Микробиология ұғымы, мақсаттары, міндеттері, бөлімдері. мейірбике ісіндегі микробиологияның маңызы


Трансмиссия[өңдеу | қайнарын өңдеу]



бет43/74
Дата11.01.2023
өлшемі0,89 Mb.
#60961
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   74
Байланысты:
Микро жауаптары

Трансмиссия[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Инфекция көзімен жұқтыру жолы бола алатын әрекетке бару кезінде АИВ жұқтыру қаупінің орташа деңгейі

Жұғу жолы

Жұқтыру қаупі

Қан трансфузиясы

90%[41]

Босану (балаға)

25%[42]

Ортақ ине қолдану

0.67%[41]

Қолданылған инеден жарақат алу

0.30%[43]

Анал секс (қабылдаушы)**

0.04–3.0%[44]

Анал секс (енгізуші)**

0.03%[45]

Қынаптық секс (қабылдаушы)*

0.05–0.30%[44][46]

Қынаптық секс (енгізуші)*

0.01–0.38%[44][46]

Орал секс (қабылдаушы)

0–0.04%[44]

Орал секс (енгізуші)

0–0.005%[47]

* жыныстық қатынасқа мүшеқапсыз түскенде
§ Деректер қабылдаушы да енгізуші де ер
болғандағы статистиканы көрсетеді


АИВ берілуінің үш негізі жолы белгілі: жыныстық қатынас, дене сұйықтығы не тіндері арқылы, сондай-ақ жүктілік, босану немесе емізу кезінде анадан балаға (тікесінен берілу).[11] Егер қан араласпаса, нәжіс, мұрын секрециясы, сілекей, қақырық, тер, көз жасы, зәр немесе құсық арқылы АИВ жұқтыру қаупі болмайды.[48] Адам АИВтың бірнеше штаммын қатар жұқтыруы мүмкін, бұл жағдай АИВ суперинфекциясы деп аталады.[49]
Жыныстық қатынас[өңдеу | қайнарын өңдеу]
АИВтың ең жиі жұғу жолы — инфекция жұқтырған адаммен жыныстық қатынасқа түсу.[11] Алайда, ұзақ уақыт емделудің нәтижесінде вирус титрі анықталмайтын деңгейге жеткен адам АИВты жыныстық жолмен өзгеге жұқтырмайды.[50][51] Әлемде АИВ таралуының ең жиі жолы — әр жынысты адамдар арасындағы жыныстық қатынас;[11] дегенмен, негізгі берілу жолдары әр мемлекетте әр түрлі. Мысалы, Қазақстанда бірінші орынға инфекцияның гетеросексуалдар арасындағы жыныстық қатынас жолымен берілуі шығып отыр[16]. 2017 жылы АҚШтағы АИВ жұқтыру жағдайларының көбі – ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер арасында болғаны анықталған (жаңадан АИВ жұқтырған 13 жастан асқан ер адамдардың 82% және жалпы жаңадан жұқтырғандардың 70%).[52][53] АҚШ-та 13-24 жастағы гейлер мен бисексуалдар сол жас тобындағы жаңадан АИВ жұқпасын жұқтырған ер адамдардың 92%-ын, ал барлық гей мен бисексуал ерлердің 27%-ын құрайды.[54] АҚШта гейлер мен бисексуалдардың шамамен 15%, ал трансгендер әйелдердің 28% АИВ статусы – оң.[54][55]
Қорғаусыз гетеросексуал қатынасқа келер болсақ, жыныстық акт кезінде АИВтың берілу қаупі табысы төмен елдерде 4-10 есе жоғары.[56] Аталған елдерде вирустың әйелден ер адамға берілу қаупі — әр актте 0,38%, ал ерден әйелге берілу қаупі — әр актте 0,30% құрайды; табысы жоғары елдер үшін әйелден ерге берілуі 0,04%, ал ерден әйелге берілуі 0,08% құрайды.[56] Әсіресе, анал сексі арқылы берілу қаупі жоғары: гетеросексуал болсын, гомосексуал болсын, анал сексі кезінде әр актте берілу қаупі 1,4-1,7% құрайды.[56][57] Орал секс жолымен берілу қаупі салыстырмалы түрде төмен болғанымен, жоғалып кетпейді.[58] Ауыз арқылы жыныстық қатынасқа түсуде инфекция жұқтыру қаупі «шамамен нөл» деп бағаланады;[59] дегенмен, осы уақытқа дейін бұл секс түрімен жұғу жайлы бірнеше жағдай хабарланған.[60] Орал сексте қабылдаушы үшін қауіп 0–0,04% деңгейінде бағаланады.[61] Табысы аз елдердегі жезөкшелік деңгейіне қарай вирустың әйелден ерге берілу қаупі — әр актте 2,4%, ал ерден әйелге берілу қаупі — әр актте 0,05% деп бағаланады.[56]
Трансмиссия қаупі адамда жыныстық жолмен берілетін инфекциялар[62] мен жыныс мүшесінде жара болған кезде жоғарылайды.[56] Жыныс мүшелеріндегі жара қауіпті шамамен бес есе арттырады.[56] Гонорея, хламидиоз, трихомониаз және бактериялық вагиноз сияқты жыныстық жолмен берілетін басқа да инфекциялар берілу қаупін аздап жоғарылатады деп есептеледі.[61]
Жұқтырған адамның вирус титрі жыныстық жолмен қатар, анадан балаға берілу кезінде де маңызды қауіп факторы боп саналады.[63] АИВ инфекциясының алғашқы 2,5 айында жіті АИВ салдарынан қандағы вирус титрінің жоғары болуына байланысты жұққыштығы он екі есе,[61] ал инфекцияның соңғы сатыларында шамамен сегіз есе артады.[56]
Коммерциялық секс-қызметкерлерінің (порнографияны қоса алғанда) АИВ жұқтыру ықтималдығы жоғары.[64][65] Дөрекі жыныстық қатынас та жұқтыру қаупін жоғарлататын фактор болуы мүмкін.[66] Сондай-ақ жыныстық зорлық-зомбылық АИВ жұқтыру қаупінің жоғарылауына алып келеді, үйткені зорлау кезінде мүшеқап сирек қолданылады, қынапты не тік ішекті жарақаттау қаупі де жоғары, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін басқа да инфекцияларды жұқтыру қаупі артады.[67]
Дене сұйықтығы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
АИВты жұқтырудың екінші бір жолы — қан және оның компоненттерін енгізу не құю.[11] Есірткіні тамырға енгізу үшін ортақ ине қолдану, қолданылған инеден жарақаттану, қан немесе қан компоненттерін құю кезінде, не залалсыздандырылмаған құрал-жабдықпен медициналық инъекция жүргізу кезінде АИВ берілуі мүмкін. Ортақ қолданылған инеден жұғу ықтималдығы – бір қолданғанда 0.63-2.4%, ал орташа есеппен 0.8%-ды құрайды.[68] АИВ–оң адам қолданған инеден жарақат алған кезде, АИВпен инфекциялану қаупі – шамамен 0.3% (333 жағдайда 1), ал шырышты қабық арқылы инфекцияланған қаннан жұғу қаупі – 0.09% (1000 жағдайда 1).[48] Дегенмен, қандағы вирус титрі жоғары не жарақат терең болса, қауіп 5%-ға дейін артуы мүмкін.[69] АҚШ-та 2009 жылдағы жаңа инфекциялану жағдайларының 12% тамырішілік есірткі егетіндер құрады,[70] ал кей аймақтарда есірткі қабылдайтындардың 80% көбі АИВ жұқпасын жұқтырған.[11]
Инфекцияланған қанды құю кезінде жұғу қаупі – 93%.[68] Дегенмен, дамыған мемлекеттерде қан құюдан жұқтыру қаупі өте төмен (500,000 жағдайдан біреу), себебі донорлардың барлығы АИВқа тексеріледі;[11] мысалы, Ұлыбританияда гемотрансфузия арқылы АИВ жұқтыру қаупі – бес миллионан бір,[71] ал 2009 жылы АҚШта бұл көрсеткіш 1.5 миллионнан бір болды.[72] 2008 жылғы мәліметтер бойынша, табысы төмен елдерде тек донорлардың жартысы ғана АИВқа тексеріледі және бұл аймақтарда АИВ жұқтыру жағдайларының 15% қан мен қан компоненттерін құю кезінде жұқтырған.[73] Бұл әледегі инфекцияланудың 5-10% құрайды.[11][74] АИВ ағза тіндері мен мүшелер трансплантациясы кезінде де жұғуы мүмкін, дегенмен барлық донорлар АИВқа тексерілуіне байланысты, жұғу қаупі өте төмен.[75]
Сақтанусыз медициналық инъекция жүргізу – Африкадағы АИВтың таралуында үлкен рөл атқарады. 2007 жылы осы аймақтағы барлық туындаған инфекциялардың 12-17% медициналық шприцтерді бұрыс қолдану себеп болған.[76] Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше Африкадағы медициналық инъекция жасауда инфекцияның берілу қаупі – 1,2%.[76] Бұл аймақта жүргізілетін инвазиялы процедуралар, босандыру жұмыстары және тіс емдеуде де санитария талаптары дұрыс орындалмағандықтан, вирустың таралу қаупін арттырып отыр.
Тату, пирсинг, тыртық жасаушы және жасатушы теория жүзінде АИВ жұқтыруы мүмкін, бірақ ондай жағдайлар әлі тіркелмеген[77]. Маса не басқа жәндіктер АИВ тасымалдай алмайды.[78]
Анадан балаға[өңдеу | қайнарын өңдеу]
АИВ жүктілік, босану, емізу кезінде анадан балаға жұғуы мүмкін.[11][79] 2008 жылғы мәлімет бойынша тікесінен берілу (анадан балаға) балалардағы АИВ инфекциясының 90% себеп болған.[80] Егер емдеу жүргізілмесе, босану не жүктілік кезінде вирустың берілу қаупі – 20% шамасында, ал емізу арқылы берілу қаупі – 35%. Емдеу бұл қауіпті 5%-дан төмен көрсеткішке дейін төмендетеді.[81]
Антиретровирусты препараттарды ананың не баланың қабылдауы емізу кезіндегі берілу қаупін төмендетеді.[82] Балаға тамақты шайнап беру кезінде тамаққа қан түсетін болса, вирус балаға жұғуы мүмкін.[77] Әйел адам емделмесе, екі жыл емізу АИВ/ЖИТСтың нәрестеге жұғу қаупін 17%-ға жоғарлатады.[83] Дамушы елдердің көптеген аймақтарында ана сүтін ембегендер өлімінің жоғарылауына байланысты дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нәрестеге тек ана сүтін не құрамы қауіпсіз қоспалар беруді ұсынады.[83] Сондықтан, бала сүйгісі келетін әрбір АИВ–оң әйел өмір бойы антиретровирусты препараттар қабылдауы тиіс.[83]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет