Микробиология



Pdf көрінісі
бет151/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

79-сурет. Трихофития 
қоздырғышының сабуро 
агарындағы ӛсіндісі


170 
Морфологиялық және ӛсінділік қасиеттері. 
Патологиялық 
материалдарда 
Microsporum 
саңырауқҧлағы тарамдалған мицелилер 
тҥрінде кездеседі. Зақымдалған шаштардың айналасында ретсіз 
орналасқан, дӛңгелек пішінді споралары бар қапшық тҥзеді. Глюкоза 
қосылған Сабуро агарында 
Microsporum equinum 
26-28ºС-та 6-7-ші 
кҥндері қатпарлы келген сҧрғылт тҥсті ҥлпілдек мицелилермен 
қапталған колонияларды қалыптастырады. Ӛсіп-жетілген мицелилерінің 
тҥсі сары немесе қоңыр болып келеді. 
Microsporum canis
сусло-агарда 3-
4 кҥннен соң сҧрғылт-ақ тҥсті, сәулелі ортасы бар шеңберлі 
колонияларды қҧрайды. Жетілген колониялары сары және қоңыр тҥсті 
болады. 
Microsporum gypseum 
сусло-агарда жалпақ, сарғыш-ашық-қоңыр 
тҥсті колонияларды тҥзеді. Олардың мицелилеры ракета тәрізді, 
макроконидилері кӛп жасушалы болып келеді. 
Microsporum 
тҧқымының 
саңырауқҧлақтары 
флуорисцирлеуші 
пигмент 
(птердин) 
бӛліп 
шығарады.
Дерматомикоздарда патологиялық материал 
ретінде сау және 
жарақаттанған терінің шектескен жерінен қабыршақтары, зақымдалған 
жҥндерімен бірге алынған қырынды пайдаланылады. 
Дерматомикоздардың микроскопиясы. 
Зерттеуге алынған 
патологиялық 
материалды 
Петри 
шынысына 
қайшы 
немесе 
скальпельмен ҧсақтап салады. Сосын зат шынысының бетіне салынған 
ҥлгіге NaOH немесе KOH 20%-ды ерітіндісін тамызып, жалынның 
ҥстінде сәл қыздырады. Соңында ҥлгінің ҥстіне 50%-ды глицериннің 
судағы ерітіндісін тамызғаннан кейін жапқыш шынымен жауып, 
микроскоппен зерттейді. Препараттан саңырауқҧлақтар мицелилері мен 
спораларының табылуы дерматомикоздарға диагноз қоюға жеткілікті 
дәлелі. 
Trichophyton
және 
Microsporum
тҧқымдарына жататын 
саңырауқҧлақтарды бір-бірінен ажырату ҥшін олардың ӛсінділік 
қасиеттерінің ерекшеліктері зерттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет