Микробиология


Қан сарысуы қҧрамынан комплементтің сандық кӛрсеткішін



Pdf көрінісі
бет75/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Қан сарысуы қҧрамынан комплементтің сандық кӛрсеткішін 
анықтау. 
Комплемент (С) қан сарысуындағы белсенділігі жоқ 
белоктардың кҥрделі жҥйесі болып табылады. Олардың белсенділігінің 
пайда болу процесі (классикалық тәсілі бойынша) антиген-антидене 
(АГ-АД) кешендерінің қалыптасуына және тізбекті реакция (АГ+АД+ 
С
1

4

2

3

5

6

7

8

9
кешені) тҥрінде ӛтуіне байланысты 


95 
болып келеді. Белсенділіктің пайда болу процесі кезінде литикалық 
кешен қалыптасады. Қалыптасқан кешеннің әрекетінен мембрана 
жасушаларының ӛткізгіштігі жоғарылап, жасуша ішіне су жиналып, 
нәтижесінде жасушалар ісінеді және жарылады. Антиденелер мен 
комплементтің әсерінен жасушалардың (антигендердің) талқандалуы 
иммундық лизис
деп аталады. Әдетте комлемент пен лизоцимді бірге 
қолданған жағдайда бактерия жасушаларына неғҧрлым тиімдірек әсер 
етеді. Сонымен қатар антиденелер және комплементпен әсерлескеннен 
кейін бактерия жасушалары (антиген) фагоциттермен оңай жҧтылады. 
Қан сарысуындағы комплементтің мӛлшері қой эритроциттері мен 
оларға телімді антиденелер ретінде пайдаланылатын гемолизиннің 
қатысуымен ӛтетін 
иммундық лизис
реакциясы арқылы анықталынады. 
Гомологиялық 
антиденелермен 
ӛңделген 
және 
комплементтің 
литикалық әсеріне сезімтал қой эритроциттерін 
гемолитикалық жүйе
деп атайды. Комплемент мӛлшерін 50%-ды гемолитикалық бірлікпен 
(СН
50
) ӛлшейді. Комплементтің бірлігі ретінде 0,5 мл гемолитикалық 
жҥйенің 37ºС-де 30 минут аралығында 50% эритроциттердің лизисін 
қамтамасыз ететін 0,5 мл мӛлшері саналады (рН 7,3-7,4 болатын 
веронал-мединал ерітіндісіндегі қой эритроцитінің 5%-ды сузпензиясы+ 
3 еселенген титрдегі гемолизин).
Зерттеуге алынған қан сарысуының ҧлғайтылған мӛлшерлерін (0,02; 
0,03; 0,04; 0,05; 0,08; 0,1 мл) шыны тҥтіктерге ҥлестіріп, олардың 
кӛлемін ФТЕ-мен 0,5 мл-ге дейін жеткізеді. Содан кейін барлық шыны 
тҥтіктерге 0,5 мл стандартты гемолитикалық жҥйе қосылады. Сонымен 
қатар бір мезгілде эритроциттердің резистенттілігіне бақылау қойылады 
(0,5 мл ФТЕ + 0,5 мл гемолитикалық жҥйе). Шыны тҥтіктерді мҧқият 
сілкіген соң, 37ºС-де 30 минут инкубациялағаннан кейін 2-4ºС 
температурада 10 минут бойы салқындатады да, 3000 айн/минутта 15-20 
минут центрифугалайды. Центрифугалау барысында пайда болған тҧнба 
сҧйықтығын колориметриялайды және экстинкция коэффициенті 
бойынша алдын ала қҧрылған калибрациялаушы қисық сызық кӛмегімен 
гемолизге ҧшырау пайызын анықтайды. 
Калибрациялаушы қисық сызықты қҧрастыру реттілігі: 1 мл 5%-ды 
эритроциттер сузпензиясына 3 мл дистилденген суды қосып, 
эритроциттердің толығымен лизиске ҧшырауына (100%-ды гемолиз) 
мҥмкіндік жасалады. Пайда болған лизатқа буферлі ерітіндіні қосу 
арқылы 10-, 20-, 30-, 40-, 50-, 60-, 70-, 80-, 90 %-ды гемолиз сынамалары 
дайындалады. Фотоэлектроколориметр кӛмегімен әр сынаманың
оптикалық тығыздығын ӛлшейді (кювет ені 1 мм, кӛк тҥсті фильтр). 
Содан кейін абсцисса осьіне гемолизге ҧшырау пайызы, ал ордината 
осьіне экстинкция коэффициенті қойылады. СН
50
50%-ға жуық 
гемолизді кӛрсететін қан сарысуларының мӛлшеріне байланысты 
анықтайды. Ол ҥшін арнайы формуланы (Крог) немесе осы формула 
бойынша есептелген коэффициентті қолданады. Мысалы, зерттелетін 


96 
қан сарысуының сҧйылтымы 1:25 болса, онда 30%-ды лизисті кӛрсетеді, 
яғни 1 мл-дегі СН
50
25–0,844=21,1 бірлікті қҧрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет