185
Шешек вирусы ауру малдардан сау малдарға тҥрлі жолдар арқылы
тез таралады. Экспериментальды жолмен де тез жҧғады. Кейбір шешек
вирустары тауық эмбриондарының хорионаллантоисты қабықшасында
некротикалық тҥйіндерді тҥзе отыра кӛбейе алады (тҥрлі вирустардың
морфологиясы тҥрліше болады). Сонымен қатар шешек вирусына тән
жануарлардан алынған алғашқы жасуша ӛсінділерінде де кӛбейеді.
Шешек вирусының антигендері ИФР мен ДПР кӛмегімен анықталады.
Шешек ауруын балау эпизоотологиялық деректерге,
клиникалық
белгілеріне, патологоанатомиялық ӛзгерістеріне және зертхана
жағдайында микроскопиялық зерттеуге, вирустарды бӛліп алуға,
гистологиялық зерттеулерге және ауруды анықтаудың қосымша әдістері
ретінде
иммунды
флуоресценция,
вирустарды
бейтараптау,
диффузиялық преципитация реакциялары мен иммунды ферменттік
талдау пайдалануға негізделген.
Клиникалық белгілері.
Аурудың жасырын кезеңі қойлар мен
ешкілерде – 8-21 тәулікке (орта есеппен 12 кҥн), шошқаларда – 10-14
тәулікке, қҧстарда – 15-20 тәулікке дейін созылады.
Қойлар мен
ешкілерде ауру субклиникалық, папулезді-везикулярлы (жарақаттары
бір-біріне қосылған) және нодулярлы (геморрагиялық немесе қара
шешек) тҥрде ӛтеді. Бҧл жағдайда малдар жҥдейді, анарексия болады,
дене қызуы 41-42ºС-ге дейін кӛтеріледі. Қабақтары ісінеді,
конъюнктивит, жарықтан қорқады, кӛздерінен жас ағады, танауларынан
серозды-кілегейлі сҧйықтық ағады, тыныс алуы қиындайды. Шешекке
тән бӛртпе
ошақтары қызарып, 1-4 кҥннен кейін жҥні аз жерлерінің
терісінде (енінде, желінінде, ерінінде, тҧмсығында, кӛз айналасында,
қҧрсағы мен аяқтарының ішкі беткейлерінде) жақсы байқала бастайды.
1-2 кҥннен соң қызарған бӛртпелер дӛңгеленген,
тығыз папулаларға
айналады. Кейбір жануарларда папулалар некрозға ҧшырап, қҧрғап,
қабыршаққа айналып, 3-6 кҥннен кейін тҥсіп қалады. Тҥсіп қалған
қабыршақтарының орындары ашық қызыл немесе қызғылт тҥсті болып
тыртықтанады. Шешекке шалдыққан жануарлардың шамамен 15-25%-
ында патологиялық процесс созылып, 3-5 тәуліктен кейін папулалар
везикулаларға
айналады.
Шешек
бӛртпелері
қатты
қышып,
патологиялық процесс терінің басқа жеріне жайыла бастайды.
Везикулалар мен пустулалар бір-бірімен қосылып, ҥлкен
іріңді
жарақатқа айналады. Аурудың бҧл ағымдарында дене қызуы қатты
кӛтеріледі, жағдайы қиындап, малдардың кӛпшілігі ӛлімге ҧшырайды.
Терілерінде терең жарақаттанған жағдайда қан тамырлары зақымдалып,
сау терілері, кілегей қабықшалары, папулалар,
везикулалар мен
пустулалар қанталайды. Бӛртпелер беттері қабынып, іріңді экссудат
жиналып, беттері қараяды (геморрагиялық тҥрі). Бҧл жағдайда
мҧрындарынан, тістің қызыл иегінен қан ағады, қан аралас іші ӛтеді.
Малдар
тез әлсірейді, дене қызуы қатты кӛтеріледі, организм уланады,
жҥдеп, ӛледі. Аурудың абортивті тҥрінде малдардың ӛлімге ҧшырауы 2-
5%-дан аспайды, ал геморрагиялық немесе қара шешек тҥрінде
186
жануарлардың ӛлімі 70-100%-ға дейін жетеді. Ешкілерде бӛртпелер
негізінен желін терісінде болады, ал лақтарда ауыз және мҧрын
қуыстарының кілегейлі қабықтары зақымдалады.
Шошқаларда везикулалар ӛте сирек пайда болады. Оларда
папулалар бірден пустулаға ауысады. Сарғылт-сҧр тҥсті пустуланың іші
іріңді затқа (некрозға ҧшыраған ҧлпаларға) толы болады, кейде олар бір-
бірімен қосылып, диаметрі 2,5 см-ге дейін жетеді.
Шешекке шалдыққан қҧстардың жалпы кҥйі нашарлайды,
әлсірейді, жҧмыртқалау қабілеті кҥрт тӛмендейді.
Ауру ағымы
дифтериялық, терілік және трахеальды формада ӛтеді. Дифтериялық
формада – ауыз және мҧрын қуыстарының, кӛздің кілегей қабықшалары
зақымдалады. Терілік формада – айдары мен сырғасында, ауыз
бҧрыштарында,
қабағында,
желкесінде,
аяқтары
мен
клоака
айналасында бозғылт-сары тҥсті дақтар пайда болады. Кейінірек ондай
дақтар қою қызыл тҥсті қатты қабыршыққа айналады. Бір-біріне жақын
орналасқан шешек бӛртпелері қосылып кетеді. Трахеальды формада –
қабынулар трахеяның жоғарғы бӛлігінде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: