Микробиология


ТАРАУ. Иммунитеттің орналасқан жеріне және түрлі жағдайларға байланысты ерекшеліктері



бет169/216
Дата28.01.2023
өлшемі3,75 Mb.
#63400
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   216
Байланысты:
МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)

11 ТАРАУ. Иммунитеттің орналасқан жеріне және түрлі жағдайларға байланысты ерекшеліктері
11.1. Жергілікті иммунитеттің ерекшеліктері
1919 жылы А.М.Безредка иммунитет жүйесінің құрылысына сәйкес жергілікті иммунитет түрін бөліп шығарып, оның концепциясын ұсынған. Иммунитетің жалпы түрімен салыстырғанда жергілікті иммунитеттің экзогоендік антигендермен кездесуге мол мүмкіндігі бар, қоршаған орта факторларымен тікелей түйісетін тері мен шырышты қабықтың аймағында құрылады. Жергілікті иммунитеттің негізгі атқаратын рөлі-тін аймағында жергілікті, ықшамды иммунитетті қамтамасыз ету. Сонымен қатар, жергілікті иммунитеттің факторлары шырышты қабықтың кілегейімен ағзадан тыс терінің бетіне жайылып өзінің пайдалы әсерін тигізеді.
Анатомиялық - морфологиялық тұрғыдан жергілікті иммунитет жүйесінің өзалдына ерекшелігі жоқ. Жалпы және жергілікті иммунитет түрлерінің арасында тығыз байланыс бар. Біріншіден, жалпы иммунитет жүйесі қорғаныстың қор көзі болады. Микроциркуляция зақымдалған кезде ықшамды қабыну процесі жылдам созылмалы септикалық түрге айналады. Екіншіден, инфекциялық процесс дамыған кезде жергілікті иммунитет пен жалпы иммунитеттің бірінен біріне ауысып отыратындығы айқын байқалады. Үшіншіден, екі жүйенің арасында олардың факторлары үнемі алмасып отырады (антиденелер, антигенреактивті лимфоциттердің клоны т.б.). Бұл процесс иммунологиялық есте қалудың бүкіл организмге жайылынуында өте маңызды. Бірақ, сонымен қатар ол процесс инфекцияның асқынған түріне көшуіне себепкер болады.Соған қарамастан жергілікті иммунитет өздігінше іс атқара алады және біраз ерекшеліктерге ие.


11.1.1. Терінің иммунитеті
Тері шекарлық істі атқарады. Механикалық қорғаныс факторы ретінде ол макроорганизмді сыртқы әсерлерден қорғап, зақымдалған кезінде оны өздігінен жойып, алғашқы қалпына келтіріп отырады. Теріде физикалық-химиялық қорғаныс факторлары да болады, мысалы, бактериоцидтік қасиеті бар тер және май бездері. Сонымен қатар теріде жергілікті жауаптың жемісті жүйесі шоғырланған.
Терінің әр қабатында иммунитетке қатынасы бар жасушалардың (дентритті –Лангерганс және Гренстейн жасушалары, лимфоциттер, тінді базофилдер, Т2-хелперлер, Т-киллерлер) түрлері орналасқан. Аталған жасушалар түрлері өздеріне тән іс-әрекетті кезектесіп, немесе бірлесіп атқарады. Біреуіне зақым тиген кезде оның ісін екіншісі атқаруы мүмкін.
Теріде көбінесе жасушалық иммунды жауап дамиды.Терінің жергілікті иммунитетінің кернеуін бүкіл иммунитет жүйесінің дәрежесін анықтағанға ұқсас, тері сынамалары арқылы анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет