Микробиология



Pdf көрінісі
бет49/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Бақылау сұрақтары:
 
1 Судың коли-титрі мен коли-индексі, 
оларды анықтау жолдары. 2 Бактериологиялық зерттеуге су ҥлгілерін
алу тәсілдері. 3 Судағы патогенді микроорганизмдерді қалай 


58 
анықтайды? 4 Ауа мен топырақты санитарлық-бактериологиялық 
бағалау жҧмыстарында ескерілетін кӛрсеткіштер. 5 Ауада кездесетін 
микробтардың жалпы санын анықтау тәсілдері. 6 Топырақтағы
термофильді бактерияларды анықтау тәсілдері. 7 Перфрингенс титрді 
анықтау жолы.
 
СҤТ ЖӘНЕ ЕТ ӚНІМДЕРІН БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ 
ӘДІСТЕРМЕН ЗЕРТТЕУ 
Сҥт және сҥт ӛнімдерін санитарлық-бактериологиялық зерттеу. 
Сҥттің қҧрамында кӛптеген патогенді микроорганизмдер кездесіп, 
адамдар мен жануарларды жҧқпалы ауруларға шалдықтыруы мҥмкін. 
Сҥтке микробтар қоршаған ортадан немесе ауру малдардың сҥт безінің 
цистернасынан тҥсуі мҥмкін. Сҥт және сҥт ӛнімдерінің санитарлық-
бактериологиялық жағдайын микроб санына және коли-титр 
кӛрсеткішіне, қажет жағдайда олардың қҧрамындағы патогенді 
микроорганизмдер мен оларға қарсы тҥзілген антиденелерді зерттеу 
арқылы анықтайды. 
Микроб санын анықтау ҥшін сҥтті стерильді физиологиялық 
ерітіндімен әр тҥрлі сҧйылтымда (1:10, 1:100, 1:1000) араластырады. Әр 
сҧйылтымды (1 мл) стерильді Петри шыныларына енгізеді де, ҥстіне 
балқытылып салқындатылған агарды қҧяды. Бір тәулік 37°С-де 
инкубацияланған себінді материалдан ӛскен колониялардың саны 
анықталады.
Сҥттің коли-титрін анықтау ҥшін Кесслер ортасы қҧйылған 6 шыны 
тҥтікке себінді жасалады. Бастапқы 3 тҥтікке 1 мл, ал қалған ҥшеуіне
0,1 мл сҥт (1 мл сҥтті 1:10 қатынасында стерильді сумен сҧйылтылған) 
қҧйылады. Себіндіні 43°С-ге реттелген термостатта бір тәулік бойы 
инкубациялайды. Содан кейін ашыған сынамалардан Эндо, Козер және 1 
% глюкоза қосылған пептонды сулы орталарға себінді жасайды да, Эндо 
және Козер орталарындағы себіндіні 37°С-ге, ал глюкоза қосылған 
ортада себіндіні 43°С-ге реттелген термостатқа орналастырады. Эндо 
ортасында ӛскен қызыл тҥсті колониялардан дайындалған жағындыны 
Грам тәсілімен бояп, микроскоппен тексереді.
Нәтижелерді бағалау барысында тек қана Козердің нитратты
ортасында ӛспейтін, қышқыл және газды қалыптастыратын глюкозаны 
ашытушы бактериялар ғана ескеріледі.
Козер ортасының 
қҧрамы:
 
дистилденген судан, 0,15% натрий 
аммоний фосфатынан, 0,1% калий фосфатынан, 0,02% магний 
сульфатынан, 0,25% натрий цитратынан тҧрады. 
Жоғарыда аталған реттілік бойынша кілегей мен сҥт қышқылды 
тағам ӛнімдерін тексереді. Олардың коли-титрі анықталады және 
ӛнімнің нормаға сәйкестігін бағалау жҧмыстары жҥргізіледі.
Сҥттен патогенді бактерияларды анықтау ҥшін арнайы, таңдаулы 
және дифференциалдық-диагностикалық орталарға себінді жасалады. 


59 
Себінді жасалған орталардан таза ӛсінді бӛлініп алынып, олардың тҥрі 
анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет