Микробқа қарсы химиопрепараттар және антибиотиктер: түсінігі; алыну көзі, тәсілдері, химиялық құрылымы, спектрі, механизмі және әрекет түрі бойынша жіктелуі


Механикалық стерилдеу. Сүзгілердің түрлері (Шамберлан шамдары, Зейтц сүзгілері, шыны және мембраналық сүзгілер). Фармацияда қолдану



бет12/35
Дата02.05.2023
өлшемі103,6 Kb.
#89157
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
микробиология рубежка

26. Механикалық стерилдеу. Сүзгілердің түрлері (Шамберлан шамдары, Зейтц сүзгілері, шыны және мембраналық сүзгілер). Фармацияда қолдану.


Стерилизацияның механикалық тәсілі – фильтрация. Қолданылатын объектілер: термолабильді суда еритін дәрілік субстанциялар, термолабильді парентеральді дәрілік препараттар, иммунобиологиялық препараттар. Басқа әдістермен (әсіресе термолабильді ерітінділер) зарарсыздандыруға болмайтын ерітінділерді (мысалы: қоректік заттар, буферлер) және дәрілерді зарарсыздандыру үшін қолданылады. Бұл мақсатта бактериялық сүзгілер қолданылады-сүзгілердің мөлшері бактериялардың мөлшерінен аз болуы керек. Шамберлан сүзгілері каолин мен құм және кварц қоспасынан, свеча формалы, іші қуыс әртүрлі мөлшерлі тесіктерімен жасалынады. Филтрлер шартты белгілермен - L1, L2, Lжәне т.б. белгіленген. L– L13 филтрлері бактерияларды өткізбейді. Беркефельд сүзгілері өте ұсақ топырақтан свеча тәріздес істелінген фильтр. Олардың нөмірлері тесік-саңлауларының мөлшерінің өсуіне қарай белгіленген мысалы: W, N, V. Зейтц сүзгілері – асбест және целлюлоза қоспасынан дайындалған, қалың, тығыз пластиналар. Олар мынадай әріптермен белгіленген: Ф2 және СФ . Стерилдеуші қасиеті бар – СФ маркалы фильтр. Мембраналық сүзгілер- (коллоидті, ультрафильтрлер)- гемицеллюлозаның өте жұқа , әртүрлі диаметрлі тесіктері бар пластиналары. Тесік диаметрінің мөлшері мынадай болып белгіленеді: №1, 2, 3, 4 , сәйкесінше 0,3; 0,5; 0,7; 0,9 мкм. Стерилдеуші мембрананы суда автоклавтайды (15 минут, 121оС).

27. Химиялық стерилдеу: газды стерилдеу және химиялық заттардың ерітінділерін қолдану. Қолдану салалары.

Химиялық стерилдеу: газды стерилдеу және химиялық заттардың ерітінділерін батыру болып бөлінеді. 1.Газды зарарсыздандыру (формалин буы, этилен оксиді). Ол бір реттік медициналық құралдарды, басқа әдістермен (өкпені жасанды желдету аппараттары, жасанды қан айналымы және т. б.), зарарсыздандыруға болмайтын дәрі-дәрмектерді, бактериялық сүзгілерді зарарсыздандыру үшін қолданылады. 2.Химиялық заттардың ерітінділеріне батыру (этил спирті 960, сутегі асқын тотығы). Ол негізінен термиялық және басқа әдістермен зарарсыздандырылмайтын медициналық құралдарды зарарсыздандыру үшін қолданылады. Зарарсыздандырудың химиялық әдістері Аспаптарды, аппараттарды, күрделі оптикалық жүйелерді, ірі габаритті бұйымдарды немесе титаннан, полимерлі шайырлардан, резеңкеден жасалған бұйымдарды өңдеуде қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет