Микробиология



бет128/216
Дата28.01.2023
өлшемі3,75 Mb.
#63400
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   216
Байланысты:
МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)

8.1.6. Иммунитеттің түрлері
Эволюциялық даму жолында адамда, жылықандыларда, оның ішінде құстарда арнайы иммундық жүйе құрылған. Ол организмді генетикалық бөгде зат -антигеннен қорғап, сонымен қатар әрібір түрге, жеке тұлғаға тән тіннің және биологиялық молекуланың антигендік ерекшелігін сақтауға арналған.
Заттың бөгделігін айыру төменгі сатыдағы омыртқасыздарға да тән, оларда да қарапайым қорғау жүйесі бар. Бірақ, ол жүйелердің арасында зор айырмашылық бар.
Эволюциялық дамудың сатысына байланысты иммундық жүйенің түріне ,оның күрделігіне, жауап беру тәсіліне сәйкес иммунитет бірнеше түрге бөлінеді (8.4-кесте).
Кесте 8.4.
Иммунитет түрлерінің жіктелуі.



Иммунитет

Түрлік
(тумысынан,түқымқуалаушылық, генетикалық, конституционалдық)



Жүре пайда болған

Белсенді
(табиғи, жасанды )

Енжарлы
(табиғи, жасанды)

Гуморалдық



Жасушалық

Жергілікті

Жалпы

Стерилді

Стерилді емес

Антитоксикалық
Бактерияға қарсы
Вирусқа қарсы
Саңырауқұлақтарға қарсы
Ісіктерге қарсы
Трансплантациялық
Гельминттерге қарсы






Түрлік, тумысынан пайда болған, немесе тұқымқуалаушылық, генетикалық, конституционалдық иммунитет- филогенез процесінде бекітілген, ұрпақтан ұрпаққа тараушы түрлік, не дербестік антигеннің бір түріне сол организмнің биологиялық ерекшеліктерімен, антигеннің қасиетерімен, сонымен қатар орлардың қарым-қатынасына негізделген иммунитет. Мысал ретінде адамның мал ауруының кейбіреуіне сезімталсыздығын келтіруге болады ( қара малдың обасы, жылқының шешегі). Түрлік иммунитетің негізінде бірнеше себептері болуы мүмкін – біріншіден, антигендердермен алғаш кезедесіп, байланысқа түсіп, патологиялық процесті, не иммунитетті іске қосуды қамтамасыз ететін рецепторлық аппараттың кейбір түрлерінің жоқтығы. Сонымен қатар, организмде антигеннің жедел бұзылуын (мысалы, ферменттермен), не организмде микроботардың қонақтап өсіп-өнуін қолдайтын жағдай болмауынтар аѓзада антигенніњ жедел, мысалы феременттермен, б±зылуын не аѓзада микроботар ќонаќтап µсіп-µнуіне естен шығармау керек. Қорыта келгенде, оның негізінде жануар түрінің генетикалық ерекшелігі, ал нақтылы айтқанда сол антигенге иммундық жауап беретін геннің жоқтығы.
Түрлік иммунитет абсолюттік және арақатыстық болуы мүмкін. Мысалы, әдетте сіреспе микробының токсиніне бақа сезімталсыз. Егерде бақаның денесін қыздырса оған сіреспе жұғады. Осындай мысалдардың бірталайын келтіруге болады.
Жүре пайда болған иммунитет - ол адамның және жануардың онтогенез кезінде табиғи, немесе жасанды жолмен антигенмен кездесуінің нәтижесінде пайда болып, сол антигенге қарсы тұрақтылық туғызады.
Табиғи (жаратылыстық) және жасанды түрде пайда болған иммунитет белсенді және енжарлы болып бөлінеді. Егерде тұрақтылыққа ағзаның механизімдері кірісіп антигенге қарсы заттар өндіріліп шықса оны белсенді дейді, ал организмнің тұрақтылығына дайын факторлар (иммундыглобулиндер, иммундық қан сарысуы, иммундық лимфоциттер) сырттан еңгізілсе ол «енжарлы» иммунитет деп аталады. Табиғи жүре пайда болған белсенді иммунитет жұқпалы аурумен ауырып сауыққаннан кейін пайда болады. Табиғи жүре пайда болған енжарлы түрі жаңа туған перзентетердің ананың жатыра арқылы алынған антигенге қарсы иммунитет факторларына негізделген. Жасанды жүре пайда болған белсенді иммунитет деп вакцина егілгеннен кейін пайда болған түрін айтады. Жасанды жүре пайда болған енжарлы иммунитет дайын иммунитет факторларын(иммундыглобулиндер, иммундық сарысулар) организмге еңгізгенде құрылады.
Иммунитеттің құрылуына жасушалық және гуморалдық факторлар қатынасады. Сондықтан, белсенді иммунитет құруға қандай факторлар басым кірісуіне сәйкес (жасушалық, не гуморалдық) жасуша-гуморалдық және гуморалды-жасушалық болып бөлінеді.
Жасушалық иммунитеттің көрнекті мысалы - ісікке және трансплантантқа қарсы түрі, өйткені басты рөлді цитотоксикалық Т-киллер-лимфоциттер атқарады. Токсинемиялық ауруларда (сіреспе,ботулизм, күл) иммуниеттің негізінде антиденелер басым (антитоксикалық антиденелер); түберкулезде бастаушы рөлді иммунитетке жауапты жасушалар (лимфоциттер, фагоциттер) арнайы антиденелермен қосылып атқарады. Кейбір вирустық ауруларда (қара шешек, қызылша, т.б.) тұрақшылықты арнайы антиделер негіздеп, жасушалық факторлармен жалғастырылады.
Айта кететін жағдай, иммунитеттің жасушалық және гуморалдық фактолары бірлесіп қоян-қолтық іс атқарады. Соның нәтижесінде күрделі қосынды жауап туады, бірақ, қалай да болмасын, қандай фактор бағытталған сапалы іс атқарса, соның іс-әрекеті үстемдеу келеді.
Жұқпалы не жұқпалы емес ауруларда иммунитетке толық сипаттама беру үшін антигеннің тегіне және қасиетіне қарай иммунология тарабында төмендегідей терминдер қолданылады: антитоксикалық, вируске қарсы, саңырауқұлақтарға қарсы, бактериаларға қарсы, қарапайымдарға қарсы, траснплантациялық, ісіктерге қарсы және тағыда басқа түрлері.
Қорытып айтқанда, белсенді иммунитет ағзада антигеннің жоқ кезінде және бар кезінде де сақталуы мүмкін. Бірінші вариантында антиген иммунитетті іске қосу рөлін атқарып стерилді иммунитет туғызады, ал екінші вариантында иммунитет стерилді емес деп аталады. Стерилді иммунитет- әртүрлі вакцина еккенде, ал стерилді емес- түберкулезбен ауырған кезде байқалады, себебі стерилді емес иммунитет тек қана организмде түберкулез таяқшалары бар кезде ғана сақталады
Тұрақтылықты камтамасыз етудің көлеміне сәйкес иммунитет жалпы (бүкіл денені корғайды) және жергілікті ( мысалы, тыныс алу жүйесінің жоғарғы бөлімінің шырышты қабығының иммунитеті) түріне бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет