Микробиология



Pdf көрінісі
бет131/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

диагнозды дҧрыс қою
ҥшін 
келесі жағдайлар ескеріледі: 
1)
иммунофлюоресценция 
реакциясымен 
(ИФР) 
зерттелген 
материалдардан ауру қоздырғышының табылуы; 
2)
патологиялық материалдардан бӛлініп алынған ӛсінділердің 
ӛсінділік және биохимиялық қасиеттері шошқа тілмесі қоздырғышына 
тән болуы; 
3)
жҧқтырылған жануарлардың ӛлекселерінен шошқа тілмесі 
қоздырғышының таза ӛсіндісінің бӛлінуі. 
 
Бақылау сұрақтары:
1 Шошқа тілмесі қоздырғышының
латынша атауы. 2 Қоздырғыштың морфологиялық, ӛсінділік және
биохимиялық қасиеттері. 3 Шошқа тілмесіне кҥдік туған малдардан 
патологиялық материалдарды алу және оларды зерттеуге жӛнелту 
ережелері. 4 Шошқа тілмесі мен листериоз қоздырғышын бір-бірінен 
ажырату. 5 Биологиялық сынау қойылатын зертханалық жануарлардың 
тҥрлері.


152 
СІБІР ЖАРАСЫНЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ 
 
Сібір жарасының қоздырғышы 
(қойда-топалаң; сиырда-
қараталақ; жылқыда-жамандат; тҥйеде-ақшелек, қарабез)

Bacillus 
anthracis. 
Бҧл
 
ауыл шаруашылық малдары мен жабайы жануарлардың, 
адамдардың жедел тҥрде ӛтетін жҧқпалы ауруын қоздырады. Ауру 
септицемия белгілері мен карбункулдардың пайда болуымен 
сипатталады. Сібір жарасына кҥдік туған кезде (ӛлік ісінуі, табиғи 
тесіктерден қан аралас кӛбік пен ҧйымаған «лак тәрізді қан» ағуы) 
ӛлексені союға болмайды, ӛйткені қоздырғыш топыраққа тҥскен 
жағдайда спора тҥзеді.
Патологиялық материал.
Бактериологиялық зерттеуге ӛліктің 
жатқан жағынан кесіп алған қҧлақты немесе қҧлақтан алынған қанды 
жібереді. Қҧлақты кесіп алардан бҧрын, оның екі жерін жіппен қатты 
қысып байлайды. Сонан соң, екі байлаудың ортасынан қҧлақты кесіп 
алады да, кесілген орынды қатты қыздырылған қалақпен кҥйдіреді. 
Кесілген қҧлақты (жібін шешпей) 3%-ды бор қышқылының ерітіндісімен 
дымқылдандырылған дәкеге, сосын целлофанға орап, темір жәшікке 
салады. Қан аларда қҧлақтың кесіндісін алдын ала дезинфекциялағаннан 
соң қан алады да, қан алынған жерді жалынмен кҥйдіреді. Қан қалың 
қабатпен 3-4 зат шынысына жағынды жасалады да, ауада кептіріледі. 
Ӛлікті сою кезінде сібір жарасына кҥдіктенсе, союды тоқтатып, 
бактериологиялық зерттеуге кӛк бауырдың бір бӛлігін жібереді. Сібір 
жарасына диагноз бактериологиялық және серологиялық (ПР) зерттеу 
нәтижелерінің негізінде қойылады.
Микроскопиясы.
Патологиялық 
материалдардан 
жасалған 
жағындылар Грам, Михин, Романовский-Гимза тәсілдерімен боялады. 
Bacillus anthracis 
кӛлемі 3-10 мкм болатын, ірі грам-оң, жылжымайтын 
таяқша. Олардың жасушалары жеке-жеке, қос-қостан немесе қысқа 
тізбектер тҥрінде орналасады. Таяқшалардың бір-біріне бағытталған 
ҧштары сҥйір, ал бос ҧштары дӛңгеленген болып келеді. Ҧлпалардан 
дайындалған препараттарда қоздырғыш таяқшалары капсуламен 
қоршалған (66-сурет), қарапайым қоректік орталарда капсула тҥзбейді. 
Қоректік орта ӛсінділерінен дайындалған жағындыларда 
Bacillus 
anthracis 
стрептобациллалар тҥрінде кездеседі (67-сурет). Қоректік 
орталардағы мен сыртқы ортадағы микроб жасушасының ортасында 
спора пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет