69. Жарадаң жұғынды алу
Зерттеуге дұрыс дайындық жасау нәтижелердің анық болу үшін кепілі болып табылады. Бактериологиялық зерттеуге дайындалу кезінде ең бірінші кезекте жүйелік немесе жергілікті әсеріндегі микробтарға қарсы барлық заттарды ішпеу. Зерттеліп-қаралатын адамға зерттеудің алдында диетаны бұзуға, спирттік ішімдіктерді ішуге болмайды және т.б.
Жараның шығындысын зерттеген жағдайда жарадан материалды таңу алдында алынады.
70. "Аллергия", "анафилаксия"ұғымдары. Себептері, алдын алу
Аллергия дегеніміз не?
«Аллергия (грек. allos – «басқаша», және erson – «әрекет, жауап») – организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиатрлары К. Пирке мен Б. Шик енгізген. Аллергия туралы деректер көне заманнан белгілі. Гален (ІІ ғ.) раушан гүлінен адам мұрнының бітіп қалатыны туралы жазған. Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді» (ҚҰЭ, 1 том, Алматы, 1998 ж.).
Ғалымдардың талдап, түсіндіруінше аллергендер организмге сырттан түсетін (экзогендік) және организмнің өзінде өндірілетін (эндогендік) болып ажыратылады екен.
Экзогендік аллергендер: өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кіржуғыш ұнтақтар, кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер (новокаин, пенициллин, дәрумендер, т. б.), микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер.
Эндогендік аллергендер: олар көптеген жағдайда әртүрлі микробтардың, вирустардың, суықтың, ыстықтың, улы химикаттардың, иондағыш сәулелердің әсерінен организмнің өзінде пайда болады.
Аллергендер ағзаға түскенінде иммундық жүйеге әсер етеді де, оның соған сезімталдығын күшейтеді. Кейін аллергендер қайталанып түскенде, аллергиялық ауру пайда болады.
Аллергияның кең тараған түрлері: бронхиалдық демікпе, есекжем, Кванке ісінуі, поллиноздар (грек. pollen – «шөп тозаңдарынан» дамитын ауру) және анафилаксиялық шок. Аллергиямен ауырған адам аллерголог дәрігердің бақылауында болуға тиісті.
Аллергия туғызатын жеті тағам
Тағамға деген аллергия адамдарда көп кездесе қоймағанымен, ол ересектердің 2, балалардың 10 пайызында кездеседі, кейінгі кезде гендік инженерияның көмегімен жасанды жемістер мен көкөністер, басқа да тағам түрлері шығарыла бастағандықтан, бұл ауру да арта түсуде.
Нақты зерттеулердің қорытындысы бойынша, көбінесе аллергия туғызатын тағамдар мыналар:
1) жұмыртқа; 2) сүт; 3) соя; 4) орман жаңғағы, жер жаңғақ; 5) бидай; бидай өнімдері; 6) балық; 7) шаяннан жасалған тағамдар.
Зерттеушілер бұл тағамдардың құрамында кей адамға аллергиялық әсер ететін ақуыздардың барын айтады да, тексеру қорытындысында шоколодтан аллергия болмайтыны анықталғанын мәлімдейді. Яғни, аллергияны шоколад емес, оның құрамындағы сүт пен ақуыз екен туғызатын.
Олай болса, тәттіні көп жегенде терінің қышуы, бөртпелердің, есекжемнің шығуы, дененің әр жерінің қызаруы тәттіден емес, ақуыздан. Қант қаншама тәтті болғанымен, көмірсудан тұрады ғой. Көмірсу аллергия туғызбайды. Тек ол асқазандағы тағамның ашу процесін (үдерісін) тездетеді. Мұнан пайда болған зиянды заттар қанға өтеді де, адам дертке ұшырайды... Естісеңіз, қантты көп жемеңіз.
Дәрігерлер алкогольді ішімдіктерден де аллергиялық реакция болатынын, оның өмірде сирек кездесетінін баяндайды. Ішімдікті ішкенде кейбір адамдардың беті қызарса, денесі қышып, бөртсе, ісінсе, соңы демікпеге ұласса, спирттің (арақ-шараптың) құрамында түрлі химиялық заттар мен бояулардың барынан, оның адам ағзасына зияны тиюінен.
Тағамнан аллергиялық реакция (әсер) туғанда байқалатын белгілері: 1) қышыма; 2) есекжемнің асқынуы; 3) дененің ісінуі; 4) асқазан-ішек жолдарының зақымдануы; 5) жүректің айнып, құсуы; 6) іштің өтуі; 7) құрсақта ауырсынудың басталуы, шаншып ауыруы; 8) түшкіру; 9) кеңірдек тарамдарының түйілуі; 10) көмейдің ісінуі.
Тағамнан болатын аллергияға немқұрайлы қарамау қажет. Оның соңы өлімге әкеліп соқтырған жағдайлар ақ емес. Дәрігерлер балаларда аллергияның жиі кездесуін иммундық жүйесінің дұрыс жетілмеуінен, асқазан-ішек жолдарының әлсіздігінен көреді. Өмірде ана сүтін ембеген сәби кейін сүт ішіп, жұмыртқа жесе, ағзасында аллергиялық әсер пайда болып, ауыртады. Әсіресе, балалар 3 жасында осындай ауруды басынан жиі өткізеді де бірте-бірте аллергиялық әсері бәсеңдей түседі.
Дәрігерлер ересектерде болатын тағамдық аллергия дертін толықтай емдеп, жазу мүмкін емес, дейді. Сол себепті, мұндай адамдар өздерінің ас мәзірінен аллергия туғызатын тағамдарды алып тастап, ем-дәм ұстануға тиіс. Тағамнан болатын аллергияны мамандар ғана анықтай алатындықтан, ешкімнің де өзіне диагноз қоймағаны дұрыс. Тек аллергия ауруының белгілері білінісімен-ақ дәрігерге қаралып, тағайындаған емін бұлжытпай орындаған жөн.
Мамандардың мәлімдеуінше: «Асқорыту ағзаларының аллергиялық зақымдануларының шығу тегі тағамдық, дәрі-дәрмектік, бактериялық және тағы да басқа жағдайлардан болады. Олар: кейбір көкөністер, жеміс-жидектер, саңырауқұлақтар, сирек жағдайда теңіз және балық өнімдері. Аллергия кейбір дәрі-дәрмектерден де (антибиотиктерден, сульфаниламидті препараттардан, гидрациндерден, атофиннан, пиразоланнан, тағы да басқаларынан) болады». Мұның сыртында тыныс жолдары арқылы ағзаға гүл тозаңы, щаң, химиялық заттардың булары тәрізді аллергендер түскенде де асқорыту жүйелері зақымданып, аллергия туады. Асқазан-ішек жолында өмір сүретін шельминттер, бактериялар ыдырағанда түзілетін ақуыздық антигендер де аллерген болып зиянын тигізеді. Аллергиялық әсерді адамның ауруы, психикалық жағдайы, метеорологиялық фактор, әйелдерде етеккір айналымы күшейтіп жіберуі мүмкін екен. Мұны дәрігерлер атады.
Косметикалық аллергия
Америкадағы Дерматология академиясының мәлімдеуінше, әйелдер күніне кем дегенде жеті түрлі косметиканы пайдаланатын көрінеді. Және кейбір ауруларда косметикаға аллергия туады екен. Ең өкініштісі, косметика құрамында аллергия беретін зат қандай, әзірге анықтау өте қиын болып отырса керек. Осыған орай мамандар косметика аллергия туғызбауы үшін қыз-келіншектердің мынандай ақыл-кеңестерді есте сақтап, орындағанын қалайды:
* Косметикада бір фирманың ғана шығарған өнімдерін пайдаланыңыз. Оның сынақтан өткізілгенін алдын-ала анықтап алыңыз.
* Қатты хош иісті косметикаға жоламаңыз. Хош иіс оған түрлі қоспалардың салынғанын білдіреді. Бұл денсаулыққа пайдалы емес.
* Арзандатылған, жеңілдікпен сатылып жатқан косметиканы сатып алмаңыз. Сапасы күмәнді.
* Косметиканы теріге сынама жасап көріп барып алған дұрыс. Сонда жағатыны, жақпайтыны белгілі болады.
* Косметикалық заттар аллергия бергенде, оны қолдануды бірден тоқтату қажет. Бұл жағдайда үйде бет терісіне жасалатын масканы да тоқтата тұрған жөн.
* Майлы теріге арналған кремді құрғақ теріге қолданбаңыз.
* Бояғыш заттардың ішінде құрамында хром қосылған химиялық және минералды бояулар бар. Пайдаланғанда сақ болыңыз.
* Құтыдағы кремді саусақты қалай болса солай салып алмайды, мақта дискісіне пайдаланады. Қолмен бірге кремге түрлі бактериялар мен лас заттардың түсуі мүмкін.
* Құрамында спирті көп косметикадан аулақ жүріңіз. Спирт теріні тез құрғатады, ішіне аллергендердің кіруін жеңілдетеді.
* Денеге арналған кремді бетке жақпаңыз. Кірпік бояуға аллергия берсе, бояуды түбіне емес ұшына қарай жағу қажет.
* Макияж жасаудың алдында қол мен бетті міндетті түрде жууды ұмытпаңыз.
* Иіссуды дене терісінен гөрі киімге сепкен дұрысырақ. Мұндай жағдайда аллергия әсері әлсірейді.
* Крем, иіссу таңдағанда тауардың заттаңбасына қарап өзіңізді аллергиядан қорғай аласыз. Құрамын оқып шығыңыз, теріге залал келтіретін зат болса, сатып алмаңыз. Химиялық иісі шығып тұрса да зиянды. Табиғи косметикадан өсімдік, жануарлар майының ғана әдемі иісі шығады. Есте сақтаңыз.
Ия, қазір дене терісіне күтім жасауға арналған кремдер, сусабындар, дезодарант, ерін, көз, тырнақ бояулары көп. Кейбірінде «Тез әсер беретін», «Жасартатын», «Теріні тартатын» деген де жазулар бар. Саналысын ғана таңдап алыңыз. Аллергия туғызады ма, туғызбайды ма, косметологтардың, дәрігерлердің ақыл-кеңесіне жүгініңіз.
Жемістердің бет терісіне пайдасы
Банан. 1/3 бөлігін арнайы ыдысқа езіп, оған 1 шай қасық кілегей қосады, жақсылап араластырады. Таңертеңгілік астың алдында және кешке ұйықтар алдында, жарты сағат бұрын осы езбені бетке біркелкі етіп жағады. 15 минуттан кейін салқын сумен шаяды, бетті жұмсақ орамалмен құрғатады.
Лимон. Екіге бөліп (жемісін), 1 бөлігін жұқалап үшке бөледі. Лимон тілімдерін бетке уқалай отырып жағады. Таңертеңгілік бет терісі барқыт күйге бөленеді.
Қызанақ. Кішілеуін езіп, кілегеймен араластырады, бетке жағады. 10 минуттан кейін бетті салқын сумен шаяды.
Шабдалы. Қабығынан тазартылған екі шабдалыны бір ас қасық лимон шырынымен араластырады, бетке жағады, 15 минуттан соң салқын сумен шаяды.
Құлпынай. 2–3 данасын жақсылап езіп, оған 1 ас қасық қаймақ араластырады, езбені бетке жағады. 15 минуттан соң бетті суық сумен шайып, жұмсақ орамалмен кептіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |