Микробиология


Ағзада түрлі жағдайлар туған кездегі иммунитеттің ерекшелігі



бет171/216
Дата28.01.2023
өлшемі3,75 Mb.
#63400
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   216
Байланысты:
МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)

11.2. Ағзада түрлі жағдайлар туған кездегі иммунитеттің ерекшелігі
Макроорганизмнің антигенге деген жауабы көбінесе бір типтес. Бірақ, антигеннің тегіне қарай, иммунды жауапқа иммундық жүйенің барлық құрамы қатынаспауы мүмкін. Кейбір уақытта қорғану үшін иммунды жауаптың ең тиімді факторлары іс атқара алады. Сондықтан антигеннің табиғи сипатына және оның қасиеттеріне байланысты микроорганизмге жауабының ерекшеліктері болуы мүмкін.


11.2.1. Иммунитеттің бактериалық инфекциялар кезіндегі ерекшеліктері
Бактериялдық иммунитет көбінесе микробтардың патогендіқ касиеттерімен байланысты. Соған сәйкес иммунитет антибактериялық (бактерия жасушасының құрылысы мен функциясына қарсы) және антитоксикалық ( ақуызды токсиндерге қарсы) болып бөлінеді.
Антибактериялық қорғаныстың негізгі факторлары антидене мен фагоциттер. Антиденелер бактерияның биологиялық белсенді молекулаларын бейтараптап, оларды маркерлеп, антиденетәуелді бактериолизді демеп, фагоцитозға қатысады.
Фагоцитоз және антиденеге төзімді бактерияларға (микобактериалар, бруцеллалар, салмонеллалар т.б.) қарсы белсендірілген макрофагтар және табиғи киллерлер күреседі. Бірақ, ондай аурулар созылмалы түрге айналып олардың аллергиялық көрністері қатарласып жүруі мүмкін. Аталған факторлардан басқа қорғанысқа бейспецификалық факторлар да үлесін қосады (лизоцим, жедел фазаның ақуыздары).
Спецификалық антибактериалдық иммунитеттің қуат деңгейін серологиялық реакциялармен және тері -аллергиялық сынамалар қою әдісімен анықтауға болады.
Антитоксикалық иммунитетте басты рөлді антиденелер атқарады.


11.2.2. Вирустарға қарсы иммунитеттің ерекшеліктері
Вирустық инфекциялардағы иммунитет вирустардың жасуша ішінде және жасушадан тыс түрінде өмір сүруіне негізделген.
Вирустарға қарсы иммунитетті қамтамасыз ететін факторлар қатарына спецификалық антиденелер, Т-киллерлер, табиғи киллерлер, интерферон және де қансарысуының вирусты ингибициялайтын қабілеті жатады.
Вирустарға қарсы спецификалық антиденелер вирустардың жасушадан тыс түрлерімен ғана байланыса алады, ал жасуша ішіндегі түріне әсер етпейді. Антиденелер вирус бөлшектерін бейтараптап олардың нысана-жасушаларға адсорбциялануына, инфекциялық процестің онан әрі жайылып дамуына кедергі болады. Құрылған иммунды комплекс фагоцитоз арқылы ағзадан тысқа шығарылады.
Интерферонның вирусқа қарсы қуатты әсері бар. Интерферон жасушаның ішіндегі вирусқа тікелей әсер етпей, ол жасушаның мембранасындағы рецепторлармен байланысып, жасушада өтетін биосинтетикалық процестерді тежейтін ферменттік жүйенің жұмысын үдетеді.
Қансарысуындағы ингибиторлар вирустың бөлшектерімен байланысып, оларды бейтараптап нысана-жасуша мемебранасына адсорбциялануына кедергі жасайды.
Вирусқа қарсы иммунитеттің қуат дәрежесін серологиялық реакциялармен анықтайды. Кейде қан сарысуындағы интерферонның концентрациясын анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет