66. Дәрілік заттардың микрофлорасы және стерильді емес ДЗ микробтық тазалығын арттыру жолдары.
Дәрілік заттарды дайындау кезінде түрлі микробтармен ластануы мүмкін.Осы мақсатта препараттарды дайындау кезінде санитариялық тәртіптің сақталуын,сол мекеменің қоршаған орта объектілерін санитарлы микробиологиялық бақылау жүргізу арқылы анықтауға болады.Парентералды енгізуге арналған дәрілік заттар,көз тамшылары,майлар және т.б,нормативті-техникалық құжаттарға стерильді болуы керек.Дәрілік заттардың стерильдігін бақылау тиогликоль ортасына сеуіп әртүрлі бактерияларды,соның ішінде анаэробиарды:Сабуроортасына сеуіп Candida т.б саңырауқұлақтарды анықтайды.Антимикробты әсері бар дәрілік заттардың стерильдігін мембранды сүзгіде өткізу жолымен анықтайды.Фильтрациядан соң сүзгішті сұйық қоректік ортаға салып,микроорганизмдердің өсуін бақылайды.Өсу болмаса преперат стерильді деп саналады 69.Таза бөлмелер мен таза аймақтардың микробиологиялық мониторингі. Бақылау, валидация сияқты, GMP және дәрі-дәрмек өндірісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сапаны заманауи қамтамасыз ету дайын өнімді стерильділікке немесе микробтардың ластануына тексеруді жеткілікті деп санамайды және бүкіл өндіріс процесінде ластану қаупін барынша шектеуге ерекше назар аударады. Ықтимал ластануды анықтау микробиологиялық мониторинг жүргізудің мақсаты болып табылады. Мониторингтің бұл түрі таза үй-жайларда да, өндірістегі және зертханалардағы бақыланатын аймақтарда да жүргізіледі. Стерильді дәрі-дәрмектерді, атап айтқанда, асептикалық жағдайда өндірілетін препараттарды өндіруде қоршаған ортаны бақылау өте маңызды (дәрі-дәрмекті бірнеше себептер бойынша қаптамада зарарсыздандыру мүмкін болмаған кезде). Өнімнің микробиологиялық ластануының көзі болуы мүмкін барлық маңызды факторларға – су жүйелеріне, таза үй-жайларға және бақыланатын аймақтарға, зарарсыздандыруға, тікелей өндіруге, тазартуға және дезинфекциялауға мониторинг жүргізіледі. 63. Микробиологиялық зерттеуге жататын дәрілік препараттар және микробиологиялық тазалықты анықту көрсеткіштері Дәрілік шикізат дайындау кезеңдерінде және сақтау барысында микробтармен ластануы мүмкін .Өсімдік және өсімдіктен алынған шикізаттың ылғалдануы микроорганизмдердің көбеюін белсендіреді. Көбейген микроорганизмдер өсімдіктен алынған дәрілік препараттардың фармакологиялық қасиеттерін өзгертеді. Дәрілік препараттарды дайындау кезінде, микроорганизмдер қоршаған ортадан түсуі де мүмкін. Дәрілік препараттар дайындау кезінде санитарлық тәртіптің сақталуын , дәрілік форманың әрбір сериясын, сол мекеменің қоршаған орта обьектілерін санитарлық микробиологиялық бақылау жүргізу арқылы анықтайды. Парентералды енгізуге арналған дәрілік заттар, көз тамшылары, майлар, үлбірлер және т.б., нормативті-техникалық құжаттарға сәйкес стерилді болуы керек . Дәрілік заттардың стерильдігін бақылау тиогликоль ортасына сеуіп әртүрлі бактерияларды , соның ішінде анаэробтарды; Сабуро ортасына сеуіп Candida т.б. саңырауқұлақтарды анықтайды. Антимикробты әсері бар дәрілік заттардың стерильдігін мембранды сүзгіден өткізу жолымен анықтайды: Фильтрациядан соң сүзгішті сұйық қоректік ортаға салып, микроорганизмдердің өсуін бақылайды.Өсу болмаса препарат стерильді деп саналады.