Микробиология



Pdf көрінісі
бет134/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

 
Бақылау сұрақтары:
1 Патологиялық материалдарды дҧрыс алу 
ережесі. 2 Сібір жарасының бактериологиялық диагностикасы қалай 
жҥргізіледі? 3 
Bacillus anthracis
-тің морфологиялық, тинкториалдық 
және ӛсінділік қасиеттері. 4 
Bacillus anthracis
-ті сапрофитті, споратҥзуші 
аэробтардан ажырату. 5 Сібір жарасын бактериофагтардың кӛмегімен 
идентификациялау. 6 Сібір жарасы қоздырғышының антибиотиктерге 
сезімталдылығы 
қалай 
анықталады? 

Зерттеуге 
алынған 
материалдардан сібір жарасының антигені қандай серологиялық 
тәсілдермен анықталады?
 
ПАСТЕРЕЛЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫ 
 
Пастереллез қоздырғышы
– 
Pasteurella multocida, Pasteurella 
туысына, 
Pasteurellaсеае 
тҧқымдасына жатады. Бҧл ауруға ауыл 
шаруашылық малдарының кӛптеген тҥрлері бейім келеді. Шалдыққан 
жануарлардың ішкі органдарда, серозды және кілегейлі қабаттарында 
қабыну процестері мен септицемия белгілері байқалады. Зерттеуге 
жіберілген материалдардан таза ӛсіндіні бӛліп алып, оның қасиеттерін 
анықтағаннан кейін ғана малдарға диагноз қояды. 
Патологиялық материал.
Бактериологиялық зерттеуге бауыр, кӛк 
бауыр, бҥйрек, лимфа тҥйіндері, жҥректен алынған қан, жілік сҥйектері 
жіберіледі. Жаз айларында алынған материалдарды 30%-ды глицериннің 
судағы ерітіндісіне салып, ал жілікті сҥйектерді 5-10%-ды формалиннің 
ерітіндісімен дымқылдандырылған дәкеге немесе мақтаға орап жібереді. 
Pasteurella multocida-
ның морфологиясы мен тинкториальдық 
қасиеті.
Органдар мен қаннан жасалған жағындылары Грам тәсілінде 
бактериялар ҧсақ, қысқа, ҧштары дӛңгеленген таяқшалар грам-теріс 
боялады. Ал, Леффлер кӛгімен немесе Романовский – Гимзе тәсілімен 
боялған пастереллалар биполярлы (шеттері жақсы боялған) болып 
кӛрінеді (68-сурет). Қоректік орталарда ӛсірілген пастереллалардан 
дайындалған препараттарда коккобактериялар немесе қысқа таяқша 
тәрізді жеке-жеке, кейде қысқа тізбек тҥрінде кӛрінеді. 
Pasteurella 
multocida 
қозғалмайды, капсула тҥзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет