Микробиология


Морфологиялық, ӛсінділік және биохимиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет141/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Морфологиялық, ӛсінділік және биохимиялық қасиеттері. 
C.tetani
– жіңішке болып келген, грам-оң, жылжымалы, ҧзындығы 4-8 
мкм, терминальды орналасқан споралары вегетативті жасушаларынан 
ҥлкен болып келген (барабан таяғына) таяқша (73-сурет). Споралары 
ҧзақ уақыт қайнатуға тӛзімді келеді. Қолайлы ӛсу температурасы 37ºС. 
Сҧйық қоректік ортада біркелкі лайланып, 
3-4 кҥннен соң тҧнбаның тҥзілуінен орта 
мӛлдірленеді. 
Висмут-сульфит 
агарда 
C.tetani 
қараяды. Глюкоза мен қан 
қосылған агарда шеттері тегіс емес ҧсақ 
колонияларды қҧрады. Желатинді баяу 
сҧйылтады, 
сҥтті 
ҧйытпайды, 
кӛмірсуларды ыдыратпайды. Кҥкірт пен 
аммиак тҥзеді. Сіреспеде антитоксикалық 
иммунитет пайда болады.
БОТУЛИЗМ 
ҚОЗДЫРҒЫШЫ 
– 
Clostridium botulinum. 
Ауру малдар мен 
адамдардың 
азық 
(тағам) 
арқылы 
улануымен, 85-100%-ының ӛлуімен сипатталады.
Патологиялық материал 
ретінде зертханаға
 
ірі малдардың 
уланған азықтарының қалдықтары, ит пен мысықтың қҧсықтары 
жіберіледі. Ӛлген жануарлардың ішек-қарын ішіндегі массасы, лимфа 
тҥйіндері, кӛк бауыр, бауыр, бас миы тексеріледі. Токсиндердің 
инактивациялануының алдын алу ҥшін патологиялық материалдарды 
кҥңгірт тҥсті шыны ыдыстарға жеке-жеке салады. Материалдардан 
қоздырғыштың токсиндері зерттеледі. Қоздырғышты бӛліп алу ҥшін 
ҥлгілерді сҧйық және тығыз қоректік орталарға себеді.
Морфологиялық, 
ӛсінділік 
және 
биохимиялық 
қасиеттері. 
C.botulinum 
ірі (4-6 мкм), жылжымалы, грам-оң таяқша. Спорасы бар 
жасушалар теннис ракеткаларына ҧқсас болып келеді (74-сурет).
73-сурет. 
Clostridium tetani 
морфологиясы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет