162
Сҧйық қоректік орталарда қарасан қоздырғышы тәрізді ӛседі. Қан
қосылған агарда гемолиз аймағы байқалады. Желатинді сҧйылтады,
сҥтті газ тҥзе отыра пептонизациялайды, кҥкіртсутек, аммиак, май
қышқылын тҥзеді. Глюкоза, мальтоза, глицеринді ферменттейді.
Антигендік қҧрылымы жағынан әр тҥрлі болып келетін ӛте кҥшті
A, B,
C, D, E, F
– токсиндерді тҥзеді. Ішекке тҥскен токсин қан арқылы бас
миына жетіп, сопақша ми, жҥрек-тамыр жҥйесі жасушалары мен
бҧлшық етті зақымдайды. Токсинді патологиялық материалдан бӛліп
алу ҥшін оны 1:2 қатынасында физиологиялық ерітіндімен араластырып,
1-2 сағаттан соң алынған экстрактты Зейтц сҥзгісінен ӛткізеді де, ҥшке
бӛледі. Бір бӛлігін зертханалық жануарлардың тері астына егеді.
Материалда токсин болған жағдайда жануарлар ӛледі. 80ºС
температурада 30 минут бойы қыздырылған екінші бір бӛлігін теңіз
шошқаларға егеді. Токсин термолабильді, қыздырғанда белсенділігі
жойылып, теңіз шошқасына зиянсыз болып қалады. Ҥшінші бӛлігі
токсиннің қай топқа жататындығын анықтауда қолданылады. Ол ҥшін
сҥзінді поливалентті антитоксинді қан сарысуымен араластырылып, 1-2
сағат термостатта ҧсталғаннан кейін теңіз шошқаларының тері астына
егіледі. Сҥзіндідегі токсиндер антитоксиндермен залалсыздандырылып,
жануарларға зиянсыз болып қалады. Мҧндай нәтижелер ботулизмді
балауға мҥмкіндік береді.
ФУЗОБАКТЕРИОЗ (НЕКРОБАКТЕРИОЗ) ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
Fusobacterium necrophorum.
Ол
әдетте жергілікті некротикалық
процестердің
дамуымен
сипатталады.
Некроз
жиі
жағдайда
жануарлардың аяқтарында, кейде ошақтар бауыр, ӛкпе, бҥйрек және т.б.
органдарда байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: