159
Ӛсінділік қасиеттері.
Патогенді анаэробтар сҧйық қоректік
орталарды (ЕПБС) біркелкі лайлап,
Clostridium histolyticum-
нан
басқалары газ тҥзе отыра ӛседі, 2-3 кҥннен кейін микроб массасы
тҧнбаға тҥсіп, қоректік орта мӛлдірленеді. Қан қосылған агарда
C.perfringens
дӛңгеленген, дӛңес, шеттері тегіс, гемолиз аймағы
байқалған колонияларды қалып-тастыра ӛседі.
C.novyi (C. oedematiens)
ірі, шеттері тегіс емес, ылғалдылығы мол колонияларды тҥзеді.
C.histolyticum
глюкозалы-қанды агарда ҧсақ тамшыларға ҧқсас
колонияларды қалыптастырады.
C.histolyticum-
ның гемолиттік қасиеті
жоқ.
Ферментативтік қасиеті.
C.perfringens
лактозаны, сахарозаны,
мальтозаны және крахмалды қышқыл мен газ тҥзе отыра ыдыратады.
Сҥтті ҧйытып, казеиннің қоймалжың тҥйіршіктері тҥзілген газ
кӛмегімен жоғарыға кӛтеріледі (басқаларында мҧндай қасиет жоқ),
желатинді баяу сҧйылтады.
C.septicum
сахарозаны ферменттемейді, сҥтті баяу ҧйытады,
желатинді баяу сҧйылтса, ҧйыған қан сарысуын тіпті сҧйылтпайды.
Сҧйық қоректік ортада ӛскенде кҥкіртсутек пен аммиак тҥзеді. Индол
тҥзбейді.
C.histolyticum
кӛмірсуларды ыдырата алмайды. Протеолиттік
қасиеті бар: желатинді сҧйылтады, сҥтті пептонизациялайды.
Некротикалық және летальдық қасиеттері бар цитотоксин тҥзеді.
C.novyi
глюкозаны ферменттейді, сҥтті баяу ҧйытады, желатинді
баяу сҧйылтады. Бауыр және пептон қосылған орталарда кҥкіртсутек
пен индол тҥзеді.
Достарыңызбен бөлісу: