Клиникалық белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 2 кҥннен 22
кҥнге дейін созылады. Клиникалық белгілерінің байқалу дәрежесі мен
даму процесінің жылдамдығына қарай ауру ӛте жіті, жіті, жітілеу,
созылмалы және латентті ағымда ӛтеді.
Өте жіті ағымында шошқалардың дене қызуы 40,5-42,5ºС-ге дейін
кӛтеріледі, демікпе, жӛтелу, шӛлдеу сияқты белгілер байқалады, 1-2
тәуліктен кейін дене қызуы тӛмендейді, артқы аяқтары салданып,
аурудың 2-3-ші тәулігінде жануарлар ӛлімге ҧшырайды.
Жіті ағымда шошқалардың дене қызуы кӛтеріледі, мҧрыны мен
кӛзінен серозды-кілегейлі сҧйықтықтар бӛлінеді, қабақтары ісінеді, қан
аралас іші ӛтеді, қҧсады, ӛкпенің қабынуы байқалады, жӛтеледі. Қҧлақ,
тҧмсық, кӛкірек және қарын аумақтары кӛгеріп, кейіннен сол жерлеріне
қан қҧйылады. Ӛлуіне 1-2 кҥн қалған кейбір жануарларда паралич,
кератит, менингоэнцефалит белгілері байқалады. Буаз мегежіндер іш
тастайды. Ауру 4-10 кҥнге созылып, ӛліммен аяқталады. Ҥй
шошқаларының ӛлімге ҧшырауы 100%-ға жетеді.
Жітілеу ағымы 15-45 кҥнге созылады. Ауру белгілері жіті
ағымдағыдай болып, жануарлардың 30-70%-ы ӛлімге ҧшырайды.
Осыдан тірі қалған шошқаларда ауру созылмалы тҥрге ауысады.
Аурудың созылмалы ағымы бірнеше айға созылады. Шошқалар
біртіндеп арықтайды, бойлары ӛспейді, перикардит, бронхопневмония,
артрит байқалады. Аяқтарының, басының, арқасының терілері некрозға
ҧшырайды. Некрозға ҧшыраған қҧлақтары тҥсіп қалады. Жақтың тері
асты клетчаткалары мен лимфа бездері ісінген болады. Қатты жҥдеген
жануарлар ӛліп қалады, ал тірі қалғандары вирус тасымалдаушыларға
айналады.
Латентті ағымдағы шошқаларда аурудың клиникалық белгілері
байқалмай, вирус тасымалдаушы, яғни шошқалардың африкандық оба
қоздырғышын сыртқы ортаға таратушыларға айналып, сау жануарларды
ауруға шалдықтырады.