
калаға  1683 жылы Тэуке хан  қарақалпақтардан салық жинауга түсті. 
Олар егін  егіп,  қазактармен  қатынаста  емір сүреді.  Үзкенттен темен
101

Сырдың екі жағалауында да қарақалпақтар көшіп жүреді.  Қалалары 
көп  емес.  Әскери  істері  қазақтармен  ортақ.  Олардың  билеушілері 
Табұршық сұлтан». Қарақалпақтар  Тэуке ханға бағынышты болған, 
оларды  ол Сасық би арқылы басқарған.
Тэуке  ханға  қырғыздардың  басым  белігі  де  бағынышты  болды. 
Қырғыздар да  қазақтардың жоңғарларға қарсы эскери қимылдарына 
белсене қатысып  отырған.  Ш.Уэлиханов  өзінің «Қырғыздар туралы 
жазбалар»  деген  еңбегінде:  «Ал  енді  Есімнің  немересі,  Жэңгірдің 
баласы  Тэуке  қырғыздардың  биі  ретінде  басқарып  отырған 
(қырғыздардың  Тиес  деген  биі  соған  бағынған).  Бүкіл  рудың 
билеушілері  есебінде  Тэуке  мен  Тиестің  аты  Тэуке-Тиес  деп  бірге 
аталыпты».  Шоқанның  бүл  еңбегінде  қырғыз  елінің  Тэуке  ханға 
бағынышты  болғаны сипатталады.
Тэуке хан  билік қүрған жылдары  Ресеймен  қарым-қатынас  жан- 
данды.  Осы  жылдары  шекара  аудандарындағы  орыс  бекіністері 
мен  қазақ  ауылдары  арасындағы  қақтығыс  шиеленіседі.  Осындай 
келеңсіз  эрекеттерді  бейбіт  жолмен  шешу  үшін  Тэуке  хан 
1687 
жылы  Тобыл  қаласына Тэшім  батыр  бастаған  елшілік жібереді.  Бұл 
елшілік сауда қатынастарын жандандыруды да мақсат етеді. Сөйтіп, 
Тэуке  хан Ресеймен  дипломатиялық жэне сауда  байланыстарын  ор- 
натты.  1686— 1693  жж.  аралығында  Тэуке  хан  Ресейге  бес  елшілік 
жібереді.  1694  жылы  хан  ордасында  орыс  елшілері  Скибин  мен 
Трошинді  қабылдаған.  Сөйтсе  де,  орыс-қазақ  қарым-қатынастары 
17- ғасырдың соңы мен  18- ғасырдың басында барынша шиеленіседі. 
Өйткені осы жылдары Ресей мен Жоңғар мемлекеттері жақындасады. 
Қазак  мемлекетінің  күшейгенін  байқаған  орыстар  жоңғарлармен 
жақындасып, оларды  қазақтарға қарсы  қою саясатын жүргізеді.
Тэуке хан билік құрған жылдары қазак мемлекеті мен жоңғарлар 
арасындағы  қарым-қатынас  тұрақсыз  болды.  Тек  1653— 1670  жыл- 
дар  аралығында 
жоңғарлардың  қазақ  жеріне  шапқыншылығы 
біршама тыйылды.  Өйткені  1653  жылы Жонғар хандығының негізін 
салған  Батыр қонтайшы қайтыс болғаннан кейін,  оның мұрагерлері 
таққа  таласумен  болды.  1670  жылы  билікке  келген  Ғалдан-Бошок- 
ту  қонтайшының тұсында оңтүстік  Қазақстанға  шапқыншылықтар 
жиіледі.  Ол  1681  жылы  Шудан  өтіп,  Сайрам  қаласын  басып  алуға 
эрекет  жасады.  1684  жылғы  жоңғарлардың  Сайрамға  шабуылы 
нэтижелі  болды.  Жоңғар  хандығының  аумағына  қытайлар  тарапы- 
нан  ш апқынш ылық  басталғандықтан  олар  Сайрамнан  бас  тартты. 
Қайтарында жоңғарлар қаланы тонап, қала халқының басым бөлігін
тұткынға аидап  әкетті. 
102

1697— 1727  жылдар  аралығында  жонғарлар  мемлекетін  басқар- 
ған ІДеван-Рабтан тұсында қазак-жоңғар қарым-қатынастары барын- 
ша  шиеленісті.  Осыған  байланысты  1710  жылы  Қарақұмда  Тэуке 
ханнын  бастамасымен  қазақ жүздерінің  біріккен  жиналысы  болды. 
Жиналыс  нэтижесінде  қазақтар  жоңғарларға  қарсылық  көрсетуге 
шешім  қабылданды.  1713— 1714,  1717  жылдардағы  жоңғарлардың
шапқыншылыктары  қазақтар  үшін  ауыр  болды.  Осы  қиын  жыл- 
дары  Тэуке  ханның 
қолбасшылық,  реформаторлық,  батырлық 
қасиеттері  айкын  көрінді.  Тэуке  хан  Шыңғыс  хан  құрған  эскери 
басқару  жүйесін  қайта  жаңғыртты.  Әскерді  қатаң  басқаруға  үлкен 
мэн  берілді.  Әсқерде  басшылык  ету онбасы,  жүзбасы,  мыңбасы  бо- 
лып  тағайындалды.  Мыңбасыны  Тэуке  ханнын ұсынысымен  Билер 
кеңесі аса ерлік көрсеткен  батырлардан тағайындады. Бас қолбасшы 
Тэуке  ханнын  езі  болды.  Әскер  саны  соғыс  жылдарында  80  мыңға 
жеткенімен,  бейбіт  кезеңде  хан  ордасында  тұрақты  сарбаздардың 
саны  1000-нан  аспады.  Бұл  сарбаздар  ханның  қауіпсіздіғін  кор- 
ғады.
Соғыс жылдары эскерді  қару-жарақпен,  көлікпен  эр ру басылары 
қамтамасыз  етіп  отырған.  Бұл  мэселе  де  Тэуке  қабылдаған  тэртіп 
негізінде  жүзеге  асырылған.  Жауынгерлердің  алдын  ала  соғыс
енерінш  түр-түрінен  даиындықтан  етуі  хан  жарлығы  непзшде 
міндетті  болған.  Бұл  эскерлердің  соғысу  қабілетін  күшейткен.  Со- 
нымен  бірге  хан  жарлығымен  шекара  аудандарында  эр  5—7  шақы- 
рым аралықта  эскери  мұнаралар тұрғызылды. Жоңғарлар шабуылы 
басталған  сэтте  мұнаралардағы  тұрақты  жауынгерлер  от  жағып, 
келесі мұнараға жау шабуылы басталғаны туралы  хабар беріп отыр- 
ды. Бұл стратегиялықтактика негізінде жау шабуылын  100 шақырым 
жерден  көріп, ұтымды  карсылык алдын  ала ұйымдастырылды.
Қорыта  келгенде,  Тәуке  хан  езі  билік  еткен  жылдары  ішкі  жэне 
сырткы  саясатты  сэтті  жүргізді.  Ол  XVII  ғ,  аяғы  мен  XVIII  ғ.  ба- 
сында  Қазак  хандығындағы  саяси  жағдайды  реттей  алды.  Бұл  кез- 
де  Қазак  хандығы  біртұтас  мемлекет  болды.  Қазак  хандығында 
тэртіп  сақтау  және  мемлекеттік  кұрылыстың  негізгі  принциптерш 
анықтаған  «Жеті  жарғы»  заңдар  жинағы  Тэуке  тұсында  жасалды. 
Тэуке  хан  дипломат-мэмілегер,  айлакер  қолбасшы,  эдеттік  құқық 
жүйесінің  реформаторы  жэне  қазак  ұлтының  бірлігі  мен  жерінің 
тұтастығын  сақтауга  жан  аямай  күш  салған  ірі  мемлекеттік  тұлға 
ретінде  танылды.  Тэуке  ханның  күшті  мемлскет  кұрғаны  туралы 
А.Левшин,  Е.Бекмаханов  т.б.  корнекті  тарихшылар  жазды.  XVII 
ғасырдың  соңы  мен  XVIII  ғасырдың  басында  казак  коғамында
10.^

интеграциялық  сана  күшейіп,  хан  билігі  нығайды.  Үш  жүздің 
қүрамына  112  ру  кіріп,  қазақ  халқының  саны  2— 3  миллион  адамға 
жетті.
3. Жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  қазақ 
халқының  қүресі
XVIII  ғасырдың  басында  Қазақ  хандығының  сыртқы  саяси 
жағдайы  шиеленісті.  Тәуке  хан  өзара  тартыстарды  уақытша  тый- 
ып,  тыныштықты  қалпына  келтірген  еді.  Алайда  сұлтандардың 
өз  алдына  оқшауланып,  билік  үшін  күресуі  кеп  ұзамай  бірлікті 
бұзды.  Қазақ  қоғамының  ез  ішінде  дағдарысты  құбылыстар  етек 
алды:  көшпелі  үжымдар  арасында  ынтымақ  болмады,  алауыздық 
етек  алып,  рулық тартыс,  билік  үшін  ішкі  саяси  күрес  күшейді.  Ал 
бұл  жағдайды  көршілер  дсреу  пайдаланды.  Жан-жақтан:  солтүстік 
пен  батыстан  —   Ресей  мемлекетінің,  шығыстан  —   жоңғарлардың, 
оңтүстіктен  —   Орта  Азия  хандықтарының  саяси  қысым  жасауы 
айқын  аңғарылды.  Қазақ  халқы  үшін  ең  басты  қауіп  —   Жоңғар 
хандығы  тарапынан  тенді.  XVIII  ғасырдың  басында  жоңғарлардың 
негізгі  тайпалары:  торғауыттар  мен  дербеттер  Тарбағатай,  Монғол 
Алтайы, Ертістің жоғарғы ағысын, хойттар Қара Ертіс салалары мен 
Қобда  езенінің  алқабында,  ал  Іле  езенінің  орта жэне  жоғарғы  сала- 
лары  бойында  чоростар,  Жоңғар  Алатауының  беткейлерінде  хошо- 
уттар мекендеді. Жоңғар экономикасының негізі мал шаруашылығы 
болды.  Мал  басының  есуімен,  жер  келемін  кеңейту  мақсатында 
жоңғарлар Қазақ хандығы аумағына ш апқынш ылықты жиілетті. Со- 
нымен  бірге  жоңғарлар  Қазақстанның  оңтүстігіндегі  сауда-қоленер 
орталықтары шоғырланған қалаларды басып алуды кездеді.
1718 
жылдың кектемінде А ягез езенінің бойында қазақ жасақтары 
мен  жоңғар  эскерлерінің  арасында  болған  үш  күндік  қантегіс 
ұрыста қазақтар жеңіліп қалды. Оған себеп; Әбілқайыр және Қайып 
сұлтандар  ездерінің  соғыс  қимылдарын  келісіп  жүргізбеді.  Осы 
жылы жоңғар эскерлері Түркістан маңында Беген, Шаян жэне Арыс 
езендерінің бойында қазақтарды тағы да қырғынға ұшыратқан.
1715— 1722  жж.  жоңғарлардың  негізгі  эскери  күші  Цин  импе- 
риясы  эскерлеріне  қарсы  соғысып  жатты.  1722  ж.  Цин  императо- 
ры  Кансидің  елімінен  соң  Цеван  Рабдан  енді  басты  күшті  Қазақ 
хандығына  қарсы  бағыштады.  1723  жылы  қазақ-жоңғар  қарым- 
қатынасы  шиеленісті.  Қытай  мемлекетімен  бейбіт  келісім-шартқа
104

отырғаннан  кейін  жоңғарлар  Қазақ  хандығына  қарсы  соғыс  ашуды
Қазақ  хандықтарының  саяси  бытыраңқылығын  пайдаланып, 
1723  жылы  қөқтемде  жоңғарлар  70  мың  эскермен  жеті  бағыттан 
казақ  жеріне  тұтқиылдан  басып  кірді.  Цеван-Рабданның  ұлы 
Қалдан  Церен  Балқашқа  одан  эрі  қарай  Қаратау  өңіріне,  Құлан  ба- 
тур  Алтайға  және  Көктал  өзенінің  еңіріне,  Амурсана  эскері  Нұра 
өзені  бағытында,  Қалдан  Цереннің  Цеван-Доржы  атты  ұлы  Шелек 
өзенінің  аңғарымен, екінші ұлы Лама-Доржы  Ыстықкөл  бағытында 
козғалды.  Дода-Доржым  нойон  Шу  өзеніне  бағыт  алса,  Цеван- 
Рабданның өзі  Іле өзені арқылы Жетісуды басып алуды көздеді.  Бас 
қолбасшылықты  Цеван-Рабданның  бауыры  Шона-Даба  атқарды. 
Алғашқы соққыны Жетісу мен Ертіс еңірінің қазақтары қабылдады. 
Жоңғарлардың  шапқыншылығын  күтпеген,  дайындалмаған  халық 
эуел баста оларға еш қарсылык керсете алмады. Жоңғарлар халықты 
жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, 
мал-мүліктерін тастап  босып  кетуге  мэжбүр болды.
Қаратау  мен  Арыс  өңіріндегі  қазақтардың  көп  белігі  жаудың 
колынан  қаза  тапты.  Алтай  еңірі  толығымен  жоңғарлардың 
колына  кешті.  Қазақ  рулары  мекендерін  тастап,  Сырдарияның 
арғы  бетіне  қарай  қашты.  Сырдариядан  еткен  ¥лы   жэне  Орта  жүз 
қазақтарының  басым  белігі  Ходжентке,  Орта  жүз  қазақтарының 
біраз  бөлігі  Самарқанға,  ал  Кіші  жүз  қазақтары  Хиуа  мен  Бұхара 
аумағына  етті.  Ал  жоңғарлар  қазақ  ауылдарын,  қалаларын  басып 
алды,  халқын  қырып,  тұтқынға  айдады.  Әсіресе,  Шона-Дабаның 
бағытындағы  халық  ауыр  зардап  шекті.  Оның  эскері  5000  қазак 
жанұясын  тұтқындап,  1000  жанұяны  тұтқынға  айдады.  Жоңғарлар 
Қазак хандығы  аумағының басым  белігін  жаулап  алды.  Ендігі  жер- 
де  қазақ  жері  мен  жоңғарлар  ұлысының  шекарасы  Үлытау,  Балқаш 
келі мен Шу, Талас өзендерінің арасымен етті.  Қазақтарихында бұл 
кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады.  Қашып, 
босқан  қазақтардың  паналаған  жері  Сырдарияның  сыртындағы 
Алқакел  келі  болды.  Бұл  окиға  казақтың  кіші  жүзі  арасында  «Са- 
уран  айналған»  деген  атпен  эйгілі  болған.  Жоңғарлардан  қашқан 
Кіші  жүз  қазақтары  соңынан  түскен  жауды  көз  жаздыру  үшін  Са- 
уран  каласын  айнала  кешкендіктен,  бұл  оқиға  «Сауран  айналған» 
деп  аталған  екен.  Осы  заманнан  бізге  дсйін  жеткен  «Елім-ай»  эні 
халык бұкарасының сол  жылдардағы  мұң-зарын  бейнелейді.
Бұл  жылдардын  езінде  жау  халықтың  рухын  сындыра  алмады. 
Кеп  жерлерде  халық  жауға  батыл  қарсылық  корсетті.  Таиікеиттің
105

300  мың  тұрғындары  каланы  үш  ай  бойы  ұстап  тұрды.  Халык 
жоңғарларға  карсы  күресте  ерен  ерліктің  үлгісін  керсетті.  Сайрам, 
Түркістан калаларының түрғындары да жауға табанды карсы түрды.
Осындай  карсылықгарды
Қабанбай,
Саңырық,  Тайлак,  Жэнібек,  Малайсары  және  т.б.  халық  батырла- 
ры  болды.  Түркістан  корғанысына  Қабанбай  мен  Айшыбек  батыр 
катысты.  Қоршауда  калған  Сайрам  каласын  басып  ала  алмаған 
жоңғарлар  Сайрамсу  мен  Тубалак  өзендерінің  ағысын  өзгертуге 
шешім  кабылдайды.  Бүл  езендер  каланы  сумен  камтамасыз 
еткендіктен  кала  түрғындары  сусыз  калады.  Осыдан  кейін  ғана 
эбден  элсіреген  халық  каланы  жауға  беруге  мэжбүр  болады.  Тек 
калаларда емес, тау, дала өңірлерінде де жау халықтың үйымдаскан 
карсылығына  тап  болды.  Қожаберген  жыраудың  айтуы  бойынша 
казактар шегінуі барысында да үлкен карсылык көрсеткен.
Осы жылдары Қазак хандығының батысындағы калмактардың да 
казак жеріне  шабуылы  жиіледі.  Әбілкайыр  ханның  басшылығымен 
казак  жасақтары  бүл  бағытта  да  жауға 
үйымдасқан  тойтарыс 
берді.  Осынау  қиын-қыстау  кезде  халык  сүлтандар  мен  ру  басы- 
ларына  үміт  артпай,  ез  тарапынан  да  қарсылық  үйымдастыра  ба- 
стады.  Қазақ  жасақтарының  басында  халық  батырлары  түрды. 
Халық  рухын  көтеруде  Теле,  Қазыбек,  Әйтеке  билердің  релі  зор 
болды.  Жауға  карсы  жаппай  қарсылық  керсету  1724  жылдан  ба- 
сталды.  Бүл  жылы  негізгі  эскери  қақтығыстар  Орталық  жэне  Ба- 
тыс  Қазақстан  аумағында  болды.  Бүл  қақтығыстарда  Әбілқайыр 
хан  бастаған  казак қолдары табысты  қимылдады. Әбілқайыр ханды 
казақтардың  басым  белігі,  қарақалпақтар  мойындады.  Бүл  жылда- 
ры  Әбілқайыр  хан  соғыс  даласында  асқан  батырлық  танытты.  1725 
жылы  Әбілқайырдың  қол  астындағы  сарбаздардың  саны  50000-ға 
жетіп,  қазактар  жаудың  басып  алған  жерлерін  азат  етуді  бастады. 
Осы жылы басқыншыларға қарсы алғаш рет үлкен тойтарыс берілді. 
Отырар,  Шымкент,  Түркістан,  Сайрам  теңірегін  жаудан  азат  етуде 
қазақ сарбаздары  асқан ерлік  керсетті.  Қаратау тауларының Теректі 
алқабындағы  Садырбүлақ  өзенінің  теңірегіндегі  қалмактардың 
қолын  Үлкентүр тауына  қуып  тығып, жойып  жіберді.
Мэшүр Жүсіп  Көпейдің жазбаларында  1725 жылы  Бүхара жактан 
кайтып  келе  жатқан  Орта  жүз  казақтары  Ш ақшақүлы  Жэнібектің 
колбасшылығымен 
Шүбаркүл  келінің  маңында  жоңғарларды 
талқандады  делінеді.  Шэкэрім  Қүдайбердіүлы  да  бүны  растайды. 
Осы  жеңістен  кейін  Актасты  езені  маңында  кездескен  казақ  сар- 
баздары  жаудың тас-талқанын  шығарды.  Бүл  шайқаста  Әбілқайыр
106

ханның,  батырлар  тама  Есет,  тама  Жантай,  Қаракерей  Қабанбай, 
Қанжығалы  Бөгенбай  колдары  бірлесіп  жауға  соққы  берді.  Шайкас 
болған  жер  «Қалмақ  кырылған»  деген  атқа  ие  болды.  Одан  кейін 
казақтар  Сырдарияның  төменгі  ағысы  ғана  емес,  Мұғалжар 
тауларынын бір бөлігін жоңғарлардан  азат етті.
1726— 27 жылдары сұлтандар мен билер қазақ жерін жаудан азат 
етуде  казак  руларының  басын  біріктіру  саясатын  қолға  алды.  Осы 
бағытта Кіші жүз ханы Әбілкайыр белсенділік танытты.  1726 жылы 
Қаратаудың  оңтүстік  беткейіндегі  Ордабасы  деген  жерде  үш  жүз 
өкілдерінің біріккен жиналысы болды. Бұл жиынға үш жүздің ханда- 
ры —  Әбілқайыр, Әбілмэмбет, Сэмеке, Күшік, Жолбарыс сүлтандар, 
Теле, Қазыбек, Әйтеке бастаған билер, батырлар  қатысты. Жиналыс 
барысында  үш  жүздің  басын  біріктіріп,  жауды  Қазақ  жерінен  қуу 
мэселесі  талкыланды.  Жиналысқа  келгендер  жауға  қарсы  біріккен 
майдан  кұру  керек  деп  шешті,  Сонымен  қатар  қаралған  маңызды 
мэселенің бірі —  бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау тура- 
лы  мэселе  болды.  Ордабасьша  Әбілкайыр  хан  бас  қолбасшы  болып 
сайланды.  Қазак  қолының  сардарбегі  болып  атақты  батырлардың 
ішінен Қанжығалы  Бегенбай сайланды. Жиналыста  елімізді жоңғар 
баскыншыларынан  азат  ету  жолында  қазак  халқы  бас  біріктіріп, 
бар  күшті  жоңғарларға  карсы  жұмылдыруға  шешім  қабылдады. 
А.И.Левшиннің айтуынша дұшпанға карсы  бірігу басталды.
1727  жылдың  жаз  айларында  үш  жүздің  біріккен  қолы  әскери 
дайындықтан  өтіп,  қару-жаракты  жетілдірумен,  дайындаумен 
айналысты.  Әбілкайыр  Бұхарадан  ат,  қару-жарақ  сатып  алып, 
эскерді  соғыс  өнеріне  жан-жақты  дайындайтын  батырларды  өзі 
тағайындаған.  Сонымен бірге эскери барлау ісіне үлкен  мэн берілді. 
Күзде  Сарыарқа  даласындағы  Бұланты  езенінің  маңында  жауға  үл- 
кен соккы берілді. Шайкас болған жазық Қарасиыр деп аталады. Осы 
маңдағы  соңғы  шайқас  Жаксы  Қон  өзенінің  жоғарғы  ағысындағы 
Қарамолда  деген  жерде  болды.  Бұл  шайкаста  да  жоңғарлар  жеңіліс 
тапты.  Кейіннен  шайкас  болған  аймақ  «Қалмак  кырылған»  деп 
аталды.  Бұл  жеңіс  қазактардың  рухын  көтеріп.  болашақ  күреске 
жігерлендірді.  Ол  қазақ жасактарының өз  күштеріне сенуінс,  халық 
санасында  бетбұрыс  жасауға  мүмкіндік берді.  Әбілкайыр хан  жоне 
Бөгенбай  батырдыі{  басшылығымсн  Қаракерей  Қабаибаіі,  опіақты 
Саңырык,  тама  Тайлақ,  ІІІакшақ  Жэнібек,  тама  Есст,  Малаіісары, 
тарақты  Байғазы  колдары  аскан  ерлік  көрсетті.  Осы  іпайқастағы 
қазактардың 
ерлігі 
туралы 
мәліметтер 
М Ты ііы ітіаевты ң, 
А.И.Левшиннің,  А.Диваевтың  сңбектсріидс  айтылады.  Үмбетаіі. 
Ақтамберді,  Тэттікара,  Бұкар,  Котсіп,  таіы  басқа  жыраулардың
107

батыр»,  «Бөгенбай  батыр»,  «Ш акшак  Жэнібек  батыр»,  «Қойгелді 
батыр»,  «Өтеген  батыр»  тағы  басқа.  Олардың  аты  ұранға  айналып, 
ел ардактайтын аруақты  жандар дэрежесіне  көтерілді.  Бүгінгі таңда 
олардың  атымен  аталатын  Қазакстанның  эр  қаласында  көшелер, 
мекемелер  бар.  1723— 30  жылдардағы  ¥ л ы   Отан  соғысы  каһар- 
мандарының ерлігі жас ұрпаққа үлгі болып  қалмақ.
Жоңғарлардың  ш апқынш ылық  жылдары  қазак  жүздерінін 
экономикалык және  саяси  өміріне ұзақ уақытқа терең  із  қалдырып, 
қазақ  тарихына  алапат  ауыр  жылдар  болып  енді.  Қазақтар  мал- 
мүлкі  мен  адамдарынан  ғана  емес,  сонымен  қоса  Жетісудағы 
шұрайлы  жайылымдарынан  да  уақытша  айырылып  қалды.  Кешіп- 
қонудың ғасырлар  бойы  қалыптасқан жолдары  бүзылды.  Сырдария 
мен  Жетісудағы  егіншілік  мәдениетінің  ошақтарына  үлкен  нүқсан 
келтірілді.  Жоңғарлардың  Қазақстанның  оңтүстігіндегі  қалаларды 
басып  алуының қазақ қоғамының экономикалық жэне мәдени  емірі 
үшін  елеулі  зардаптары  болды.  Қазақ  рулары  сауда  жэне  қоленер 
орталықтарынан  ажырап  қалды.  Қазақ  жүздерінің  арасындағы 
шаруашылық-саяси  байланыстар  элсіреді.
Жоңғар  шапкыншылығы  қазақ  қоғамының  элеуметтік  каты- 
настарына  да  теріс  эсерін  тигізді.  Елдің  құлдырауы  мен  күйзелуі 
салдарынан  кедейлер,  қоңсылар,  жатақтар  жэне  т.б.  көбейді.  Өз 
бетімен шаруашылық жүргізу мүмкіндігінен  айырылған  олар малы 
көп  байлардың  бақташылары,  үйдегі  малайлары  ретінде  жұмыс
істеуге  мэжбүр  болды.
Қазактардың  1730  жылғы  Аңырақай  жеңісіне  қарамастан  Жоң- 
ғар  хандығының жаңа  шабуылының тікелей  қаупі  сақталып  қалды. 
Қазак хандықтары жөнінде барынша агрессияшыл саясат жүргізген 
Қалдан  Цереннің  (1727— 1745  жж.)  билік  басына  келуі  мұндай 
шабуылдың қаупін  күшейтті.
Қазак  хандықтарының  Орта  Азия  хандықтарымен  де  қаты- 
настары  шиеленіскен  күйінде  қала  берді.  Еділ  қалмақтары  жэне 
башкұрттармен  қарым-катынастар  да  күрделі  еді.  Осындай  жағ- 
дайда  қазақ  билеушілері  алдында  маңызды  да  күрделі  міндет
—   қазақ  жүздерін  сыртқы  жаудан  қауіпсіздендіру  жэне  елдің 
феодалдык бытыраңқылығының күшейе түскен үрдісін жою міндеті 
тұрды.  Олардың  бұған  өз  күштерімен  жете  алмайтындығына  көз- 
дері  жете  түсті.  Солтүстіктегі  куатты  көрші —   Орыс  мемлекетімен 
одақтасу  қажеттігі  туралы  пиғыл  туындады.  Осылайша  қазак 
билеушілерінде  орыс-қазақ  саяси  жэне  экономикалық  байланыста- 
рын  нығайтып,  Ресейдің  қарауына  кірудің  жолдарын  іздеуге  деген 
ұйғарым  қалыптасты.
110

7-таңырып 
ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫ 
ЖАУЛАП АЛУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
Кіші  жэне  Орта  жүз  билеуші топтарының  Ресей 
бодандыгын  цабылдауы және оның салдары
Абылай ханның қазақ хандыгын ныгайту жолындагы цызметі 
Кіші ж үз қазақтарының патша үкіметінің отарлау 
шараларына қарсы  күресі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет