КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Микробқа қарсы химиопрепараттар
Микробтарға қарсы химиотерапевтік дәрілік заттар жұқпалы аурулар кезінде этиотропты емдеу үшін (яғни ауру себебі микроб болғанда), және жұқпаны алдын-алу үшін қолданылатын (сирек және аса сақтықпенен!) химиялық препараттар.
Таңдамалы әсер(«селективті уыттылық»)-неміс иммунохимигі, Нобель премиясының лауреаты Пауль Эрлих ұсынған термин, ол иесінің организмінің жасушалары мен паразиттерге химиопрепараттың уыттылығының әртүрлі дәрежесімен сипатталады. Таңдамалылық болу үшін - микробқа қарсы препарат макроорганизм жасушасында кездеспейтін микробта болатын нысанаға әсер етуі керек. Мұндай нысаналарды прокариоттар (бактериялар) үшін таңдау жеңіл, өйткені иесінің жасушасынан олардың айырмашылығы эукариотты микробтарга (саңырауқұлак, қарапайымдар) қараганда көп болады.
Қазіргі кезде антимикробтық белсенділігі бар мыңдаған химиялық қосылыстар белгілі, бірақ оның бірнеше ондығы ғана химиотерапевтік заттар ретінде қолданылады.
Қазіргі кезде антимикробтық белсенділігі бар мыңдаған химиялық қосылыстар белгілі, бірақ оның бірнеше ондығы ғана химиотерапевтік заттар ретінде қолданылады.
Химиотерапевтік препараттардың қандай микробтарга әсер ететіндігін олардың белсенділік спектрі анықтайды:
• микроорганизмдердің жасушалық түрлеріне әсер ететіндер (антибактериалды, саңырауқулаққа қарсы, қарапайымдарга қарсы). Антибактериалдылар өз кезегінде әсер етуіне қарай кең және тар спектрлі деп бөлінеді. Тар спектрлілер - әртүрлілігі аз мөлшерде тек грам оң немесе грам теріс бактерияларға белсенді, ал кең спектрлілер - екі топтың да әртүрлі өкілдерінің көпшілігіне әсер ететін препараттар.