Микробиология ұғымы, мақсаттары, міндеттері, бөлімдері. мейірбике ісіндегі микробиологияның маңызы


Патофизиология[өңдеу | қайнарын өңдеу]



бет45/74
Дата11.01.2023
өлшемі0,89 Mb.
#60961
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   74
Байланысты:
Микро жауаптары

Патофизиология[өңдеу | қайнарын өңдеу]
АИВ/ЖИТС жайлы жеңіл түсініктеме (қазақша субтитрмен)
АИВ инфекциясының патогенез сызбасы
Вирус организмге енгеннен кейін өте жылдам көбейіп, шеткері қандағы вирус титрі артады. Инфекцияның бастапқы сатысында бір миллилитр қанның өзінде бірнеше миллион вирион болады.[97] Осы кезде CD4+ T жасушаларының мөлшері күрт кемиді. Жедел виремия АИВ зақымдаған жасушаларды өлтіретін CD8+ T жасушаларының белсенуін және антиденелердің түзілуін (сероконверсия) шақырады. Бірінші шарықтап, кейін CD4+ T жасушаларының қайта қалпына келуіне қарай төмендейтін вирус деңгейін (титр) бақылауда CD8+ T жасушаларының белсенуі маңызды рөл атақаратыны белгілі. CD8+ T жасушаларының жақсы жауабы вирусты жоймаса да, аурудың ағымын баяулатып, болжамды қолайлы етеді.[98]
Соңында АИВ CD4+ T жасушаларының санын өте қатты азайтып, ЖИТСтің туындауына алып келеді. Бұл иммунды жүйенің әлсіреуіне әкеліп, адамда оппортунис инфекциялар дамиды. Т-жасушалары иммунды жауап үшін өте маңызды; оларсыз организм не инфекцияға, не қатерлі ісік жасушаларына қарсы күрес жүргізе алмайды. CD4+ T жасушаларының сарқылуы – инфекцияның жіті және созылмалы сатыларында ерекше байқалады.[99] Жіті саты кезінде АИВ зақымдаған жасушалар лизисі мен CD8+ T жасушаларының жұқпаланған жасушаларды өлтіруі – CD4+ T жасушаларының сарқылуына алып келеді, сондай-ақ бұл жерде апоптоздың да маңызы бар. Созылмалы саты кезінде жалпыланған иммунды белсену мен иммунды жүйенің Т жасушаларын синтездеу қабілетінің біртіндеп төмендеуінің салдарынан CD4+ T жасушаларының саны баяу кемиді.[100]
ЖИТСке тән иммунтапшылық симптомдары вирус жұқтырған адамда бастапқы жылдарда көрініс бермегенімен, CD4+ T жасушаларының негізгі бөлігі инфекцияның алғашқы апаталарда жойылады. Әсіресе лимфоциттері көп болатын ішек шырышындағы жасушалар көптеп жойылады.[101] Шырыштағы CD4+ T жасушаларының басымырақ жойылуына себеп – шырыштағы CD4+ T жасушаларының CCR5 нәруызын экспрессиялауы. АИВ осы нәруызды жасушамен байланыс орнату үшін ко-рецептер етіп қолданады. Ал қандағы CD4+ T жасушаларында бұл нәруыз болмағындықтан, оларды қолдана алмайды.[102] CCR5 нәруызын кодтайтын генге арнайы өзгерістер енгізу арқылы АИВ-1 инфекциясының алдын алуға болады.[103]
Жіті инфекция кезінде АИВ CCR5 экспрессиялаушы CD4+ T жасушаларын іздеп, жояды.[104] Белсенді имунды жауап ақырында инфекцияны басқарып, клиникалық жасырын сатының басталуын мүмкін етеді. Жоғарыда айтылғандай, нысанаға көбіне шырышты қабатта болатын CD4+ T жасушалары алынады.[104] АИВтің тұрақты репликациясы созылмалы сатады да сақталатын иммунды жүйенің жалпыланған белсенуіне әкеледі.[105] Иммунды жасушалардың белсенуі мен қабынуалды цитокиндерінің босап шығуы арқылы көрінетін иммунды белсену АИВ генінің белсенділігі мен АИВ репликациясына қарсы иммунды жауап нәтижесінде туындайды. Сондай-ақ бұған аурудың жіті сатысы кезінде шырыштағы CD4+ T жасушаларының сарқылуы салдарынан асқазан-ішек жолдарының иммунды тосқауылының бұзылуы да әсер етеді.[106]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет