Микробиология


-сурет. Жануарлардың қҧрсақ және кӛкірек қуысын ашу тәртібі



Pdf көрінісі
бет62/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

24-сурет. Жануарлардың қҧрсақ және кӛкірек қуысын ашу тәртібі
(Н.И. Троценко, 1989) 
25-сурет. Жануарлардың бас сҥйегін ашу тәртібі (Н.И. Троценко, 1989) 


77 
паренхиматозды мҥшелерінде (бауыр, кӛк бауыр), шажырқай лимфа 
бездері мен ішек қабырғаларында болады. Нейротропты вирустарды 
зерттеу ҥшін бас миы, қажет жағдайда жҧлын алынады.
Алынған әрбір сынаманы екіге бӛліп, жеке-жеке резеңке тығыны 
бар стерильді шыны тҥтіктерге салады. Олардың біреуі вирусологиялық 
зерттеуге, ал екіншісі – гистологиялық зерттеулер жҥргізуге арналады. 
Кейбір вирустық инфекцияларды балауда микроскопиялық тәсілдер 
(жарықтық, 
люминесценттік) 
қолданылатын 
жағдайларда 
ғана 
қҧрамында вирусы бар материалдардан зат шыныларының бетіне 
жағындыларды немесе таңбаларды дайындайды. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Вирусологиялық зерттеу жҧмыстарында 
қолданылатын зертханалық жануарларды қолданудың мақсаты және 
олардың тҥрлері. 2 Зертханалық жануарларға қойылатын талаптар.
3 Зертханалық жануарларды кҥту және оларға белгі салу тәсілдері.
4 Зертханалық жануарларды жҧқтыру әдістері. 5 Зертханалық жануарлар 
организмінде вирустардың кӛбеюі нәтижесінде байқалатын белгілер.
6 Зертханалық жануарларды жарып сою тәсілдері. 
 
ТАУЫҚ ЭМБРИОНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ВИРУСОЛОГИЯДА 
ҚОЛДАНУ 
 
Тауық эмбрионын
зертхана жағдайында вирустарды ӛсіруде 
пайдалану XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап іске асырыла бастады. 
Зертханалық 
жануарларға 
қарағанда 
тауық 
эмбриондарының 
артықшылықтары бар. Олардың қауызы мен қауызының астыңғы 
қабықшасы эмбриондардың сыртқы ортадан тҥсетін бактериялармен 
залалдануынан сақтайды және вирустарға ӛте сезімтал келеді. Тауық 
эмбриондары вирустарды ӛсіруге қолайлы орта, кҥтім мен азықты қажет 
етпейді және вирустарға қарсы антиденелерді тҥзбейді. Зертханалық 
жануарлар тәрізді тауық эмбриондарын вирусологияда келесі мақсаттар 
ҥшін: патологиялық материалдардан белсенді вирустарды анықтауда
биосынама қоюда; вирустарды бӛліп алуда; вирустарды титрлеуде; 
вакцина дайындау ҥшін кӛп мӛлшерде вирустарды жинауда
бейтараптау реакциясына қажетті тест-объект ретінде қолданады. 
Вирусы бар материалдармен жҧқтыруға арналған тауық эмбриондарын 
келесі талаптар бойынша таңдап алады: тауық эмбриондарын жҧқпалы 
аурулардан таза қҧс шаруашылығынан алады; жҧмыртқа қауыздарында 
пигменттері болмау және таза болу (жууға болмайды) керек; 
Эмбриондардың жасы таңдап алған жҧқтыру әдістеріне сәйкес болуы 
тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет