Микробиология


Люминесцентті микроскопия



Pdf көрінісі
бет133/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Люминесцентті микроскопия 
сібір жарасы қоздырғышына қарсы 
флюоресцирлеуші антиденелері бар қан сарысуларының кӛмегімен 
орындалады. Зерттеудің оң нәтижесінде бацилла жасушаларының 
сыртқы қабатының жарқырауы байқалады.
Биологиялық сынауда 
ақ тышқандар (0,1-0,2 мл) мен теңіз 
шошқаларының (0,5-1,0 мл) тері астына орган немесе бактерия 
суспензиясын 
егеді. 
Ӛлген 
жануарларды 
сойып, 
толық 
бактериологиялық зерттеуден ӛткізеді.
Бҧл ауруға зерттеуге алынған материалдан сібір жарасы антигенін 
преципитация реакциясымен табу арқылы да диагноз қоюға болады. Бҧл 
реакцияда антиген ретінде орган ҧлпаларынан (қҧлақ ҧлпаларынан) 
алынған экстракт қолданылады. Ол ҥшін ҧсақтап тураған материалды 20 
минут бойы физиологиялық ерітіндіде қайнатқаннан кейін асбестті 
мақтамен сҥзеді. Экстракт суыған соң Уленгут шыны тҥтіктерінде сібір 
жарасының преципитирлеуші қан сарысуымен ПР (Асколи реакциясы) 
немесе ДПР қойылады.
Тері шикізатының ҥлгілері суық тәсілмен ӛңделеді. Ол ҥшін 
зерттеуге жіберілген терінің кесіндісі ҧсақталып, оның 1-2 г 
физиологиялық ерітіндісінде 16-18 сағат бойы бӛлме температурасында 
экстракцияланады. Шошқа терісінің ҥлгісі 30 минут қайнатылады. 
Экстракттар асбестті мақтамен бірнеше рет сҥзіліп, жоғарыда аталған 
реакциялармен тексеріледі.
Сібір жарасына 
диагноз қою
ҥшін тӛменде кӛрсетілген 
шаралардың біреуі анықталса жеткілікті: 1) зерттеуге алынған 
патологиялық материалдардан зертханалық жануарларға патогенді 
болып келетін және сібір жарасы қоздырғышына тән қасиеттері бар 
бактериялардың бӛлінуі; 2) зерттеуге алынған материалдар себілген 
қоректік орталарда микроб ӛсінділерінің пайда болмағанына қарамай, 
жҧқтырылған жануарлардың организмінен ауру қоздырғышының 
бӛлініп алынуы; 3) патологиялық материалдардан дайындалған 


155 
препараттарда капсулалы микроорганизмдердің анықталуымен қатар 
иммунофлуоресценция реакциясының оң нәтиже беруі; 4) преципитация 
реакциясының оң нәтиже беруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет