Микробиология


Патологоанатомиялық ӛзгерістері



Pdf көрінісі
бет167/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Патологоанатомиялық ӛзгерістері. 
Шошқалардың африкалық 
обасыннан ӛлген шошқалардың ретикулоэндотелиальды жҥйесі қатты 
зақымдалған, геморрагиялық диатез, тҥрлі органдарда дистрофиялық 
және некротикалық ошақтарды байқалады. Ӛлексенің сіресіп қалуы тез 
дамиды және анық кӛрінеді. Ауыздың жыныс мҥшелері мен 
конъюнктиваның кілегейлі қабықтары, терілерінің кейбір жерлері 
кӛкшілденіп, жаппай қанталаған. Кӛкірек және қҧрсақ қуыстарында 
фибрин, кейде қан аралас серозды геморрагиялық экссудат жиналған. 
Лимфа бездері ҧлғайып, қанталап, оларда ҧйыған қан немесе гематома 
кездеседі. Кӛк бауыр қара қошқылданып, шектен тыс ҧлғаяды. Ӛкпенің 
домбығуы байқалады. Бҥйрек қанға толы, бауыр мен ӛт қабы ҧлғайған. 
Тері асты шелі, қҧрсақ қуысындағы органдардың және шажырқайдың 
қан тамырлары ҧйымаған қанға толы болады. 


190 
Дифференциалдық балауы. 
Шошқалардың африкалық обасын 
шошқаның классикалық обасынан, шошқа тілмесінен, пастереллезден, 
сальмонеллезден, сібір жарасынан және кез келген уланудан ажырату 
қажет. Шошқалардың африкалық обасын классикалық обадан ажырату 
ҥшін міндетті тҥрде вирус жҧқтырылған шошқаның лейкоцитарлық 
ӛсінділерін гемадсорбция реакциясымен зерттейді. Себебі, классикалық 
обада вирустар гемадсорбцияланбайды, ал африкалық оба вирусы 
гемадсорбцияланады.
Зертханалық балауы. 
Зерттеуге қажетті материал ретінде
шошқалардың дене қызуының алғашқы кӛтерілуі кезінде алынған қан 
ҥлгілері (1:10 қатынасында гепарин қосылған), кӛк бауыр, бҥйрек, 
лимфа бездері мен ауру және сауығып келе жатқан жануарлардың қан 
сарысулары алынады. Патологиялық материалдар +4ºС-де сақталады.
Вирустарды өсіру
. Шошқалардың африкалық оба вирусын бӛліп 
алу ҥшін шошқа моноциттерінен, жілік майы жасушаларынан алынған 
алғашқы жасуша ӛсінділері қолданылады. Вируспен зақымдалған 
жасушалар сопақша келіп, кӛлемі ҧлғаяды, сосын кӛп ядролы 
жасушалар пайда болады. Сонымен қатар вирустарды тауық 
эмбриондарында және 3-4 айлық торайлардың, қозылардың және 
қояндардың организмінде ӛсіруге болады. 
Биосынама 
АӚК 
мемлекеттік 
инспекциясы 
Комитетінің 
рҧқсатымен 2-4 айлық торайларға қойылады. Егер вирус жҧқтырылған 
жануарлар ауруға шалдықса немесе ӛлімге ҧшыраса, бҧл індеттің балауы 
деп есептеледі. 
Вирустардың индикациясы мен идентификациясы. 
Вирустардың 
индикациясында жасуша ӛсінділерін гемадсорбциялау реакциясы, 
идентификациясында 
иммунды 
флуоресценция, 
комплементті 
байланыстыру, диффузиялық преципитация реакциялары және иммунды 
ферменттік талдау әдістері қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет