Микробиология ұғымы, мақсаттары, міндеттері, бөлімдері. мейірбике ісіндегі микробиологияның маңызы


Белгілері мен симптомдары[өңдеу | қайнарын өңдеу]



бет42/74
Дата11.01.2023
өлшемі0,89 Mb.
#60961
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   74
Байланысты:
Микро жауаптары

Белгілері мен симптомдары[өңдеу | қайнарын өңдеу]
АИВ инфекцияның үш негізгі сатысы бар:
жіті инфекция
жасырын саты
ЖИТС.[1][24]
Жіті инфекция[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жіті АИВ инфекциясының негізгі симптомдары
АИВ жұқтырғаннан кейінгі алғашқы кезең — жіті АИВ, бастапқы АИВ немесе жедел ретровирустық синдром деп аталады.[24][25] Көбіне жұқтырғаннан 2-4 апта өткеннен кейін адамда тұмау тәрізді не мононуклеоз тәрізді синдром дамуы мүмкін, ал кейбірінде еш симптом байқалмайды.[26][27] Барлық жағдайдың тек 40–90% симптомдар көрініс беруі мүмкін. Жиі кездесетіндері: қызба, лимфа түйіндерінің ұлғайып, ауырсынуы, тамақ қабынуы, бөртпелер, бас ауырсынуы, шаршағыштық және/не ауыз бен жыныс мүшелеріндегі жаралар.[25][27] Бөртпе 20–50% жағдайда кездесуі мүмкін. Әдетте, ол кеудеге дақ не көпіршік түрінде шығады.[28] Кей адамдарда осы сатының өзінде оппортунис инфекциялар (иммунитеті қалыпты жұмыс істейтін адамдарда ауру туғызбайтын шартты патогенді флора қоздыратын инфекциялар) дамиды.[25] Бұдан бөлек лоқсу не диарея сынды асқазан-ішек белгілері көрініс беруі мүмкін.[27] Жүйке жүйесі тарапынан шеткері нейропатиялар мен Гийен–Барре синдромы дамуы мүмкін.[27] Симптомдардың ұзақтығы әртүрлі болады, бірақ, әдетте, бір не екі аптаға созылады.[27]
Аталған симптомдар тек осы ауруға тән болмағандықтан (бейспецификалық симптомдар), көп жағдайда АИВ инфекциясының белгілері деп қарастырылмайды. Отбасы дәрігері не аурухана дәрігері аталған симптомдарды көрсе де, көбіне жиі кездесетін инфекциялық аурулардың бірін диагноз ретінде қате қойып жатады. Сондықтан инфекция жұқтыру қаупі бар адамда себебі белгісіз қызба анықталса, АИВ инфекциясын да ескерген дұрыс.[27]
Жасырын саты[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бастапқы симптомдар көрініс бергеннен кейін жасырын саты, симптомсыз АИВ не созылмалы АИВ деп аталатын кезең басталады.[1] Ем жүргізілмесе аталған саты АИВ инфекциясына тән ағыммен 3 жылдан[29] 20 жылға[30] дейін созылуы мүмкін (орта есеппен, 8 жыл).[31] Әдетте, бастапқы кезде симптомдар аз не мүлдем болмағанымен, осы сатының соңында көбі қызбаға, жүдеуге, асқазан-ішек аурулары мен бұлшықет аурысынуына шағынады.[1] АИВ жұқтырған адамдардың 50–70% бірнеше топ лимфа түйіндерінің себебі белгісіз, ауырсынусыз ұлғаюымен сипатталатын тұрақты генерализацияланған лимфаденопатиясы дамиды.[24] Әдетте ол үш айдан алты айға дейін созылуы мүмкін.
Вирус титрі жоғары әрі ем қабылдамайтын АИВ-1 жұқтырған адамдарда көбіне ЖИТС дамығанмен, кей бөлігінде (шамамен 5%) антиретровирусты терапия жүргізбегеннің өзінде CD4+ T жасушаларының (Т-хелперлер) қалыпты деңгейі бес жылдан да көп сақталуы мүмкін.[27][32] Бұндай адамдарды "АИВ бақылаушылары" не ұзақ мерзімді нонпрогессорлар деп атайды (ағылш. Long-term nonprogressor, LTPN).[32] Ал антиретровирусты терапия жүргізбегеннің өзінде вирус титрі төмен не мүлде анықталмайтын адамдар тобын "дегдар бақылаушылар" не "дегдар супрессорлар" деп атайды. Шамамен АИВ жұқтырған 300 адамның біреуі осы топқа жатады.[33]
Жүре пайда болған иммунтапшылық синдромы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жүре пайда болған иммунтапшылық синдромы (ЖИТС) деп бір микролитр қандағы CD4+ T жасушаларының саны 200-ден төмен болуынан немесе АИВ инфекциясына тән аурулардың дамуынан пайда болған жағдайды айтамыз.[27] Ем жүргізілмесе, АИВ жұқтырған адамдардың жартысына жуығы он жыл ішінде ЖИТСке шалдығады.[27] Адамда ЖИТС бар екенін айқындайтын ең жиі кездесетін жағдайлар: пневмоцист қоздырған пневмония (40%), АИВ кезіндегі жүдеу синдромы түріндегі кахексия (20%) және өңеш кандидозы.[27] Сондай-ақ тыныс алу жолдарының инфекциясы да күдік туғызуға негіз бола алады.[27]
Оппортунис инфекциялар — қалыпты жағдайда иммунды жүйе тарапынан бақыланатын бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар мен паразиттер қоздыратын жұқпалы аурулар тобы.[34] Дамуы мүмкін инфекция түрі адамның қоршаған ортасында кездесетін қоздырғышқа байланысты[27] Бұл жұқпалар кез келген мүшелер жүйесін зақымдауы мүмкін.[35]
ЖИТСке шалдыққан адамда Капоши саркомасы, Бөркит лимфомасы, орталық жүйке жүйесінің біріншілік лимфомасы және жатыр мойны обыры секілді вирусты обыр ауруларының даму қаупі артады.[28] Капоши саркомасы АИВ жұқтырған адамдардың 10-20%-да дамитын, ең жиі кездесетін обыр түрі.[36] Ең жиі кездесетін екінші обыр түрі — лимфома; ЖИТСке шалдыққандардың 16% осы обырдан қайтыс болған, сондай-ақ ол 3-4% жағдайда ЖИТСтің алғашқы көрінісі болады.[36] Аталған екі обыр да адам герпесвирусының 8-түрімен (HHV-8) бірлесе дамиды.[36] Жатыр мойны обыры да адам папиломавирусымен бірлесе дамуына байланысты ЖИТСі бар адамдар осы дертке жиі шалдығады.[36] Бұл адамдарда конъюнктива обыры да айтарлықтай жиі кездеседі.[37]
Сондай-ақ ЖИТСі бар адамдарда қызба, тершеңдік (әсіресе түнде), лимфа түйіндерінің ұлғаюы, қалтырау, әлсіздік және еріксіз салмақ жоғалту секілді жүйелі симптомдар да анықталады.[38] ЖИТСтің келесі жиі кездесетін симптомы – диарея, ол 90% жағдайда көрініс береді.[39] Бұдан бөлек бұл адамдарда оппортунис инфекциялар мен обырға қатысы жоқ психикалық және неврологиялық белгілер де анықталуы мүмкін[40]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет