Микробқа қарсы химиопрепараттар және антибиотиктер: түсінігі; алыну көзі, тәсілдері, химиялық құрылымы, спектрі, механизмі және әрекет түрі бойынша жіктелуі


Бактериофагтар. Микробиология мен медицинадағы практикалық қолданылуы, артықшылықтары мен кемшіліктері, нақты мысалдар



бет8/35
Дата02.05.2023
өлшемі103,6 Kb.
#89157
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Бактериофагтар. Микробиология мен медицинадағы практикалық қолданылуы, артықшылықтары мен кемшіліктері, нақты мысалдар

Бактериофа́гтар бактерия клеткасын жоятын вирустар. Бактериофагтар бактерия ішінде көбейеді және оны ыдыратады. Бактериофаг ақуызды қабаттан және біртізбекті немесе екітізбекті нуклеин қышқылы бар генетикалық материалдан тұрады. Бактериофагтар химиялық структурасына, нуклеин қышқылының түріне, морфологиясына және бактерияға әсеріне байланысты ерекшеленеді. Өлшеміне байланысты бактериофагтар микроб жасушаларынан жүз тіпті мың есе кіші. Бактериофагтардың ең негізгі қолданылатын жері – антибактериальді терапия. Медицинада стрептококты, стафилококты, клебсиеллезді, полмвалентті дизентерийлі, пиобактериофаг, коли, протей және колипротей және тағы басқа бактериофагтар қолданылады. Бактериофагтар – бактерияға қарсы әсері бар жоғары эффектілі иммунобиологиялық препарат. Қатерлі ішек инфекциясының және де іріңді – қабынған аурулар емі мен профилактикасында қолданылады. Сонымен қатар преператтармен бірге ішек дисбактериозының емінде және ішек микрофлорасыны қалпына келтіру үшін қолданылады. Бактериофагтар - тірі агенттер, табиғатта кең таралған бактерия вирустары. Бактериофаг артықшылығы құрылымды өзгертуге және бактерияларды жоюға қабілетті, өнімді таза, жанама әсерлері жоқ және дененің табиғи флорасын бұзбайды, кемшілігі организмнен тез шығып кетеді, он екі ай ғана тіршілік етеді, температураға тұрақсыз.

  1. Иммунобиологиялық препараттарды бақылау, сақтау және қолдану

Иммундыбиологиялық препараттар күрделі құрамнан тұрып бірінен бірі тегімен, шығарылу тәсілімен, қолдану бағытымен ажыратылады. Бірақ, иммундық жүйе арқылы әсер етуі олдардың ортақ қасиеті болып саналады. ИБП-лардың әсер ететін факторлары антиген, антидене, микроб жасушалары, не олардың ыдыраған заттары, биологиялық делсенді иммундыцитокиндерге ұқасаған заттар болып келеді. Аталған факторларға әсер ету сапасын үдету үшін ИБПға басқадай заттар қосылуы мүмкін (стабилизаторлар, адъюванттар, консерваттар, витаминдер, адаптогендар). Иммунобиологиялық препараттарды сақтау термометрлермен жабдықталған тоңазытқыштарда (5±3) °С (2-ден 8 °С-қа дейінгі шектерде) температурада жүзеге асырылады, медициналық иммунобиологиялық препараттар өнеркәсіптік қаптамада сақталады және әрбір қаптамаға салқындатылған ауаның қолжетімділігі қамтамасыз етілетіндей етіп орналастырылады, ал бір атаудағы препараттар серия бойынша сақталады, жарамдылық мерзімін ескере отырып. Иммунобиологиялық дәрілік препараттар әртүрлі ауруларды иммунологиялық диагностикалауға, алдын алуға және емдеуге арналған дәрілік препараттар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет