Микробиология



Pdf көрінісі
бет83/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

АГГЛЮТИНАЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ 
 
Агглютинация (латынша 
agglutinatio
– желімдену) деп телімді 
антиденелердің әсерінен микробтық, қан немесе басқада жасушалардың 
тҧнбаға тҥсуін және желімденуін айтады. Иммунделген жануарлардың 
қан сарысуының әсерінен микробтардың бір-бірімен желімделіп, бір 
жерге жиылуын ең алғаш 1890 ж 
М.Charrin
мен 
H. Roger
байқаған. 
Әдетте бҧл феномен телімді қҧбылыс болып иммунитет реакцияларына 
жатқызылып, тек 
M. Gruber 
мен
 H. Durcham
(1896) зерттеулерінен кейін 
барып қолдау тапты. 
Агглютинация 
механизмі.
Кейінгі 
мәліметтер 
бойынша, 
агглютинация – кӛп валентті (екі және одан да кӛп) антиденелер мен 
антигеннің байланысу нәтижесі. Пайда болған кешеннің тҧнбаға тҥсуі 
кезінде, яғни реакцияның қалыптасуын кӛзбен кӛру ҥшін міндетті тҥрде 
электролит болуы керек. Антиген мен антидененің байланысуы және 
олардың кешенінің қалыптасуы электролитсіз ортада ӛте беруі мҥмкін.
Агглютинация реакциясындағы антигенді 
агглютиноген
, антиденені 
– 
агглютинин
, ал пайда болған «антиген + антидене» кешенін – 
агглютинат
деп атайды (35-сурет). Бҧл терминдер маңыздылығы 
бойынша, 
яғни 
нақты 
сол 
антиденелер 
агглютининдеуші, 
преципитирлеуші және комплемент байланыстырушы болуы ықтимал.
Агглютинация реакциясында қолданылатын антигендердің ӛзіндік 
ерекшеліктері болады. Біріншіден, олар корпускулярлы жасуша 
суспензиясы немесе басқа дисперсиялы элементтер тҥрінде болуы керек; 
екіншіден, электролиттік ортада тҧрақты тҧнба қалыптастыратын және 
ӛздігінен 
агглютинация 
тудырмайтын 
болуы 
қажет. 
Кейбір 
микроорганизмдер қышқылды немесе тҧзды ортада агглютинацияны 
қалыптастыруы мҥмкін. R-пішінді бактериялар қанықтырылған тҧзды 
және изотониялық ерітінділерінде қайнатқанда немесе қыздырғанда 
ҥлпек тҥзіп, тҧнбаға тҥседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет