Микркезз алматы


 Қазақстан  жаңа экономикалық саясат жылдарында



Pdf көрінісі
бет22/24
Дата02.01.2017
өлшемі22,67 Mb.
#1002
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

1. Қазақстан  жаңа экономикалық саясат жылдарында
1918— 1920  жылдардағы  азамат  соғысы  Қазақстан  өлкесінің 
экономикалық  жағдайын  көптеген  жылдарға  кері  шеғерді.  Өн- 
діріс  орындары  жұмыс  істемеді.  1913  жылмен  салыстырғанда 
Қазақстанда  мұнай  өндіру  4  есеге,  көмір  өндіру  5  есеге  кеміді,  ал 
мыс рудасын ендіру мүлде тоқтады. Халык шаруашылығының жал- 
пы өнім өндіруіндегі өнеркэсіптін үлесі  1920 жылы бар болғаны  6,3 
процент болды.
Ауыл  шаруашылығы  да  өте  күшті  дағдарысқа  ұшырады.  Орал 
губерниясында  егістік  жерлер  2  есеге,  ал  Жетісу  аймағында  3  есе- 
ге  кеміді.  Ең  бірінші  кезекте  ұлттық  байлықтың  негізгі  көзі  болып 
саналатын  мал  шаруашылығы  қүлдырады.  Соғыс  жылдарында мал 
саны  10,8  млн.  басқа  кеміді,  оның  2  млн-ы  жылқы,  6,5  млн-ы  үсақ 
мал болды.
Сонымен  катар  1921  жылы  ҚазАКСР-ң  жеті  губерниясының 
бесеуі  қүрғакшылыққа  душар  болды.  Осыған  байланысты  1921 
ж.  бүл  аймақтарда  астықтың  жалпы  түсімі  5  млн.  пүт  деңгейінде 
ғана  болды.  Ал  жергілікті  халықтың  бір  жылғы  астық  пен  астық 
түқымдығына  мүқтаждығы  22  млн.  пүт  келемін  қамтиды,  яғни 
залал  17  млн.  пүтты  қүрады.  Ауа  райының  қолайсыздығы  мал 
шаруашылығын  бүдан  да  қиын  жағдайға  душар  етті.  1920— 1921 
жылдар  аралығындағы  жүттан  кейінгі  мал  басы  1917  жылмен
салыстырғанда  75% кеміді.
Азамат 
соғысының 
аяқталуына 
жэне 
елдің 
элеуметтік- 
экономикалық  жағдайының  ауыр  күйзелісіне  қарамастан,  Кеңес
229

үкіметі  күштеуге  негізделген  азык-түлік  саясатын  одан  эрі 
жалғастырды. Орталық ұкіметтің  1920 жылы 20 шілдедегі “Сібірдегі 
артык астықты алу туралы” декретінің күші Қазақстанның солтүстік 
аудандары  мен  Семей  губерниясына  да  тарады.  Осы  декретке  сай
1921  жылдың  тамыз  айына дейін  бүкіл  елдегі  шаруаларға  119  млн.
пүт(РКФСРкөлемінде423млн.пұт)төтеншесалғырттөлеужүктелсе,
соның  ішінде  35  млн.  пүт  Солтүстік  Қазақстанға  міндеттелді. 
Тапсырманың  26  млн.  пүты  Семей  облысына  міндеттелінсе,  тек 
Қостанайдың  езінен  6  млн.  пүт  астық  алынды. 
Артық  енімдер 
ғана  емес,  азыққа  қолданылып  отырған  астык  жэне  түқым  қоры 
да  тәркіленіп  отырды.  Астық  салығы  мал  шаруашылығымен  ғана 
айналысып  отырған  аудандарға  да  салынды.  Оны  төлеу  үшін  олар
малдарын сатып астық сатып  алуға  мәжбүр болды.
Кеңес  үкіметінің  солақай  саясатының  нэтижесінде  Республи- 
каны  сүрапыл  аштық  жайлады.  Бөкей  губерниясында  —   100  мың, 
Оралда —  400 мың, Семей  губерниясында —  500  мың,  Орынбор —  
445, Ақтөбеде —  360  мың адам ашықты.  Көшпелілер арасында өлім 
ересек  түрғындардың  30  проңентін  қамтыса,  ал  кейбір  аудандарда 
халықтың 75  проценті  қырылған. Әулиеата уезінде халықтың қатты 
кырылғандығы  соншалық,  бүрынғы  бірнеше  болысты  біріктіріп, 
бір  болыс  үйымдастыруға  тура  келді.  Жалпы  зерттеушілер  2  млн 
300  мыңнан  аса  адам  ашықты,  1  млн-ға  жуығы  аштық  пен  аурудан
өлді деген  мэліметтерді  келтіреді.
Мүсылман  зиялы  қауымы  арасынан  мүндай  сорақылыққа  қарсы 
шыққан Т. Рысқүлов болды.  Ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, 
қүрамына  бірнеше  комиссариаттардың  өкілдерін  кіргізіп,  арнайы 
үйым  қүруды талап етеді.  Түрікатқару  комитеті  Т.  Рысқүловтың та- 
лабын қолдап, аштыкпен күресті ездерінің қызмет жағдайына сэйкес 
республиканың  азық-түлік,  жер  шаруашылығы,  денсаулық  сақтау, 
қаржы, темір  жол  комиссариаттарына  жүктейді.  Аштықпен  күресті 
тікелей  басқаратын  ерекше  Орталық  комиссия  үйымдастырылады. 
Оның төрағасы болып Т. Рысқүлов тағайындалады. Бүл үйым алғаш 
жүмысқа  кіріскенде  көптеген  объективті  қиындықтармен  қатар, 
өзі  тектес  азық-түлік  ісіне  қатысы  бар  басқа  үйымдар  тарапынан 
жасалған  қасақана  іріткі  салу  эрекеттеріне  кездесті.  Рысқүлов  жал- 
пы  Орталық  комиссияның  қүрылуының  езін  “дені  дүрыс  қүбылыс 
емес”,  үкіметтің  қүрамында  аштықпен  күресуге  міндетті  толып 
жатқан  “экономикалық  органдар  бола  түра,  мүндай  ерекше  үйым
күруға мэжбүр  болудамыз” дейді.
Өткір  пікір  таластардан  кейін,  яғни  Т.  Рысқүловтың  аса  зор 
еңбегінің  аркасында  Түрікатқару  комитеті  мен  ХКК-і  бүл  Орталык
230

комиссия  корына  құнсызданған  болса  да  42  млн.  сом  кағаз  акша 
бөледі.  Орталык  комиссияның  облыстар  мен  уездерде,  болыстар 
мен  калаларда  жергілікті  мекемелері  мен  бөлімшелері  ашылады, 
олардың басына сауатты мамандар  отырғызылады.
Аштыкпен күрес комиссиясының жұмысына есеп берген баянда- 
масында  Т.  Рыскұлов  Түркістан  өлкесінің  байырғы  халыктарының 
сұрапыл  аштыкка  ұшырап,  қатты  қырылуына  революңиядан 
бұрынғы  патша  өкіметінің  отаршылдык  саясаты  мен  эсіресе,  рево- 
люциядан  соң  орнаған  кеңес  өкіметінің  шовинистік  саясаты  басты 
себепкер болғандығын  ашық атап  көрсетеді.
Қазақ Орталық Атқару  Комитеті  (ҚОАК)  де  аштыққа ұшыраған 
аудандарға ез тарапынан  көмек көрсету шараларын ұйымдастырды. 
ҚОАК-ті  жанынан  аштыққа ұшырағандарға кемек көрсету үшін  ко- 
миссия кұрылады.  Республикалық  комиссияны ҚОАК-нің терағасы 
Мендешев баскарды.  Қазакстандағы ауыр жағдайды ескере отырып, 
КазАКСР ОАК-і  ашыққандарға көмек беруші ОрталыкКомиссияның 
шешіміне сэйкес,  бұл аудандардың тұрғындарын астық,  картоп т.б. 
мемлекеттік салықтардан  босатты.
Қазақ  коғамын  жайлаған  аштықты  Орталықтағы  Кеңес  үкіметі 
мойындамады. Республ иканың кейбір басшылары мен орыс жұртшы- 
лығы  негізінен  өлкенің  көшпелі  тұрғындарын  қамтыған  сұрапыл 
аштықты  “кездейсоқ,  тұтқиылдан  тап  болған  зобалаң”  ретінде 
бағалады.  Өлке  халқының  мұндай  нэубетті  бұрын-соңды  басынан 
кешпегендігі  Орталык үкіметті  ойландырмады да.  Мұндай  жағдай 
Кеңес екіметінің езі жүргізіп отырған саясатқа еш күмэн келтірмей, 
оны толық дұрыс деп есептегендігінің айғағы  еді.
Республиканың  экономикасындағы  ауыр  дағдарыс,  яғни  мем- 
лекеттің  күштеу  саясатына  негізделген  азық-түлік  саясаты  1920—
1921  жылдары  шаруалардың  Кеңес  үкіметіне  қарсы  стихиялы 
қарулы  көтерілістерінің  тууына  экелді.  Кектем-жаз  айларында 
басталған  шаруалардың  наразылықтары  “Азық-түлік  салғырты 
жойылсын!”,  “Большевиктерсіз  Кеңестер  үшін!”,  “Ерікті  саудаға 
жол берілсін”,—  деген ұрандармен басталып,  қарулы  көтерілістерге 
ұласты.  Өскемен,  Павлодар,  Семей,  Петропавл,  Қостанай,  Көкше- 
тау,  Ақмола,  Атырау,  Орал,  Шымкент  уездерінде  ашық  түрдегі
кетеріліс  кеңінен  орын  алды.
1921  жылы  наурызда  Қазан  теңкерісінің  орталықтарының  бірі
болған Кронштадта  матростар кетеріліске шықты. Кронштадтықтар 
негізінен  Ресей  селоларынан  келген,  флотта  эскери  міндетін  етеп 
жүрген  шаруалар  еді.  Олар  Азамат  соғысының  аяқталуына  бай-
231

ланысты  армияны  таратуды,  шаруаларға  жер  мен  онда  өндірілген 
өнімді  пайдалануға  бостандық  беруді,  ақшаның  тұрактылығын 
камтамасыз етуді  жэне жұмысшыларға жалақы  телеуді талап  етті.
Бұл  және  Қазақстанды  да  камтыған  баска да  көтерілістер ұйым- 
дасуы  жэне  кару-жарақпен  қамтамасыз  етілуі  нашар  болғандыктан 
Қызыл  Армия  эскерлерінің  күшімен  талқандалды.  Қазақстандағы 
кетерілісшілердің  кей  бөліктері  Қытайға етіп кетті.  Елде көтеріліс- 
ке  катысқаны  үшін  мыңдаған  адамдар  тұтқындалып,  олардың 
932-сі  сотқа  тартылды.  Кеңес  үкіметі  бұл  қарсылықтардың  бэрін 
контрреволюциялық баскөтерулер” деп  бағалады.
Алайда  большевиктер  өздерінің  биліктен  айырылып  калу
қаупінің  күшейгенін,  осыған  орай  ш аруаш ылық  саясаттың  мүлде 
жаңа  принциптеріне  кешу  қажеттігін  айқын  сезді.  Партияның 
X  съезі  (8  наурыз,  1921  ж.)  кетерілісшілерді  айыптағанмен, 
экономикалық  саясатты  езгертуге  мэжбүр  болды.  Съезд  ша- 
руаш ылық  мүддені  іске  қосудың  жаңа  жүйесін  жасаудың  ша- 
раларын  белгіледі,  яғни  «Соғыс  коммунизм»  саясатынан  жаңа 
экономикалық саясатқа  Гчөшу туралы   шешім  қабылдады.
Партияның  X  съезінде  қабылданған  жаңа  экономикалык
саясаттың мэні  неде?
Кеңес  үкіметі  мемлекеттің  қолында  ірі  ендіріс  орындарын, 
банкті  калдырып, жеке  капиталды  ендіріске  ендіруге рұқсат берді. 
Мемлекеттік  жерлер,  кішігірім  мемлекеттік  кэсіпорындар  белгілі 
мерзімге жеке  шетел  ұйымдары  мен тұлғаларға  жалға  берілді.  Сау- 
да  бостандығы  жүзеге  асырылды,  яғни  мемлекеттің  бақылауымен 
жеке  саудаға  рұқсат  берілді.  Сауда  негізінен  ауыл  мен  каланың 
ортасындағы  негізгі  байланыс  кезіне  айналып,  сонымен  катар 
мемлекеттік  жэне  кооперативтік  сауда  да  дамуы  тиіс  болды.  Жеке 
ауыл  шаруашылық 
қожалықтарына,  жеке  меншіктегі  кішігірім 
кэсіпорын иелеріне жалдамалы  еңбекті пайдалануға рұксат берілді. 
Еңбекке  деген  міндеткерлік  жэне  еңбек  армиялары  жойылды. 
Өндіріс  орындарын  жұмысшы  күшімен  қамтамасыз  ету  еңбек бир- 
жалары  арқылы  жүзеге  асырылатын  болды.  Елдегі  ақша  жүйесін 
нығяйт^  якысыч  кызмет  кепсетүлі 
жою.  енбекке  акшалай  жалақы
телеу мшдеттелді.
Жаңа  экономикалық  саясаттың  аясында  қабылданған  міндет- 
тердің ішіндегі  ең  маңыздысы —  азық-түлік салғыртын  азык-түлік 
салығымен  алмастыру  туралы  шешім  болды.  Азық-түлік  салғырты
кезінде  шаруа  қожалықтары  өндірілген  енімнің  езін  қамтамасыз 
етуге  қажетті  үлесінен  артығын  мемлекетке  тапсыруға  міндетті
232

еді.  Азык-түлік  салығьшың  ендірілуі,  яғни  белгіленген  мөлшердегі 
ғана салыкты өтеуге байланысты, олар  өндірілген  өнімнің артығын 
өз  еркімен  пайдалану  кұкығына  ие  болды.  Бұл  ендірілген  салык
жүиесш деп  өзгеріс  еңдіруші  шаруа  қожалыктарына  өте  қолаилы 
болды.  Себебі,  олар 
өндірілген  өнімнің  белгілі  мөлшерін  ғана 
мемлекетке  тапсырып,  калған  өнімді  сатуға  немесе  өзінің  басқа 
кажеттерін өтеуге  мүмкіндік  алды.  Осыған  байланысты  енді шаруа
кожалықтары епстік келемш үлғаитуға, сөитш енімді көп ендіруге, 
яғни еңбек енімділігін  арттыруға  ынталы  болды.
Енді  осы  жаңа  экономикалық  саясаттың  қазақ  елкесінде 
ендірілу  әдістері  мен  жолдарын қарастырып  керейік.  РКФСР ХКК- 
нің  арнайы  декреті  бойынша  бірыңғай  азық-түлік  салығы  мал 
шаруашылығымен айналысатын аудандарға да ендірілді.  Қазақстан 
ауылы  мен  деревнясында  жаңа  экономикалық  саясаттың  алғашқы 
азық-түлік  салығы  науқаны  ете  қиын  жағдайда  жүргізілді.  Оның 
себебі,  ЖЭС  ендірілгең  жылы  да  партия,  кеңес  жэне  азық-түлік  ор- 
гандары  азық-түлік салғырты  саясатын  жалғастырды да,  ол  бойын- 
ша дайындалған  енімдерді  Орталыққа  жіберу  женіндегі  Еңбек  жэ- 
не  Корғаныс  кеңесінің  тапсырмасын  орындаумен  айналысты.  Мы- 
салы,  көшпелі  мал  шаруашылығы аудандарында алғашкы  бірыңғай 
азық-түлік  салығы  131,9%  көлемінде  орындалды.  Бүл  эрине,  соғыс 
коммунизм саясатының әрі  қарай жалғасуы  болды.
Сез жүзінде ЖЭС ендірілгенімен Кеңес үкіметі  іс жүзінде  баяғы 
каркынмен  экономикаға  езінің  бакылауын  жүргізуді  тоқтатпады. 
Бірнеше ай бойы мемлекет қала мен деревпя арасындағы айырбасты 
кооперация  аркылы  бақыламақ  болды.  1921  жылы  7-  сэуірде  мем- 
лекет  езінің  арнайы  декретімен  кооперацияға  фабрика-зауыттық 
еңімдерді  ауыл  шаруашылық  өнімдеріне  айырбастауды  міндетті 
тапсырма  етіп  берді.  Бірак  бүл  мэселені  жүзеге  асыру  өте  киын 
болды.  Оның  себебі  мемлекеттің  бақылауымен  жүргізіліп  отырған 
тауар  айырбасы  жеке  саудамен  жарысқа түсе  алмады.  Оның  үстіне 
мемлекеттік тауар  айырбасы  ЖЭС-тың  принциптеріне  сай  келмеді, 
яғни саудабостандығына кедергі келтірді. Мүндай жағдай  халықтың 
жаңадан  ендірілген  шаруашылық  саясатына деген  сенімсіздігін  ту- 
дырды.
Жоғарыдағы  аталған  кемшіліктер  біртіндеп  азық-түлік  са- 
лығы  саясатының  кең  ендірілуі  барысында  жойыла  бастады. 
1924— 1925  жылдары  ауыл  шаруашылык  салығынан  КазАКСР 
бүкіл  шаруашылығының  32,7%-і  босатылса,  1925— 26  жылдары  — 
33,8%  босатылған  еді.  Әсіресе,  1924— 1925  жылдары  мал  есіруші
233
198-16

шаруашылықтың  72%-ке  жуығы  алым-салыктан  босатылды. 
Көшпелі жеке қазақ шаруашылықтарына 3— 5  жылдық мерзімдерге 
жеңілдіктерге  негізделген  несиелер  берілді.  Сонымен  катар  мемле- 
кет тарапынан  ауылшаруашылық машиналары  мен  құралдарын  са- 
тып  алуға  негізделген  несиелер  де  белгіленді.  Осының  бәрі  ұсақ 
тауар  ендірушінің  материалдық  құштарлығын  арттырды,  оның  өз 
шаруашылығындағы қорларына иелік ету еркіндігін  күшейтті.
ЖЭС-тің  аясында  нарықтық  қатынастардың  күшеюі  сауданың 
дамуына  ықпал  етті.  Ал  ол  болса  ақшаның  тұрақтануына  эсерін 
тигізді.  Осы  жағдайға  байланысты  ЖЭС-тің  алғашқы  кезінде 
ендірілген  салықтың натуралды түрін партияның XII  съезі (1923  ж. 
сэуір) ақшалай түрде де өтеуге мүмкіндік берумен  алмастырды. Ал 
1924 жылы салықты  етеудің тек ақшалай түріне толық көшірілді.
Осы  жылы  ақпан  айында  Кеңес  үкіметі  ақша  реформасын 
жүргізіп,  кеңестік  ортақ  жаңа  ақша  елшемі  тұрақты  сомды  енгізді. 
Осы  жағдайлар  Қазақстанда  жэрмеңкелік  сауданың  кең  ерістеуіне 
жол  ашты.  1926  жылы  Қазақстанда  128  жэрмеңке  жүмыс  істеді. 
Бүл  кездегі  ірі  жэрмеңкелер  қатарына  —   Ойыл,  Қоянды,  Қарқара, 
Темір,  Кекшетау,  Атбасар  жэрмеңкелерін  жаткызуға  болады.  Осы 
кездегі  жэрмеңке  саудасының  жалпы  айналымы  20 
23  млн.  сом- 
ды құрады.  Сондай-ақ, осы еркендей бастаған жэрмеңкелік сауда да
ауыл  шаруашылығының дамуына ықпалын тигізді.
Қазақстанда  1921— 22  жылдары  ЖЭС  аясында  жүргізілген 
шаралардың  бірі  жер-су  реформасы  болды.  Реформаның  негізгі 
міндеті  1920 жылы қүрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін 
біріктіру болды.  Патшалық биліктің жүргізген саясаты нэтижесінде 
Қазақстанда  жер  мэселесі  өте  күрделі  мэселелердің біріне  айналған 
еді.  Осыған  байланысты  қазақ  автономиясы  қүрамында  жер  саяса- 
тын  жүргізуші  жетекші  орган  —   Жер  комитеті  күрылды.  Ол  қазақ 
автономиясы  аясында  қазак  жерлерін  біріктіру  мақсатымен  1921 
жылы  7  ақпанда  декрет  қабылдады.  Қазақ  АКСР-нің Жер  комитеті 
қабылдаған  бүл  декрет  бойынша  кезінде  кеш-қон  корына  (пересе- 
ленческий  фонд)  тартып  алынып,  пайдаланылмай  түрған  Семей, 
Ақмола,  Торғай  жэне  Орал  облыстарындағы  бос  жатқан  жерлер, 
олардың  1917  жылға  дейін  алынғанына  қарамастан  қазактарга 
кайтарылады.  1921  жылы  19  сәуірде  Жер  комитеті  кезінде  патша 
үкіметінінСібірж әнеО рал казак эскерлерінің тартыпалған жерлерін 
казактарға  кайтару  туралы  шешім  кабылдады.  Осы  декретке  сай 
казақтар  Ертіс өзені  бойында  177  мың, Орал  өзені  жағалауында 208 
мың десятинадан  астам жерлерді  қайтаруға тиіс  болды.
234

1922 
жылы  26  тамызда  Федералды  Жер  комитеті  мен  БОАК-ті 
“Қазакстанда негізгі еңбекпен  жерді  пайдалану туралы” заң қабыл- 
дады.  Ол  заң  31  тамызда  күшіне  енді.  Бұл  заң  бойынша  эркімнің 
өз  жерінде  қалуға  жэне  ол  жерді  пайдалануға  құқығы  болды.  Жер
заңға  сэикес  құжатталған  жағдаида  ғана  оны  паидаланушы  сол 
жердің  иесі  болады.  Ал  даулы  жерлерге  заңға  негізделген  съездің 
немесе жер органдарының шешімі  қажет болды.
Алайда  осы  негізгі  заңнан  соң  1922  жылы  30  қазанда  Кеңес 
үкіметі  Ресей аумағын түгел  қамтыған  “Жер  кодексін” қабылдады. 
Осы  кезден  бастап  жер  туралы  бүкіл  мэселенің  бэрі  мемлекеттің 
идеологиялык  қүндылықтарына  негізделген  қүқыққа  ие  болды. 
Бұл  кодекс  бойынша жермен түрғылықты халық қамтамасыз етілуі 
керек  болды.  Сонымен  бірге  автономияларға  қосымша ұсыныстар 
мен  негіздемелер  жасауға  рүқсат  етілді.  Бүл  кодекс  отырықшы- 
егіншілікпен айналысатын аудандарды қамтыды да,  кешпелі  аудан- 
дар  мүлде  кірмей  қалды.  Соның  салдарынан  қазақ  қоғамы  жермен
толық қамтамасыз етілмеді.
Кеңес үкіметі патшалық үкіметтің жер мэселесіндегі отарлық са- 
ясатын жойғысы  келгенімен, іс жүзінде  жерді пайдалануды таптық 
түрғыдан  шешті.  Соның  нэтижесінде  жергілікті  қазақ  халқы  мен 
қоныс  аударушылардың  қүкығы  теңестірілді.  Оның  үстіне  пат- 
ша  үкіметі  кезінде  жерге  орналасқан  басқа  үлт  өкілдері  ол  жер- 
ден  айырылғысы  келмей  үлкен  карсылық  көрсетті.  Сонымен  қатар 
олар  өз  иеліктеріндегі  жердің  межеленбеуін,  яғни  шекараларының 
айқындалмауын пайдаланып, жаңа жерлерді тартып  алды.
Осы  жағдайлар  жер жэне  жерге орналастыру мэселесін  шешуді 
өте  қиындатқанымен, жаңа экономикалық саясат шеңберінде азық- 
түлік  салғыртының  азық-түлік  салығымен  алмастырылуы  3— 4 
жыл  ішінде  қазақ  ауылы  мен  деревнясын  дағдарыстан  шығара  ба-
стады.  1925  ж.  егістік жердің  көлемі 3  млн. гектар болса,  1928 жылы
4  млн.  гектарға жетті, яғни бүл  1913  жылдың (4,4  млн.  га) деңгейіне 
жеткендігін  керсетеді.  1925  ж.  92  млн.  пүт  астык  жиналса,  1927  ж. 
астықтың  жалпы  түсімі  104  млн.  пүтты  қүрады.  1925  ж.  мал  саны
1922 ж.  салыстырғанда екі есе ессе,  1925— 1928 ж.  аралығында жыл
сайын  5%-ке артып  отырды.
Қазақстанның  өнеркэсібі  саласында  да  едэуір  өзгерістер  бол- 
ды.  Қазақстан  халық  шаруашылығы  орталық  кеңесі  (ВСНХ)  сегіз 
(Балық,  Тері,  Илецктүз,  Павлодартүз,  Батысалтын,  Ақжалалтын, 
Сексеул,  Спирт)  трестерді  жэне  сантонин  зауыты  мен  Қарғалы 
шүға  комбинатын 
біріктірді.  Губерниялық  кеңестің  қүзырына
235

жергілікті  деңгейдегі 
өндірістер  бағынды.  Олардың  көбі  жалға 
берілді.  Сонымен  бірге  Қазақстанның  көптеген  өндіріс  орындарын 
одактың  қорғанысына  қажетті,  оның  мүддесін  дүниежүзілік  ры- 
нокта қорғайды  деген  желеумен  бүкілодақтық деңгейдегі трестерге 
біріктірді.  КазАКСР-де  одақтық  деңгейдегі  Ембімұнай,  Алтайпо- 
лиметал,  Атбасцветмет  сияқты  трестер  қүрылды.  Олар  республи- 
ка бюджетіне  белгілі  мөлшерде ғана қаржы  беліп  түрды.  Ал  қалған 
табыстардың  бэрі  орталықтың  иелігінде  болды.  Мүндай  жоғарғы 
дэрежеде  өндірістерді  орталықтандыру  саясаты  кейін де үстем  бол-
ды.
Сейтіп, Кеңес үкіметінің елдің енеркэсібін  қалпына келтіру мақ- 
сатында  жүргізілген  шаралары  кейін  республика  экономикасына 
орталықтың  үстемдігінің  мейілінше  күш  алуына  экелді.  Өндіріс 
орындарын  орталықтанған  трестерге  біріктіру,  сонымен  бірге 
өндіргіш  күштерді  региондарға  орналастыруда  кемшіліктерге  жол 
ашты,  яғни  Қазақстан  экономикасының үзақ  мерзімге  шикізаттық
сипатын  аикындады.
ЖЭС  аясында  Республиканың  халық  шаруашылығында  болған
езгерістер  елдің  дағдарыстан  шыққанын,  экономикалық  дамуда 
жаңа  үрдістің  кең  етек  жайғанын  керсетеді.  Елдің  шаруашылық 
жүйесі  нарықтық  экономика  қатынасына  біртіндеп  енді.  Өлкенің 
экономикасы  кепукладты  сипатқа  ие  бола  бастады,  яғни  эртүрлі 
меншік  түрлерінің  қатар  емір  сүру  мүмкіндігі  пайда  болды. 
Меншіктің  эртүрлі  түрлерінің  қалыптасуы,  олардың  арасындағы 
бәсекелестік  пен  үдайы  ендірістегі  бірін-бір  толықтыруы  халық 
шаруашылығының алға даму бағытын  айқындады.
Большевиктер таптық мүддені  қорғау  принциптерінен ажырама- 
са да, жаңа экономикалық саясат аясында  мемлекеттің экономикаға 
араласуы  шектелді.  Мемлекет  белгілі  мелшерде  ғана  кепукладты 
үдайы  ендірісті  кредит,  салық  жүйелері  арқылы  ғана  реттеп  от- 
ырды.  Экономикалық  емірдің  накты  дамуын  қамтамасыз  ететін
мүндай  саясат ете орынды  еді.
Алайда  ірі  енеркэсіп  саласын  мемлекеттік  монополизациялау
нэтижесінде  олар  ез  енімдерін  түтынушыларға  (эсіресе  аграрлық
сектордағы жеке түтынушыларға) ете жоғары бағамен үсынды.  Пар-
тия  жэне  үкімет  шешімдері  ауыл  шаруашылық  кооперациясының
ЖЭС  жағдайындағы  жаңа  релін  анықтағанына  қарамастан,  оны
бақылап отыруға мемлекет мүдделі  болды, соның нэтижесінде  мем-
лекет  ауылшаруашылықтауарларын сатып алу бағасын езі белгіледі
жэне ол  ете темен болды.
236

¥ за қ   элеуметтік  даму  барысында  қалыптасқан  дэстүрлі  тауар- 
лы  шаруашылық  мемлеқет  тарапынан  ендірілген  мұндай  реттеуші 
бақылауға сэйқес келмеді.  Мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған 
мұндай  саясат  үсақ  ауыл  шаруашылық  өнімдерін  өндірушілер  та- 
рапынан  қарсылық  тудырды. 
Олар  өндірген  өнімдерін  төменгі 
бағамен  сатудан  бас  тартты.  Алайда  бүл  қарсылықты  мемлекет  өзі 
жүргізіп отырған саясаттын кемшілігінен деп есептемеді. Керісінше 
ол қарсылықты тап жауларының іс-эрекеті деп бағалады.  Мемлекет 
тарапынан жеке  шаруа қожалықтарына қарсы бақылауды қүшейтті. 
Үсақ тауар ендірушілерді экімшілік жолмен бақылау мен ығыстыру 
саясаты сауданы  шектеуге, яғни  ЖЭС-тің шектелуіне экелді.
Мүндай  жағдай  “соғыс  коммунизм”  саясаты  түсындағы  әкім- 
шілік  басқару  эдістерін  жандандырды.  Экономикалық  даму 
жүйесіне  экімшілік  түрғыдан  араласу  большевиктердіц  негізгі 
жүмыс  эдісіне  айналды.  Таңдау  мүмкіндігі,  еркіндік,  шаруашылық 
еріктілік туралы  заңдар тек қағаз жүзінде  қалып отырды.  Экономи- 
каны  жоспарлы  түрде  дамыту  идеясы  күш  алды.  Дағдарыстардың 
бэрі  осы  жоспарлаудағы  кемшіліктерден  деп  есептелді.  Жергілікті 
партия  жэне  кеңес  органдары  коопераңияны  басқаруда  әкімшілік 
эдіске  жиі  сүйенді.  Алайда  экономиканы  мемлекеттің  тарапынан 
жоспарлы  түрде  дамыту  мен  әкімшілік  басқару  эдістері  нарықтық 
қатынаспен  сэйкес  болмады.  Соған  қарамастан  таптық  идеология- 
ны  ту  еткен  Кеңес  үкіметі  экономиканы  жоспарлы  түрде  дамыту 
идеясына сүйеніп,  1925  жылдың  аяғында енеркэсіп  өндірісін халық 
шаруашылығының жетекші саласы етіп  белгіледі жэне оның жоғары 
қарқынмен дамуын қамтамасыз етті. Бүл ЖЭС аясында қалыптасқан
кәпукладты үдайы өндірістік  жүйенің  қатар даму барысын шектеді,
яғни 20-жылдардың аяғында үсақтауар өндірушілерге қарсы күресті 
күшейтті.  Соның  нэтижесінде  нарықтық қатынас  тоқырады,  яғни
ЖЭС  тоқтатылды.
2.  Қазақстандағы  ин 
жэне оның  қайшылықтары
Партияның  1925  жылы  (18— 31  желтоқсан)  еткен  XIV  съезі  елді 
соцалистік  индустрияландыру  жоспарын  жүзеге  асыру  міндетін 
койды.  Социалистік  индустрияландыру  саясаты  өзінің  мазмүны 
жағынан  ірі  машиналы  өнеркэсіпті, ең алдымен ауыр индустрияны 
бүкіл  халық  шаруашылығының салаларын  түбегейлі  қайта  қүруды
237

1
қамтамасыз  ететіндей  дэрежеде  дамытуға  бағытталды.  Кеңестер 
одағының  экономикалық  тэуелсіздігі  мен  корғаныс  қабілетін 
камтамасыз  ету  үшін  алдыңғы  катарлы  капиталистік  елдерді  ин- 
дустриялды  даму  жағынан  барынша  қысқа  тарихи  мерзімде  куып 
жетіп,  елді  индустриялды  державаға  айналдыру  міндетін  қойды. 
Партия  мұндай  міндетті  орындау  үшін  елдің  бүкіл  материалдык 
жэне  өндіргіш  күшін  толығымен  осы  мақсатқа  бейімдеу  кажет деп
шешті.
Алайда  социалистік  индустрияландырудың  капиталистік  ин- 
дустрияландырудан  ерекшелігі  болды.  Капиталистік  мемлекеттер 
ездерінің  индустриялды  дамуын,  әдетте,  пайда  тез  түсетін  жеңіл 
өнеркэсіп  салаларын  дамытудан  бастайды.  Осы  салаларға  тэн  бо- 
лып келетін кэсіпорындардың шағындылығы мен оған жұмсалатын 
қаржының  (капиталдың)  айналымдылығы  әуелгі  кезде  жеңіл 
өнеркэсіпті  өте  тиімді  салаға  айналдырады.  Тек  уақыт  еткен  соң 
ғана жинақталған қаржы біртіндеп ауыр енеркэсіпке ауысуына бай- 
ланысты  ауыр индустрия салаларын дамытуға мүмкіндік туады.
Кеңестік  тарихнамаға  партияның  15-  съезі  елді  индустриялан- 
дыру  съезі  болып  енді.  Көптеген  кеңестік  кезеңдегі  зерттеулерде 
лениндік  индустрияландыру  саясаты  республикалардың  ұлттық 
ерекшеліктерін  қатаң  ескерді  деген  пікір  басым  болды.  Алайда 
большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді 
индустрияландыру  саясаты  шеткері  орналасқан  үлттық  аймақтар, 
оның ішінде, эсіресе,  Қазақстан үшін отаршыл бағытта болды.
Жалпы  Қазақстанда  индустрияландыру  саясатының 
бағыты 
қандай  болу  керек  деген  мэселе  сол  кездің  езінде  өте  үлкен  пікір- 
таластар туғызды. Бір топ өлкедегі кеңес жэне партия қызметкерлері 
кешпелі  халық  бірден  социализмге  ете  алмайды  деп  есептеді, 
яғни  қазақтың  кешпелі  емір  салты  үлтты қ  ерекшелік  болып  та- 
былады,  олай  болса  елді 
индустрияландыру  бағыты  оның  осы 
үлтты қ  ерекшелігін  жояды  деп  есептеді.  Мүндай  пікірдегі  партия 
мүшелерін  большевиктер  негізгі  партиялық  жолдан  ауытқушылар.
яғни “уклонистер” деп айыптады.
Келесі  бір топтың екілі С. Садуақасов  енеркэсіптің дамуы қазақ 
халқын  ауыл  шаруашылығынан  алыстатып,  қазақтардың  дэстүрлі 
мал  шаруашылығының  қүлдырауына  экеледі  деп  есептеді.  Бірақ, 
ол  мүлде  индустрияландыру  саясатына  қарсы  болды деуге  болмай- 
ды.  Оның  пікірі  бойынша  Қазақстанның  ендірістік  бағытта  алға 
жылжуы  үшін  республикада  индустриялық  енеркэсіптерді  көптеп 
салып,  оны  ары  қарай  дамыту  қажет.  С.  Садуақасов  шикізат  қоры
238

көздеріне  өнеркэсіптерді  жақындату  максатын  көздеді.  Ол  өлкеден 
шикізаттарды  өндірістік  аймактарға  тасып,  одан  кейін  ол  жактан 
дайын  енімді  қайта 
алып  келуге  кететін  шексіз  транспорттық 
каржы  жұмсауға, яғни өлкені  тек  шикізат көзі ретінде пайдалануға
карсы болды.
Қазақстанға  өнеркәсіпті  күштеп  ендіру  мүмкін  емес,  ол  қазақ 
коғамының  табиғи  қалыптасқан  жағдайына  жат  деп  есепте- 
гендер  болды.  Олардың  пікірінше  артта  қалған  кешпелі  халық 
индустрияландырудың ете жоғарғы  қаркынына ілесе алмайды.  Со- 
нымен  қатар  өндіріс  орындарына  жергілікті  ұлт  екілдерін  кептеп 
тарту,  яғни  жергіліктендіру  (коренизация)  саясаты  ендірісті  ете- 
мөте  кымбаттатады,  қазақтар  жұмыс  істей  алмайды,  олар  бэрібір 
даланы аңсайды деген кезқарас та болды. Мұндай пікір айтушы топ- 
ты  большевиктер “ұлыдержавалық шовинистер”  деп  айыптады.
Осылайша  большевиктер  социалистік  индустрияландыру  сая- 
сатының  бағыттары  женінде  пікір  айтушыларға  эртүрлі  айдар 
тақты.  Ал  ездері  белгілеген  елді  “социалистік  индустрияландыру” 
бағытын  ешбір қатесі  жоқ, толық аяқталған  саясат деп қарастырды. 
Большевиктер белгілеген  индустрияландыру саясатында Қазақстан 
Одақтың  шикізаттык  белшегіне  айналуы  керек  болды.  Орталық 
ұсынған  бұл  көзқарасты  осы  кезде  елкенің  партия  ұйымының 
басшылығына тағайындалған  Ф.  Голощекин де колдады. Республи- 
ка  емірімен  мүлде  таныс  емес  Ф.  Голощекин  елкенің  шаруашылык
жүйесіндегі  ерекшелікті  мойындамады.
Қазақстанда  индустрияландыру  саясатын  жүзеге  асыру  барьісы
елдің  орталық  аудандарымен  салыстырғанда  ете  күрделі  жағдайда 
жүргізілді.  Біріншіден,  елқенің  элеуметтік-экономикалық  дамуы 
Рессейдің  орталық  аудандарымен  салыстырғанда  артта  қалған 
еді.  Еқіншіден,  елкеде  соғыстан  қираған  шаруашылықтарды  қайта 
қалпына келтіру шаралары созылып кетті. Яғни,  ол уақыт жағынан
бірінші  бесжылдыкпен  сәйкес  келді.
Осындай  жағдайларға  қарамай  большевиктер  Қазақстанды
бүкілодақтык 
келемдегі 
елді 
индустрияландыру 
бағытында 
жетекші  орынға  қойды.  Қазақстанды  индустрияландырудың  ең 
алғашкы  қарлығашы  Түркістан-Сібір  темір  жолы  болды.  Инду- 
стриаландыру  жылдарында  Қарағанды-Балқаш,  Гурьев-Доссор, 
Ақмола-Қарағанды, Жарык-Жезқазған, Рубцовка-Риддер темір жол- 
дары салынды. Өлкені  индустрияландыру барысында кеңес үкіметі 
түрлі-түсті  металлургия,  көмір  жэне  мұнай  ендіріс  орындары  мен
239

теміржол  саласын  одан  эрі  өркендету  міндеттерін  койды.  Осыған 
байланысты 
жаңа  өндіріс  орындарын  салу  жэне  жұмыс  істеп 
тұрған  өндіріс  орындарын  кайта  құру  үшін  тек  1933— 34  жылдары 
566,6  млн  сом  қаржы  бөлінді.  Оның  бестен  төрті  ауыр  индустрия- 
ны  дамытуға  жұмсалды.  Олардың  ішінде  Қарағанды  шахталары, 
Шымкент  қорғасын  жэне  Балхаш  мыс  қорыту  зауыттары,  Актөбе 
химия  комбинаты  болды.
Екінші  бесжылдық  кезінде  республикада  Қарағанды  көмір 
бассейні  мен  Балқаш  мыс  қорыту  комбинатын  салу  жоспарлан- 
ды.  Республиканың  сол  кездегі  экономикалық  ресурстары  мұндай 
күрделі  құрылыстарды  салуға  мүмкіндік  бермейтін  еді.  Алайда со- 
ған қарамастан Кеңес үкіметі бүл құрылыстарды тез аяқтау міндетін 
қойды.  Қарағанды  көмір  өндіріс  орындарын  да  тез  қарқынмен  да- 
мыту  қажет болды.  Себебі  түрлі-түсті метал өндіру саласын тез да- 
мыту барысы  елде көмір  өнімдеріне  деген  сүранысты ұлғайтты.  Ал 
сол  кездегі  елдегі  көмір  өндіріс  орындары  сұранысты  қамтамасыз 
ете  алмады.  Осыған  байланысты  большевиктер  төтенше  жағдайда 
Қарағанды  көмір өндірісінің  бар мүмкіндіктерін жүмылдыруға ты- 
рысты.
Қазақстанды  индустриаландыру  барысында  Текелі  полиметалл 
жэне  Жезқазған  мыс  қорыту  комбинаттары,  Өскемен  қорғасын- 
мырыш  зауыттары  салына  бастады.  1933  жылы  ақпан  айында 
Шымкент  қорғасын  зауытының  алғашқы  пеші  жұмыс  істеді.  Бұлар 
Қазақстанда  ғана  емес  бүкіл  ел  көлеміндегі  түрлі-түсті  металдар- 
ды  өндіруші өте  ірі  өндіріс  орындары болды.  1939 жылы  Шымкент 
зауыты  бүкіл  Одактағы  қорытылған  қорғасынның  73,9  процентін 
берді.  Балқаш  мыс  қорыту  зауыты  республикадағы  қорытылған 
мыстың  51  процентін  берді.  Осының  бэрі  Қазақстанды  түрлі-түсті 
металдар  шығарудан одақ көлемінде  2  орынға шығарды.
Мүнай  өндірісінен  де  Қазақстан  алдыңғы  орынға  шықты.  1940 
жылы  мұнай  өндірудің  көлемі  700  мың  тоннаға  жетті.  Мұнай 
өндіруден  Қазақстан  Одақ  көлемінде  3  орынға  шықты.  Ембі  мұнай 
орны  игерілді.  Сағыз жэне Құлсары  мұнай  орындары  ашылды.
Қазақстанда  химия  өндірісі  қалыптасты.  1933  жылы  карашада 
Ақтөбе  химия  комбинаты  мен  Аралсульфат  комбинаты  да  іске 
қосылды.  1928— 1940  жж.  темір  жолдардың  өсуі  50  процентке  ар- 
тып, оның ұзындығы  6581  км-ге жетті.
Қазақстан  20-жылдардың  аяғы  мен  30  жылдары,  өте  қыска 
мерзімде  аграрлы елден  индустриялы  елге айналды.  Большевиктер 
өлкені  индустрияландыруды өте жоғарғы қарқынмен жүргізді. Мы-
240

салы:  Одак  көлемінде  мұиай  өндіру  1926 -  1940  жж.  3  есе  кобейсе, 
Қашқстанда  —  5,9  есе  көбейді;  кемір  ендіру  Одак  бойынша  5,7 
есе  артса,  Қазакстанда  ол  77,4  есеге  арткан;  'шектр  куатын  өндіру 
Одак  көлемінде  23,7  есе  артса,  Қазакстанда  —  486  есе  арткан,  ягни 
одақтык  көлемнен  20  еседен  артык  болған;  темір  жолдар  салу  Одак 
бойынша  1,4 есеге,  ал  Қазакстанда —  3,1  есеге арткан.
Қазакстанда  индустрияландырудың  өте  кен  колемде  жэне 
жоғарғы  каркында  жүзеге  асырылуы  инженер-техникалык 
ма- 
ман  кадрларды  кажет  етті.  Әсіресе,  1933— 1934  жылдары  өндіріс
орындары  мен  ауыл  шаруашылығы  жаңа  кұрал-саимандармен, 
машиналармен  камтамасыз  етілді.  Оларды  игеру  үшін  маман  кад- 
рлар  қажет  болды.  Бұл  мәселені  шешу  үшін  қысқа  мерзімді  кур- 
стар,  фабрика-зауыт  мектептері,  техникалық  минимум  үйірмелері 
ашылды.  Өнеркәсіп  орындары  шоғырланған  калаларда  орта 
мамандандырылған  оқу  орындары  ашылды.  Жоғары  дэрежедегі 
маман  кадрларды  даярлау  үшін  республикада  Қазак  мемлекеттік 
университеті, Тау-металлургия  институты сияқты  алғашқы жоғары 
оқу  орындары  ашылды.  1933— 1937  жылдары  жоғары  оқу  орында- 
ры  мен  техникумдар  13  мын  маман  кадрларды  даярлады.  Соны- 
мен  қатар  республиканың  ендіріс  орындары  үшін  маман  кадрлар- 
ды  Рессейдің  орталык  аудандарындағы  жоғары  оқу  орындарында 
даярлады.  Алайда  айта  кететін  бір  жэй,  Кеңес  үкіметі  ете  күрделі
инженер-техникалык маман  кадрлар даярлаитын жоғары оқу орын- 
дарын  республикада  ашпады.  Бұл  мәселеде  республика  орталықка 
тәуелді  болды.
Қазақстанда  еңдірілген  шикізаттарды  еңдейтін  ендіріс  орын- 
дары  салынбады.  Өлкені  индустрияландыру  барысында  өнеркэсіп 
ендірісінін  жүрегі  болып  саналатын  машина  жасау  бағыты,  оның 
жетекші салалары:  станок жасау, автомобиль шығару, трактор, ауыл 
шаруашылығы  машиналарын  жасау  мүлде  камтылмады.  Республи- 
каны  индустрияландыру  тек  шикізаттық бағытта болды.
Осындай 
сипатта 
жүргізілген 
елкені 
индустрияландыру 
саясатының  қазақ  халқы  үшін  салдары  да  болды.  Біріншіден, 
өлкенің  экономикалык дэстүрі  толық  өзгерді,  енеркэсіп  саласының 
өркендетілуі  ауыл  шаруашылығы  енімдеріне  қарағанда  өнеркэсіп 
өнімдері  үлесінің  көбеюіне  экелді. 
Екіншідең,  қала  халқы 
санының  артуына,  қалалардың  урбанизациялануы  мен  күшеюіне 
экелді.  Қала  халқының  жартысы  дерлік  (47,5  %)  50  мыңнан  астам 
халқы  бар  қалаларда  жинақталды.  1928— 1939  жж.  Қазакстан
калалары  тұрғындарының  санының  кеші-қонымның  нэтижесін-
241

дегі  механикалық  өсуі  1,8  млн  адамнан  асты.  Үшіншіден,  көші- 
конымның  нэтижесінде  демографиялык 
өзгерістер  болды,  яғни 
Қазақстан  көп үлтты  республикаға  айналды.  Большевиктер  өлкеге 
жұмысқа  басқа  ұлттардың  алдыңғы  қатарлы 
екілдерін  экелді 
деуге  болмайды.  Себебі,  кеңес  үкіметі  әртүрлі  қылмысы  үшін 
сотталып,  түрмеде  отырғандардың 
еңбегін  арзан  жұмыс  күші 
ретінде 
пайдаланды.  Сонымен  катар  индустрияландыру  саяса- 
ты  республикада  жергілікті  ұлт  өкілдерінің  санының  азаюына  да 
эсер  етті.  Тортіншіден,  индустрияландыру  саясаты  нэтижесінде 
өлкедегі  ұлтаралық  қарым-қатынас  шиеленісті.  Оның  себебі, 
Орталыктан  экелінген  еуропалық  ұлт  өкілдерінен  шыққан  пар- 
тия,  кеңес  кызметкерлері  мен  жұмысшылар  қазақ  қызметкерлері 
мен  жұмысшыларына  менмендікпен  жоғарыдан  қарады.  Мұндай 
кезқарас  туралы  фактілерді  құжаттардан  көруге  болады.  Больше- 
виктер,  сонымен  қатар  ірі  өндіріс  орындарының 
басшылығына 
жергілікті  ұлт  өкілдерін  жібермеуге  тырысты.  Орталық  үкіметтің 
нұсқауьш  бұлжытпай  орындайтын  адамдарды  орталықтан  жіберіп
отырды.
Қорыта  айтқанда,  большевиктер  индустрияландыру  саясатын 
жүзеге  асыру  нэтижесінде  өлкенің  экономикалық  даму  үрдісіне 
толық өзгеріс экелді.  Бұрынғы кезеңде жетекші орында болған ауыл 
шаруашылығы,  эсіресе,  кәшпелі  мал  шаруашылығы  жэне  оның 
өнімдері эрі қарай дамытылмай,  дағдарысқа ұшырады, Оның себебі, 
большевиктік  саяси  басқару  жүйесі  өлкенің  экономикалык  даму- 
ының  бағытын  езгертті,  яғни  халық  шаруашылығының  жетекші 
саласы  етіп  енеркэсіп  ендірісін  белгіледі  жэне  оның  қарқынын 
жеделдетті.  Кеңес  үкіметі  экономикалық  дамудың  объективті 
заңдылықтарын  мүлде  жоққа  шығарды.  Халық  шаруашылығының 
барлық  саласы  экімшіл-эміршіл 
большевиктік  басқару  эдісіне 
бағынышты  болды.  Олкенің  бұл  кездегі  өнеркэсіп  ендірісінің  да- 
муы  шын  мэніндегі  индустриялық  даму  жолымен  жүргізілмеді. 
Кеңес  екіметі  республиканы  тек  шикізат  кезі  етіп 
пайдаланды. 
Сейтіп,  большевиктер  патшалық  Ресейдің  елкені  экономикалык 
тұрғыдан  отарлау саясатын  одан  эрі  жалғастырды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет