Микробиология


Ӛсінділік және биохимиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет132/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Ӛсінділік және биохимиялық қасиеттері.
Bacillus anthracis 
аэроб, 
қолайлы ӛсу температурасы 37-38ºС, қарапайым қоректік орталарда 
жақсы ӛседі. Қоздырғышты бӛліп алу ҥшін зерттеуге алынған 
материалдардан Петри шынылары мен шыны тҥтіктерге қҧйылған ЕПА; 
ЕПС-на себінді жасап, 18-24 сағат термостатта ҧстайды. Микробтардың 
ӛсуі байқалмаған жағдайда тағы 48 сағатқа қалдырады.



153 
66-сурет. Патологиялық материалдан 
дайындалған 
Bacillus anthracis 
микроскопиясы
67-сурет. Қоректік ортада
ӛсірілген
 Bacillus anthracis 
микроскопиясы
 
Bacillus anthracis
ЕПА-да жалпақ, кҥңгірт, кедір - бҧдырлы (R-
пішінді), ортасы қара тҥсті, шеттері медузаның аяқтары тәрізді 
тарамдалған колония тҥзеді. ЕПС-да қоздырғыш мақта тәрізді 
борпылдақ тҧнба тҥзеді, ал қоректік орта мӛлдір кҥйінде қалады.
Сібір жарасына диагноз қою ҥшін қоздырғыштың патологиялық 
материалдан табылуы, осы микробқа тән морфологиялық және ӛсінділік 
қасиеттері бар бактериялардың зерттеуге алынған ҥлгілерінен бӛлініп 
алынуы жеткілікті. 
Bacillus anthracis 
басқа сапрофитті бациллалардан келесі қасиеттері 
бойынша ажыратылады (7-кесте). 
7-кесте. Сібір жарасы қоздырғышының сапрофитті бациллалардан 
айырмашылығы 
Ажыратқыш белгілері 
Bacillus 
тҧқымының тҥрлері 
Bacillus 
anthracis
Bacillus 
cereus
Bacillus 
megaterium
Bacillus 
mycoides
Bacillus 
subtilis
Жылжымалығы 





Капсула тҥзуі 





Гемолиз (қанды агарда) 




+/- 
Пенициллинге 
сезімталдығы 





Сібір жарасы фагіне 
сезімталдығы 





Сібір жарасының 
люминесцирлеуші қан 
сарысуымен қойылатын 
реакция 





Ақ тышқандарға 
патогенділігі 

+/- 



Сапрофитті 
бациллалармен 
салыстырғанда 
сібір 
жарасы 
қоздырғышының жылжымалық қасиеті жоқ, қанды агарда гемолиз 
аймағын тҥзбейді, ауру мал организмінде капсула тҥзеді, пенициллинге 


154 
сезімтал. Микробтардың сезімталдығын анықтау ҥшін қҧрамында 
пенициллиннің 0,5 және 0,05 ӚБ/мл бар ЕПА-ына микробты сеуіп, 37-
38ºС-де термостатта 3 сағат бойы ҧстайды. Осы кезде сібір жарасы 
қоздырғышының жасушалары пенициллиннің әсерінен шар тәріздес 
пішінге ие болады. Бҧл қҧбылыс микробтың L- трансформациясының 
бастапқы сатысы болып есептеледі.
Ӛсінділердің идентификациясы сібір жарасының бактериофагының 
кӛмегімен де жҥргізіледі. Ол ҥшін қиғаш қатырылған ЕПА-ға зерттеуге 
алынған ӛсіндіні немесе патологиялық материалды себеді де, шыны 
тҥтіктің ішіне фагтың (Гамма-МВА немесе К-ВИЭВ) бір тамшысын 
тамызып, шыны тҥтікті термостатқа тігінен қойғанда фагтың тамшысы 
тҥбіне қарай жылжиды. Материалда 
Bacillus anthracis 
болған жағдайда 
тамшының тӛмен қарай жылжу жолында микробтың ӛсуі байқалмайды. 
Ал сапрофитті бациллалар фагтарға тӛзімді болғандықтан, ЕПА-дың 
бҥкіл бетіне жайылып ӛседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет