Бактериологиялық зерттеуге ӛлексе тҧтас немесе жҧмсарған
бҥйрек алынады. Зертханада бҥйректен, ішектің кілегей қабатынан,
қҧрсақ қуысының экссудатынан, тері асты ісіктерінен, жілік майынан
Кит-Тароцийдің ЕПБС-на себінді жасайды.
ҚАРАСАН ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
Clostridium chauvoei. Ірі қара
малдың (сирек қой мен ешкінің) жіті тҥрде ӛтетін ауру. Ауру
алиментарлы жолмен жҧғып, бҧлшық етке бай жерлерде газды
ісіктердің пайда болуымен сипатталады. Газды ісіктерді басқанда
крепитациялық дыбыс естіледі. Газ кӛпіршіктері ҧлпалардың бактерия
ферменттерімен ыдырауы кезінде тҥзіледі.
Патологиялық материал ретінде зақымдалған ет ҧлпалары
алынады.
Микроскопиясы. Clostridium chauvoei – жуан, ірі, грам-оң
жылжымалы (перитрих), спорасы ортасында немесе субтерминальды
орналасқан таяқша. Спорасының диаметрі вегетативті жасушасынан
ҥлкен болғандықтан ҧршық немесе ожауға ҧқсас болып келеді.
Ӛсінділік-биохимиялық қасиеттері. Қоздырғыштың қолайлы ӛсу
температурасы 36-38ºС. Сҧйық қоректік орталарды 16-24 сағаттан кейін
лайлайды, газ тҥзіп, кейіннен тҧнбаға тҥседі, глюкоза мен қан қосылған
агарда жҥзім жапырағы тәрізді колонияларды тҥзіп, ӛседі. Желатинды
сҧйылтады, сҥтті ҧйытады. Қышқыл мен газ тҥзе отыра глюкоза, лактоза
және мальтозаны ыдыратады. Салицин, маннит, глицеринді ашытпайды.
Биологиялық сынау. Ӛсіндінің патогенділігі теңіз шошқаларының
бҧлшық етіне егу арқылы анықталады. Жҧқтырылған жануарлар 24-96
сағаттан кейін ӛледі.
СІРЕСПЕ ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
Clostridium tetani топырақта, суда,
қида, нәжісте, кең таралған. Ол жануарлар мен адамдарды ӛзінің
тіршілік ӛнімдерімен уландыратын ауру.
Патологиялық материал. Зерттеуге
жіберілген
жарақат
экссудаттарынан Пастер тҥтікшесінің кӛмегімен Кит-Тароций ортасына
себінді жасайды. 5-7 кҥннен кейін пайда болған аралас ӛсінділер
асбестті сҥзгіш пластиналармен сҥзіп, оны ақ тышқандар мен теңіз
шошқаларының тері астына жҧқтырады. Жҧқтырылған материал
қҧрамында сіреспе токсиндері болған жағдайда нақты клиникалық
161
белгілері байқалып, ӛледі. Сонымен қатар, материал микроскопиялық
және бактериологиялық зерттеуден ӛткізіледі.