83. Тырысқақ қоздырғышы: морфология, физиология, зерттелетін материал, оны жинау әдістері, зертханалық диагностика әдістері
Тырысқақ (лат. cholera) – антропонозды жіті ішек жұқпасы, Халықаралық медициналық – санитарлық ережелерге сәйкес карантинді жұқпаларға жатқызылады.
Жұқпа таралуының жалғыз көзі – ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыш. Мұндай жұғу жолы – ауыз – нәжістік деп аталады. Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су (жиі кездеседі) арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады. Қоздырғыш суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады.
Vibrio cholerae бактериялары ас қорыту органдарына түсе салысымен сұйық, ауырсындырмайтын, жиі іш өтуге әкелетін токсин бөледі. Ал жалпы улану тоқтаусыз құсуға әкеледі. Адам өзінен көп көлемде сұйықтық шығара бастайды, нәтижесінде ағза сусызданып, адам өліп кетуі де мүмкін.
Тырысқақтың жасырын мерзімі қысқа – бір күннен бес күнге дейін.
Ауру таралуының негізгі себебі қауіпсіз судың тапшылығы не жоқтығы, санитариялық құралдардың болмауы, бұған қоса, қоршаған ортаның нашар жағдайы, жеке бас гигиенасының сақталмауы болып табылады.
Тырысқақ өте жұқпалы, және оған балалар да, ересектер де шалдығады. Басқа ішек ауруларынан ерекшелігі ол бірнеше сағат ішінде дені сау ересек адамның өзін өлімге душар етеді. Иммунитеті төмен тұлғалар, дұрыс тамақтанбайтын балаларға және АҚТҚ жұқпасына шалдыққан адамдарға тырысқақ жұққанда өлім қаупі өте жоғары. Емдеу жасалмаса, өлім коэффициенті 30-50 пайызға дейін жетеді.
Медициналық көмекке дер кезінде жүгінсе, және емдеу дұрыс жүргізілсе, аурудың соңы, көп жағдайда сауығумен аяқталады.
Мазмұны
1 Асқынулар
2 Балалардағы тырысқақ ерекшеліктері
3 Әлемдегі жағдай
4 Тырысқақтың алдын алу іс-шаралары:
5 Жеке қорғаныс шаралары:
Асқынулар
Гиповолемиялық шок
Жедел бүйрек жеткіліксіздігі: олигурия, анурия
ОЖЖ қызметінің бұзылуы: құрысулар, кома
Балалардағы тырысқақ ерекшеліктері
Ауыр ағымы.
Ерте даму және дегидратация айқын көрінуі.
ОЖЖ-ның бұзылуы жиі дамиды: тежелу, саты және кома түрінде сананың бұзылуы.
Жиі тырысулар байқалады.
Гипокалиемияға жоғары бейімділік.
Дене қызуының көтерілуі.
Әлемдегі жағдай
Көптеген елдерде тырысқақ адамдардың денсаулығына төнген қауіп болып отыр. 2010 жылғы шілде айының басына жер шарында тырысқақтың 9655 жағдайы тіркелген. Тырысқақтың бұрқ етуінің ең жоғарғы қаупі көшпелі қоғамдарда және қашқындар лагерлерінде сақталуда, көп жағдайда, себеп - санитария деңгейінің төмен болуы және қауіпті ауыз судың жоқтығы. Сіз баруға жоспарлаған елде тырысқақ ауруы бойынша жағдай туралы ақпаратты алу үшін денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына баруға болады. ДДҰ мәліметтері бойынша 2010 жылғы 30 маусымға дейінгі жағдай бойынша келесі елдерде тырысқақ тіреклген:
Африка: Ангола, Замбия, Зимбабве, Кения, Мозамбик, Нигерия, Судан, Уганда, Ангола;
Азия: Бангладеш, Вьетнам, Гонконг, Индия, Камбоджа, Республика Корея, Папуа-Новая Гвинея, Тайланд.
Тырысқақтың алдын алу іс-шаралары:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктерінде тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден келген тұлғаларға санитарлық-карантиндік бақылау қамтамасыз етілген, аймаққа АҚЖ әкелінуін мүлдем болдырмау мүмкін емес, себебі, аурудың жұққаннан кейін, бірнеше сағаттан немесе 7 күнге дейін белгілері білінбеуіі мүмкін. Дәл осы уақытта адам шекарадан өтіп кетуі мүмкін, және елдімекенге келгеннен кейін, біраз уақыт өткен соң аурушаңдықтың белгілері шыға бастайды. Осы уақытта дер кезінде диагноз қойылу және ем алу үшін медициналық көмекке жүгіну қажет, тек осының нәтижесінде дерттен сауығуға және басқа адамдарға жұқтырмауға болады.
Жіті ішек аурулары мен тырысқақ бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына орай, тырысқақтың әкелінуін, таралуын болдырмау мақсатында облыста келесі алдын алу іс-шаралары жасалуда:
эпидемиологиялық (жаз) маусымда судың беткі қабаттарындағы суға және сыртқы орта нысандарына тырысқақ вибриондарына үнемі зерттеулер жүргізіледі,
емдеу–алдын алу мекемелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің облыс көлемінде тырысқаққа күдікті адамды анықтау бойынша дайындығы қамтамасыз етілген,
арнайы тәртіптік мекемелерге, әлеуметтік оңалдандыру мекемелеріне түскен,, шетелден келген адамдарды тырысқаққа тексеру жүргізіледі, сонымен қатар, ішек ауруына шалдыққан адамдардың материалдарына зертханалық зерттеу жасалады,
этиологиясы белгісіз жұқпалы аурудан көз жұмған адамдардың мәйітінен алынған материалдар зерттеледі,
халық арасында санитарлық-ағартушылық жұмыс жасалады.
Жеке қорғаныс шаралары:
Аурушаңдықтың қаупі жоғары аудандарда тұратын немесе сапарға шығатын адамдар өздерін жіті ішек ауруларынан, соның ішінде тырысқақтан гигиена мен тамақты дұрыс дайындаудың мына ережелерін орындай отырып, сақтана алады:
Қолыңызды мұқият жуыңыз, әсіресе, тамақ дайындар және тамақтанар алдында.
Тек қайнатылған суды ғана ішіңіз. Ыстық шай не кофе, шарап, сыра, газдалған су немесе алкогольсіз сусындар, және бөтелкедегі не пакеттегі жеміс шырындары сияқты сусындар әдетте қауіпсіз саналады.
Егер қауіпсіз судан жасалғанына күмәніңіз болса, мұзды пайдаланудан бас тартыңыз.
Термикалық өңдеуден мұқият өткізілген өнімдерді пайдаланыңыз (қайнатылған, пісірілген/қуырылған, ыстық сумен жуылған (жеміс, көкеніс) немесе қабығынан аршылған, т.б.).Шикі теңіз өнімдерін пайдаланбаңыз.
Алдын ала дайындалған тамақты жақсылап ысытыңыз.
Пастерленбеген сүтті ішер алдында, оны қайнатыңыз.
Егер сізде диарея болса, әсіресе, ауыр түрі, немесе жиі құссаңыз, шұғыл арада медицианлық көмекке жүгініңіз. Медициналық көмекті күтіп отырғанда, қайнатылған су немесе тәтті емес, мысалы, сорпа ішкен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |