Судағы бактериялардың жалпы санын анықтау ҥшін суаттардан алынған су
ҥлгілерді жалпы тәсіл бойынша сҧйылтады.
Ол ҥшін 2 мл ҥлгіні алып, 1 мл-ін бірінші
стерильді Петри шыны аяғына, ал қалған 1
мл-ін 9 мл стерильді суы бар бірінші шыны
тҥтікке
қҧйып,
араластырғаннан
кейін,
ерітіндінің 1 мл-ін екінші 9 мл стерильді суы
бар
шыны тҥтікке қҧйып, жақсылап араластырған
соң келесі пробиркаға 1 мл қҧяды. Осындай жолмен небәрі 3-7
сҧйылтым дайындайды. Сонан соң осы шыны тҥтіктердегі су ҥлгілерін 1
мл-ден стерильді Петри шыныларына қҧяды. Олардың әрқайсысына 10-
12 мл-ден 45ºС-қа дейін салқындатылған ЕПА-ын қҧйып, айналмалы
қозғау арқылы су ҥлгілерімен араластырады. Петри шыныларына
қарындашпен себу жасалған уақыты, су ҥлгісінің сҧйылтымының
дәрежесі және басқа керекті мәліметтерді жазғаннан кейін аударып, 35-
37ºС-қа дәлденген термостатқа, 24-48 сағатқа қойылады. Ӛсіп шыққан
микроб колонияларының санын су ҥлгісінің сҧйылтылу дәрежесін еске
ала отыра, микроорганизмдердің 1 мл-дегі мӛлшерін лупанмен санау
арқылы анықталады. 1 мл қҧбыр судағы бактериялардың жалпы саны
100-ден, ал ашық су қоймаларынікі 1000-нан аспауы керек. 1 мл суда 0-
ден 100-ге дейін колониялар кездессе – таза, ішуге жарамды, 100-ден
1000-ға дейін колониялар болса – кҥдікті, ал 1000-нан жоғарғылары –
ластанған деп есептеледі.
Судың коли-титрін және коли-индексін анықтау. Судағы ішек
таяқшаларының шамадан артық болуы, олардың нәжістермен және
патогенді микроорганизмдермен ластанғандығын кӛрсетеді. Судың ішек
таяқшаларымен ластану дәрежесі –
коли-титр және
коли-индекспен кӛрсетіледі.
Коли-титр – 1 ғана ішек таяқшасы кездесетін судың ең аз
мӛлшері.
Коли-индекс – 1 литр судағы ішек таяқшаларының жалпы
саны.