74
тері ішіне, бҧлшық етке, қҧрсақ қуысына, тамыр ішіне, интраназальды
және интрацеребральды жолдарымен жҧқтырылады. Жҧқтыру жолын
таңдау вирустардың тропизміне байланысты болады. Вирустар тропизмі
деп
–
вирустардың
организмнің
белгілі
жасушаларында
репродукциялануын
айтады.
Жҥйке
жҥйесі
жасушаларында
репродукцияланатын вирустар
нейротропты
(қҧтырық вирусы), тері
жасушаларында репродукцияланатындарын –
дерматропты
(шешек
вирусы),
ӛкпе
жасушаларында
репродукцияланатын
вирустар
пневмотропты
(тҧмау вирусы) деп аталады. Бірнеше тҥрлі жасушаларда
репродукцияланатындарын
политропты
вирустар (ірі қараның жҧқпалы
ринотрахеиті тыныс және кӛбею мҥшелерінің жасушаларында), ал
барлық типтегі жасушаларда репродукцияланатын вирустарды
пантропты
(ит обасының вирусы) деп дейді.
Вирустардың тропизмін біле отыра, материалды белгілі бір вирусқа
сезімтал келетін жасушалары бар органға енгізеді. Мысалы, тҧмау
вирусын интраназальды, шешек вирусын – тері ішіне, қҧтырық вирусын
– интрацеребральды жолмен жҧқтырады. Пантропты вирустарды тамыр
ішіне немесе қҧрсақ қуысына енгізген жағдайда организмге біркелкі
тарайды.
Зерттеуге алынған материалдағы вирустың тропизмі белгісіз болған
жағдайда, жануарлардың бірнеше топтарына материалдарды тҥрлі
жолдармен
енгізеді.
Жҧқтыру
жҧмыстарында
қолданылатын
материалдардың дозалары жануарлардың тҥріне және организмге енгізу
дәрежелеріне байланысты қҧбылып отырады (1-кесте).
1-кесте.
Зертханалық
жануарларды
жҧқтыруға
арналған
материалдардың максимальды дозалары (мл)
Жҧқтыру әдістері Қояндарға
Теңіз
шошқаларына
Ақ
егеуқҧйрықтарға
Ақ
тышқандарға
Тері ішіне
0,1
0,1
0,05
0,02
Тері астына
5,0
3,0
3,0
0,5
Бҧлшық етке
5,0
2,0
1,0
0,3
Қҧрсақ қуысына
10,0
5,0
2,0
1,0
Қан тамырға
5,0
2,0
2,0
1,0
Интраназальды
1,0
0,3
0,1
0,03
Интрацеребральды
0,3
0,05
0,03
0,02
Достарыңызбен бөлісу: