Микробиология


Патологоанатомиялық ӛзгерістер



Pdf көрінісі
бет164/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Патологоанатомиялық ӛзгерістер
клиникалық белгілерінің пайда 
болуына, жануарларды тҥрлеріне, аурудың ағымы мен ҧзақтығына, 
сонымен қатар аурудың асқынуына немесе аралас инфекцияның 
болуына байланысты болады. Ӛлексе жҥдеу, сусызданған, жҥндері 
тікірейген, терісі әр тҥрлі сатыдағы экзантемаға ҧшыраған. Ауыз, 
мҧрын, трахея, ҥлкен қарын, ҧлтабар кілегей қабықтарында, қынабы мен 
ҧрық бездерінде, желін ҥрпілерінде эрозия мен жаралар байқалады. 
Ӛкпесінің беткейінде лимфа бездеріне ҧқсас кӛптеген сҧрғылт-ақ тҥсті 
ошақтар, жиі жағдайда крупозды пневмония мен гангренаға ҧшыраған 
бӛліктері байқалады. Лимфа бездері ҧлғайған, гипрермияланған, 
серозды қабықшалары ісініп, қанталаған. Бауыры, жҥрегі мен 
бҥйректерінің паренхиматозды дегенерацияланғандығын кӛруге болады.
Дифференциалдық 
балауы. 
Шешек 
ауруын 
аусылдан, 
везикулярлы 
стоматиттен, 
қой 
мен 
ешкілердің 
контагиозды 
эктимасынан, қойлардың катаральды қызбасынан, ҧсақ малдар обасы 
мен жҧқпалы емес экзема этиологиясынан; қҧстардың инфекциялық 
ларинготрахеитінен, пастерелезінен, аспергиллезі мен респираторлы 
микоплазмозынан; шошқалардың везикулярлы ауруы мен везикулярлы 
экзантемасынан, энзоотиялық бронхопневмониясынан, қышымадан 
ажырату қажет. 
Зертханалық балауы. 
Шешек вирусын бөліп алуға және 
идентификациялауға қажетті материал
ретінде теріде пайда болған 
бӛртпелері, ӛкпенің зақымданған ошақтары мен қан сарысулары 
алынады. 
Микроскопиялық зерттеу
жҥргізу ҥшін жаңадан пайда болған 
папулаларды алғаннан кейін кесіндінің ішкі жағынан зат шыныларына 
жағынды жасап, бекітіп, М.А. Морозов әдісімен бояйды. Боялған 


187 
жағындыны микроскоппен қарау нәтижесінде ҧсақ, коккалардың таза 
ӛсінділері тәрізді – элементарлы денешіктерді кӛруге болады. 
Жағындыларды М.А. Морозов әдісімен бояуда 3 тҥрлі ерітінді 
қолданылады. 
№1 ерітенді (Руге сҧйықтығы): 1 мл сірке қышқылының 
концентраты, 2 мл формальдегидтің 40%-ды ерітіндісі және 100 мл 
дистилденген су. 
№2 ерітінді: 5 г таза танинді 100 мл дистилденген суда ерітіп, оған 
1 мл карбол қышқылын (фенол) қосады.
№3 ерітінді (аммиакты кҥміс ерітіндісі): 5 г азот қышқылды кҥмісті 
1 мл дистилденген араластырады. Оның 10:1 бӛлігін алып тастайды да, 
қалғанына 25%-ды аммиак ерітіндісін тамызу арқылы қосады. 
Бастапқыда қара тҥсті сҧйықтықтың тҥсі аздап лайланғанға дейін 
тамызады. Сҧйықтық мӛлдірленіп кеткен жағдайда оған азот қышқылды 
кҥмісті қайта тамшылату арқылы қосады. Дайын болған ерітіндіні 1:10 
қатынасында дистилденген сумен араластырғаннан кейін препараттарды 
бояуда пайдаланады. 
М.А. Морозов бойынша бояу тәсілі:
 
жағындыны №1 ерітіндімен 3-5 
минут ӛңдеп, дистилденген сумен шайғаннан кейін №2 ерітіндіні 
тамызғаннан кейін 1-2 минут бойы аздап қыздырады (бу пайда болғанға 
дейін) да, дистилденген сумен қайтара жақсылап шаяды. Сонан соң №3 
ерітіндімен жағынды қою-қоңыр тҥске боялғанға дейін аздап (1-2 мин) 
қыздырады да, дистилденген сумен шайып, ауада кептіреді. 
Иммерсиялы май тамызып микроскоппен зерттеу барысында сары тҥсті 
аяда ҧсақ дӛңгеленген немесе сопақша келген қою-қоңыр тҥсті 
денешіктер кӛрінеді. Денешіктер топтасып, қатарласып немесе 
диффузиялық массаларды тҥзіп орналасады. Осы денешіктер шешек 
вирустары болып табылады. 
Биосынама 
әрдайым табиғи сезімтал жануарлар мен сол 
жануарлардан алынған тҧрақты жасуша ӛсінділерінде қойылады. Шешек 
вакцинасы вирусы, сиыр мен жылқы шешегінің вирустарына қояндар 
сезімтал, ал тауық эмбриондары болса, тауық шешегі вирусымен қатар 
шешек вакцинасына, сиыр шешегі мен кӛгершін шешегінің вирустарына 
да сезімтал келеді. Барлық шешек вирустары дермотропты, сондықтан 
оларды тері ішіне немесе скарификацияланған тері беткейіне, сонымен 
қатар тауық эмбриондарының хорионаллантоисты қабықшасына 
жҧқтырады.
Әтештердің 
скарификацияланған 
айдарына, 
қауырсын 
фолликулаларына жҧқтыруға болады. Ол ҥшін қҧстың айдарының бетіне 
иньекциялық иненің немесе сынған Пастер тҥтігінің кӛмегімен сызат 
жасап 
вирустық 
материалды 
жҧқтырады. 
Әтеш 
сирағының 
қауырсындарын жҧлып, жалаңаштанған фолликулаларға вирус 
суспензиясын тампонмен немесе щеткамен жағады.


188 
Жҧқтырылған материал қҧрамында вирус болған жағдайда 
тауықтардың айдарында шешекке тән бӛртпелер 5-7-тәулік аралығында, 
ал сирағында фолликулиттер пайда болады.
Шешек 
вирусының 
индикациясы 
мен 
серологиялық 
идентификациясында 
иммунофлюоресценция, 
диффузиялық 
преципитация реакциялары және иммунды ферменттік талдау тәсілдері 
қолданылады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет