Микробиология


Зертханалық жануарлар организмінде вирустардың кӛбеюі



Pdf көрінісі
бет61/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Зертханалық жануарлар организмінде вирустардың кӛбеюі 
нәтижесінде байқалатын белгілер.
Қҧрамында вирусы бар 
материалдар жҧқтырылған жануарлардың клиникалық кҥйін кҥнделікті 
бақылап отырады. Вирустар денеде кӛбейген жағдайда сезімтал 
жасушалардың зақымдалуы байқалады немесе жануарлар ӛлімге 
ҧшырайды. 
Вирустардың 
әсерінен 
жасушалары 
зақымдалған 
мҥшелердің атқаратын қызметтері жартылай немесе толығымен 
бҧзылады. Мысалы, тыныс жолдарының зақымдалуында – жӛтел, 


75 
сырыл, демігу байқалса, ал ми жасушалары зақымдалғанда – сіңірі 
тартылу, әлсіреу, салдану және т.б. белгілері кӛрінеді.
Организм жағдайы мен қызметінің кӛзге кӛрінетін ӛзгерістерінің 
байқалуы 
аурудың 
клиникалық 
белгілері 
деп 
аталады. 
Экспериментальды жолмен жҧқтырғаннан кейін организмде пайда 
болған белгілер вирустардың кӛбеюінің жанама дәлелі болып саналады. 
Бҧл жағдайда тек пайда болған ӛзгерістерді сипаттап қана қоймай, нақты 
бір ауруға тән жасырын кезеңінің ҧзақтығы да ескеріледі. Аурудың 
жасырын кезеңі тек ауру қоздырғышының қасиеттеріне ғана тәуелді 
болмай, вирустың дозасына, олардың организмге ену жолына және 
организмнің жалпы кҥйіне де байланысты болады.
Биосынама 
қою 
мақсатында 
жҧқтырылған 
зертханалық 
жануарларда пайда болған клиникалық белгілер (қысылу, азыққа 
тәбетінің тӛмендеуі, демігу, т.б.) зерттеуге алынған патологиялық 
материалдың қҧрамында вирустың бар екендігін кӛрсетеді. Мҧндай 
белгілерге 
сҥйене 
отыра 
ауруды 
вирустардың 
қандай 
тҥрі 
қоздырғандығын анықтау мҥмкін емес. Вирустардың тҥрін айқындау 
жҧмыстары серологиялық реакциялар кӛмегімен іске асырылады. 
Зертханалық жануарларды жарып сою.
Экспериментальды 
жолмен жҧқтырылған зертханалық жануарлардың организмінде болған 
патологоанатомиялық ӛзгерістерін анықтау және вирусы бар 
материалды бӛліп алу ҥшін оларды жарып сояды. Ӛлімге ҧшыраған 
жануарлардың мҥшелері мен ҧлпаларының кілегей қабықша 
беткейіндегі (әсіресе ішек) микрофлоралармен ластануына жол бермеу 
ҥшін оларды тез арада жарып сою қажет. Ӛлімге ҧшырамаған 
жануарлардың клиникалық белгілері анық байқалғандарын және 
ешқандай белгілер байқалмағандарын 8-10 кҥннен соң (жҧқтырғаннан 
кейін) жансыздандырады. Жануарларды наркоз дозасын арттыру және 
декапитация (бауыздау), сонымен қатар олардың жҧлының ҥзу арқылы 
(ҧсақ жануарлардың) жансыздандыруға болады. Ҧсақ ӛлекселерді 
препарат ҥстеліне, ал ірі жануарлардың ӛлекселерін арнайы ҥстел 
немесе тақтай бетіне аяқтары мен басынан бекітеді. Жануарларды 
жарып сою жҧмыстарында стерильді саймандар қолданылады.
Жануарлардың қҧрсақ және кӛкірек қуыстарын ашу ҥшін оны 
арқасымен жатқызып, алдыңғы және артқы аяқтарын керу арқылы 
бекітеді де, терісінің кесу сызығын бойлай дезинфекциялаушы 
ерітінділермен ӛңдейді. Ҧсақ жануарларды дезинфекциялаушы 
ерітіндіге тҧтастай батыруға болады. Жануарлардың терісін ақ жол 
сызығының бойымен кесіп, терісін екі жаққа кереді де, тҥйреуішпен 
бекітеді. Сосын, екінші стерильді қайшымен қҧрсақ қуысын ашады. Ол 
ҥшін диафрагма сызығынан тӛмен қарай қҧрсақ қуысы мен ақ жол 
сызығының бойымен кесінді жасайды. Ҥш бҧрышты қҧрсақ қуысының 
қабырғаларын керіп бекітеді (24-сурет).


76 
Патологоанатомиялық белгілері байқалған немесе ӛлімге ҧшырар 
алдында ауру белгілері кӛрінген жануарлардың қҧрсақ қуысынан 
қҧрамында вирусы бар материалдар ретінде бауыр, кӛк бауыр, бҥйрек, 
шажырқай лимфа бездері мен ішек кесінділері алынады. Кӛкірек 
қуысындағы мҥшелерді алу ҥшін қабырға сҥйектерін тӛс сҥйегімен қоса 
айналдыра кесіп, қақпақша тәрізді ашады.
Бас сҥйегін ашу ҥшін ӛлексені препарат ҥстеліне қҧрсағымен 
жатқызып, алдыңғы аяқтары мен басын бекітеді (25-сурет). Басы мен 
мойын терісін дезинфекциялаушы ерітіндімен ӛңдегеннен кейін терісін 
қҧлағының артқы жағынан бастап кӛз шарасына дейін айналдыра кеседі 
де, терісін қҧлағымен бірге алдыға қарай аша отыра бас сҥйегін 
жалаңаштайды. Қайшының ҧшын желкенің ҥлкен тесігіне кіргізеді де, 
оңға және солға қарай кӛз шарасына дейін, сосын кӛз шарасының 
арасын айналдыра кескеннен кейін бас сҥйегін ашады. Жҧмсақ 
консистенциялы мидың жҥйке талшықтарын кесіп, бас сҥйегінен 
шығарып алады. 
Жануарларды 
жарып 
сою 
барысында 
ішкі 
мҥшелердегі 
патологоанатомиялық ӛзгерістерге кӛңіл аудару қажет. Қҧрамында 
вирусы бар материал ретінде ӛзгеріске ҧшыраған мҥшелерді алады. 
Сонымен бірге зақымдалған мҥшелердің регионарлық лимфа бездері де 
қоса алынады.
Пневмотропты вирустармен жҧқтырылған жануарлардан қҧрамында 
вирусы бар материал ретінде ӛкпесі, қабырға аралық лимфа бездері мен 
кеңірдегін алады. Висцеротропты вирустар қҧрсақ қуысының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет