Микробиология


Зертханалық жануарларды кҥту және ҧстау



Pdf көрінісі
бет59/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Зертханалық жануарларды кҥту және ҧстау.
Сау және 
жҧқтырылған 
зертханалық 
жануарлар 
бӛлек 
виварийлерде 
орналастырылады. Тышқандар мен егеуқҧйрықтарды ауа температурасы 
+20ºС болатын қара кӛлеңкелі бӛлмеде, ал теңіз шошқалары, қояндар 
мен тауықтарды температурасы сәйкесінше 16-23ºС, 14-18ºС және 0ºС-
ден жоғары болатын, жарығы мол жерде ҧстайды. Жануарлар ҥнемі 


73 
толық азықтандырылып отыруы қажет. Қызмет кӛрсетуші жҧмыскерлер 
арнайы киімдер (халат, резеңке қолғап, алжапқыш, су ӛтпейтін аяқ киім) 
киіп, виварийдің керек-жарақтарын кҥнделікті дезинфекциялайды және 
жинастырады. Тәжірибе аяқталғаннан кейін ӛлімге ҧшыраған, 
ӛлтірілген, сойылған жануарларды арнайы пештерде ӛртейді немесе 
автоклавта 
зиянсыздандырады, 
жануарлар 
тҧрған 
торларды 
дезинфекциялайды.
Зертханалық жануарларды таңбалау (белгі салу).
Экспериментте 
қолданылатын жануарларға тҥрлі белгілер салады. Вирусы бар материал 
жҧқтырылған жануарлар тҧрған торға қолданылған вирус атауы, 
жҧқтырылған жануарлар саны, жҧқтырылған кҥні, т.б. мәліметтер 
жазылған бирканы бекітеді.
Әртҥрлі жануарлар ҥшін тҥрлі белгі салу тәсілдері пайдаланылады. 
Нӛмірленген метал бирканы қояндар қҧлағының тҥбіне, ал теңіз 
шошқаларының қҧлақ шеміршегіне сырға тәрізді қыстырады, 
тауықтардың аяғына сақина тәрізді етіп кигізеді.
Аздаған топтағы жануарлардың арқасының немесе жамбасының 
жҥнін қырқу арқылы таңбалауға болады. Теңіз шошқаларын тҥр тҥсіне 
қарай жҧмыс журналына тіркеу арқылы белгілейді.
Ақ тышқандар мен егеуқҧйрықтардың алдыңғы немесе артқы 
аяқтарының саусақтарын ампутациялау арқылы белгі салуға болады. 
Олардың әрқайсысы реттік нӛмірге сәйкес: алдыңғы аяқтарының 
саусақтары – бірлік, ал артқы аяқтарының саусақтары – ондық сандарын 
қҧрайды. Сонымен қатар, белгі салу жҧмыстарында тҥрлі бояулардың 
қаныққан ерітінділері (пикрин қышқылы, фуксин және бриллиант 
жасылы) де пайдаланылады. Жануарлар денесінің бояумен белгіленген 
жерлері олардың реттік санын білдіреді. Бҧл 
жағдайда жануар денесін ҥш бӛлікке (сол жағы, 
арқасы және оң жақ бҥйірі) бӛліп алады да, 
бояумен таңбалауды сол жағының алдыңғы 
бҧрышынан (жауырынынан) бастайды. Мҧнда, сол 
жақ жауырыны таңбаланған жануардың реттік 
саны – 1, сол жағының ортаңғы бӛлігі 
таңбаланғаны – 2, сол жақ жамбасы таңбаланғаны 
– 3, желкесі – 4, арқасы – 5, қҧймышақ аумағы 
таңбаланғаны – 6, оң жақ жауырыны таңбаланғаны 
– 7, оң жағының орта бӛлігі таңбаланғаны – 8, оң 
жағының жамбасы таңбаланған жануардың реттік 
саны сәйкесінше 9 санын білдіреді (23-сурет).
Екі тҥсті бояуды қолдана тыра, олардың бір 
бояудың тҥсін – бірлік, ал екіншісін ондық сан деп 
белгі салуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет