187
жағындыны микроскоппен қарау нәтижесінде ҧсақ, коккалардың таза
ӛсінділері тәрізді – элементарлы денешіктерді кӛруге болады.
Жағындыларды М.А. Морозов әдісімен бояуда 3 тҥрлі ерітінді
қолданылады.
№1 ерітенді (Руге сҧйықтығы): 1 мл сірке қышқылының
концентраты, 2 мл формальдегидтің 40%-ды ерітіндісі және 100 мл
дистилденген су.
№2 ерітінді: 5 г таза танинді 100 мл дистилденген суда ерітіп, оған
1 мл карбол қышқылын (фенол) қосады.
№3 ерітінді (аммиакты кҥміс ерітіндісі): 5 г азот қышқылды кҥмісті
1 мл дистилденген араластырады. Оның 10:1 бӛлігін алып тастайды да,
қалғанына 25%-ды аммиак ерітіндісін тамызу арқылы қосады.
Бастапқыда қара тҥсті сҧйықтықтың тҥсі аздап лайланғанға дейін
тамызады. Сҧйықтық мӛлдірленіп кеткен жағдайда оған азот қышқылды
кҥмісті қайта тамшылату арқылы қосады. Дайын болған ерітіндіні 1:10
қатынасында дистилденген сумен араластырғаннан кейін препараттарды
бояуда пайдаланады.
М.А. Морозов бойынша бояу тәсілі:
жағындыны №1 ерітіндімен 3-5
минут ӛңдеп, дистилденген сумен шайғаннан кейін №2
ерітіндіні
тамызғаннан кейін 1-2 минут бойы аздап қыздырады (бу пайда болғанға
дейін) да, дистилденген сумен қайтара жақсылап шаяды. Сонан соң №3
ерітіндімен жағынды қою-қоңыр тҥске боялғанға дейін аздап (1-2 мин)
қыздырады да, дистилденген сумен шайып, ауада кептіреді.
Иммерсиялы май тамызып микроскоппен зерттеу барысында сары тҥсті
аяда ҧсақ дӛңгеленген немесе сопақша келген қою-қоңыр тҥсті
денешіктер кӛрінеді. Денешіктер топтасып, қатарласып немесе
диффузиялық массаларды тҥзіп орналасады. Осы денешіктер шешек
вирустары болып табылады.
Биосынама
әрдайым табиғи
сезімтал жануарлар мен сол
жануарлардан алынған тҧрақты жасуша ӛсінділерінде қойылады. Шешек
вакцинасы вирусы, сиыр мен жылқы шешегінің вирустарына қояндар
сезімтал, ал тауық эмбриондары болса, тауық шешегі вирусымен қатар
шешек вакцинасына, сиыр шешегі мен кӛгершін шешегінің вирустарына
да сезімтал келеді. Барлық шешек вирустары дермотропты,
сондықтан
оларды тері ішіне немесе скарификацияланған тері беткейіне, сонымен
қатар тауық эмбриондарының хорионаллантоисты қабықшасына
жҧқтырады.
Әтештердің
скарификацияланған
айдарына,
қауырсын
фолликулаларына жҧқтыруға болады. Ол ҥшін қҧстың айдарының бетіне
иньекциялық иненің немесе сынған Пастер тҥтігінің кӛмегімен сызат
жасап
вирустық
материалды
жҧқтырады.
Әтеш
сирағының
қауырсындарын жҧлып, жалаңаштанған
фолликулаларға вирус
суспензиясын тампонмен немесе щеткамен жағады.
188
Жҧқтырылған материал қҧрамында вирус болған жағдайда
тауықтардың айдарында шешекке тән бӛртпелер 5-7-тәулік аралығында,
ал сирағында фолликулиттер пайда болады.
Шешек
вирусының
индикациясы
мен
серологиялық
идентификациясында
иммунофлюоресценция,
диффузиялық
преципитация реакциялары және иммунды ферменттік талдау тәсілдері
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: