Бақылау сұрақтары: 1 Шешек вирустарының қысқаша
сипаттамасы. 2 Шешек ауруына тән клиникалық белгілер мен
патологоанатомиялық ӛзгерістер. 3 Шешек ауруының дифференциалдық
балауы. 4 Шешек вирусын бӛліп алуға және идентификациялауға
қажетті патологиялық материалдар. 5 Жануарлар шешегінің
зертханалық
балауында
жҥргізілетін
зерттеу
жҧмыстары.
6 Микроскопиялық және гистологиялық зерттеулер қандай мақсаттарда
жҥргізіледі? 7 Вирустарды ӛсіруде қолданылатын жасуша ӛсінділері.
8 Биосынама қандай жануарларда қойылады? 9 Шешек вирусының
индикациясы мен серологиялық идентификациясында қолданылатын
серологиялық реакциялар.
ШОШҚАЛАРДЫҢ АФРИКАЛЫҚ ОБАСЫ Шошқалардың африкалық обасы (
Pestis africana suum ) – жиі
жағдайда жіті ағымда ӛтетін, қызбамен, септицемиямен, токсикозбен,
тері цианозымен, геморрагиялық диатезбен, лимфоиты ҧлпаларының
некробиозымен сипатталатын және шошқалардың ӛлімімен аяқталатын
аса жҧғымтал вирустық ауру.
Ауру қоздырғышы ДНҚ-лы бар вирустар тобына,
Iridoviridae тҧқымдастығына жатады. Шошқалардың африкалық обасы вирусының
қҧрамында
топқа
тән
комплементті
байланыстыратын,
преципитиндейтін және тҥрге тән гемадсорбцияны тудыратын
антигендері бар. Бҧл вирусты 1921 жылы алғаш рет Монтгомери
анықтаған.Вирус пішіні икосаэдрге ҧқсас, кӛлемі 175-215 нм болады.
Шошқалардың африкалық оба вирусы кептіруге, мҧздатуға және
қоршаған ортаның тҥрлі әсерлеріне тӛзімді келеді. Вирус нәжісте,
топырақта және етте 5-6 ай, ӛлекседе 2,5 ай, +37ºС-де 15-30 кҥн, +5ºС-де
5-7 жыл бойы сақталады. +56ºС-де қыздырғанда 1 сағатқа дейін
шыдайды. Вирус қышқылды және сілтілі орталарға тӛзімді келеді.
Қҧрамында хлоры бар дезинфекциялаушы заттардың әсерінен вирустар
4 сағаттан кейін инактивацияланады.
Шошқалардың африкалық обасын балау эпизоотологиялық
деректерге,
клиникалық
белгілеріне,
патологоанатомиялық
ӛзгерістеріне, вирустарды бӛліп алуға, шошқалардың классикалық
обасына қарсы иммунделген және иммунделмеген жануарларға жҧқтыру
189
арқылы және серологиялық реакциялармен (ИФР, ДПР, КБР, ИФТ,
гемадсорбция реакциясы) анықтауға негізделген.