46
біркелкі ӛскен ӛсінділердің немесе сҥзінді тамшысының жҥрген
бойында жолақша қалыптасып, бактериялар ӛспегендігі, ал жолақшаның
айналасында бактерияның қарқынды ӛсуі байқалады.
Телімділігі жоғары фагтарды
диагностикалық мақсаттарда,
биологиялық немесе патологиялық материалдардан бӛлініп алынған
бактерия ӛсінділерін идентификациялау жҧмыстарында кеңінен
қолданады. Қажетті жағдайда фагтардың белсенділігін анықтау ҥшін
арнайы әдістер қолданылады.
Жасушадағы кӛптеген бактериофагтардың
репродукциясы оның
лизиске ҧшырауына әкеп соғады. Белгілі бір бактерия тҥріне
(штамдарына) бейімделген және бактерия жасушаларын лизиске
ҧшырататын қасиеттері бар телімді фагтарды тәжірибеде қолдануға негіз
болып отыр. Ӛйткені белгілі (диагностикалық) фагтардың кӛмегімен
бактерияларды анықтауға және оларды бір-бірінен ажыратуға болады.
Сонымен қатар қазіргі кезде кӛптеген биологиялық ӛнеркәсіптер емдік-
профилактикалық бактериофагтарды ӛндіруде.
Фагтардың кӛмегімен бактериялардың тҥрлерін анықтау.
Фагтарды бактериялардың тҥрін (топалаң, листериоз қоздырғышы және
т.б.) немесе ішкі сипатын және
нақты бір бактерия штамының
фаговарын анықтау ҥшін қолданады.
Диагностикалық бактериофагтардың кӛмегімен белгісіз бактерия
ӛсіндісін идентификациялау жҧмыстарында тығыз қоректік орталар
қолданылады. Мысалы, листериозға кҥмәнді, зерттеуге алынған 18
сағаттық ӛсіндіні глюкоза
қосылған ЕПС-на себінді жасап, 37°С-де 4
сағат бойы сәл лайлану қалыптасқанға дейін инкубациялайды. Сонан
соң 2%-ды ЕПА бар Петри шынысына себінді (0,1 мл) жасалады.
Себіндіні 1-1,5 сағат бойы 37°С температурада инкубациялағаннан
кейін, қоректік ортаның беткейіне листериозды бактериофагтың
тамшысын енгізеді де, оны 16-24 сағат термостатта (22-25°С) ҧстайды.
Зерттеу нәтижесінде ӛсінді листериоздікі болған жағдайда, тамшы
орнында мӛлдір лизис аймағы байқалады.
Фаговарды анықтау ҥшін зерттелетін ӛсіндіні
нақты бактерия
тҥрінің барлық фаговарианттары қамтылған типтік фагтардың
жиынтығымен тексереді.
Сыртқы
орта
нысандарынан
микробтардың
тҥрін
және
жануарлардың жҧқпалы ауруларының қоздырғыштарын анықтау
жҧмыстарында фагтардың титрін
біртіндеп жоғарылату әдісі
қолданылады. Аталмыш әдіс белгілі бір қоздырғышты зерттелетін
материалда бӛгде микрофлора болған жағдайда да анықтауға мҥмкіндік
береді. Ол ҥшін зерттеуге алынған материалға (консервант қосылмаған)
ЕПС-ның 10 есе кӛлемін (рН 6,8-7,0) қҧйып, шуттель-аппарат кӛмегімен
5 минут араластырады да, 2 шыны тҥтікке 9 мл-ден бӛліп қҧяды. Бірінші
шыны тҥтікке титрі белгілі индикаторлы фагтың (1:100 сҧйылтымдағы)
1 мл-ін, екіншісіне 1 мл сорпаны (бос фагтың бар жоғына бақылау
жасалады), ал ҥшінші шыны тҥтікке (фаг титрінің бақылауы ретінде) 9
47
мл стерильді ЕПС мен 1 мл фагты қҧяды да, оларды 37°С температураға
реттелген термостатта 4-5 сағат ҧстайды. Зерттеуге алынған материалда
гомологиялық фагтың микроорганизмдері болған жағдайда фаг титрінің
біртіндеп жоғарылауы байқалады. Содан кейін әр шыны тҥтіктегі
қоспаны сорпамен 100, 1000 және 10 000 есе сҧйылтады да, су
моншасында (58ºС) 30
минут қыздырып, индикаторлық ӛсінділері бар
агарлы орталарға себінді жасайды да, нәтижесін 4-5 сағат
инкубациялаған соң фагтардың колонияларды («дақтарды») тҥзуі
бойынша бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: