Микробиология



Pdf көрінісі
бет117/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Патологиялық материал. 
Бруцеллезге бактериологиялық зерттеу 
жҥргізу ҥшін іш тасталған тӛл қабықшасымен, тӛлдің айналасындағы 
сҧйықтық, сиырлардың жыныс мҥшелерінен аққан сҧйықтықты, екі 
жағы байланған тӛлдің асқазаны, тӛлдің бауыры мен кӛк бауырының 
кесіндісі алынады. Сиыр сҥтінің соңғы порцияларын стерильді шыны 
тҥтіктерге 10-15 мл-ден алады. Қой мен ешкілердің желін 
цистернасынан стерильді шприцпен алады. Сҥтті тез арада зерттеуге 
мҥмкіндік болмаған жағдайда бор қышқылымен консервіленеді.
Әр малдан алынған ҥлгілер жеке-жеке целлофанға немесе 
пергамент қағазға оралып, су ӛтпейтін ыдысқа (жәшік, шыны сауыт) 
салынады. Материал лабораторияға жедел тҥрде жеткізілмеген 
жағдайда, оны 30%-ды глицериннің судағы ерітіндісімен консервілейді. 
Іш тастаған малдардың қаны бір аптаның ішінде тексерілуі керек. 
Серологиялық зерттеуге Қан сарысуы мен сҥт жіберіледі. Қан 
сарысуын жаңа алған кҥйде тексеруге мҥмкіндік болмаған жағдайда 5%-
ды фенол ерітіндісімен (1 мл қан сарысуына 0,5 мл 5%-ды фенол 
қосады) немесе қҧрғақ бор қышқылымен (2-4%) консервілейді.
Сҥтпен қойылатын сақина реакциясына (СР) жаңа сауылған сҥт (10-
15 мл) алынады. Зертханаға жіберер алдында сҥттерге 10%-ды формалин 
(5-10 мл сҥтке 1 тамшы) қосады. Қажет жағдайда зерттеуге 
шаруашылықтардан алынған су, топырақ, жҥн, ірімшік, май, т.б. ҥлгілер 
жіберіледі. Бактериологиялық диагноз қою ҥшін патологиялық 
материалдардан арнайы қоректік орталарға (ЕПБС, БГГА, БГГС, картоп 
қосылған агар, эритрит-агар немесе қан сарысуы қосылған декстрозды 
агар) себінді жасайды және зертханалық жануарларға биосынама (теңіз 
шошқалары) қойып, таза ӛсінділерді бӛліп алады.
Микроскопиясы. 
Әр патологиялық материалдан 2 жағынды 
дайындалып, біреуі Грам, ал екіншісі Козловский тәсілдерімен боялады. 
Центрифугаланған сҥттің тҧнбасынан дайындалған жағындыны боярдан 
бҧрын, оны Никифоров қоспасымен майсыздандырады.
Бруцеллалар ӛте ҧсақ коккаларға ҧқсас келген таяқша 
(коккобактерия), дара, қосақтасып немесе жиналып орналасады, 
ҧзындығы-0,6-1,5 мкм, ені-0,3-0,5 мкм. Бруцеллалар ӛздігінен 
қозғалмайды, спора тҥзбейді, кейбір жағдайларда қабықша тҥзуге 


140 
қабілетті, Грам-теріс. Козловский әдісімен ажырату ҥшін боялғанда 
бруцеллалар сафранинмен боялған қызыл тҥсін сақтайды. Ал басқа 
бактериялар бриллиант-грюнмен (немесе малахитпен) жасыл тҥске 
боялады (58-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет