31-сурет. Амнионға
ашық әдіспен жҧқтыру
(Н.И. Троценко, 1989)
83
шайып, екі пинцеттің кӛмегімен жазып, тексереді. Қабықшаның
патологоанатомиялық ӛзгеріске ҧшыраған жерлерін анық кӛру ҥшін
Петри шынысының астына қара тҥсті қағаз қояды.
Қауыздың астыңғы қабықшасы мен ХАҚ-ын тесіп, аллантоис
сҧйықтығын (10 мл) Пастер тҥтікшемен сорып алады (32-сурет).
Аллантоис сҧйықтығын алғаннан кейін ҧрықтың мойнының
тҧсынан тҥтікшемен амнион сҧйықтығын (1 мл) сорып алады (33-сурет).
Сарыуыз қапшығын Петри шынысына салып, қайшымен кескеннен
кейін физиологиялық ерітіндімен шаяды да, сарыуыз қапшығының
қабырғасын вирусы бар материал ретінде алады. Ҧрықты пинцеттің
кӛмегімен алып шығады (34-сурет).
32-сурет. Аллантоис
сҧйықтығын жинап алу
(Н.И. Троценко, 1989)
33-сурет. Амнион
сҧйықтығын жинап алу
(Н.И. Троценко, 1989)
34-сурет. Ҧрық
денесін шығару
(Н.И. Троценко, 1989)
Тауық эмбриондарын ашқаннан кейін міндетті тҥрде вирусы бар
материалдардың тазалығын анықтау ҥшін бактериологиялық зерттеу
жҥргізеді. Ол ҥшін материалдардан ЕПС, ЕПА, ЕПБС және Сабуро
ортасына себінді жасайды. Вирусы бар материалдарды минус 25ºС
немесе одан тӛменгі температурада сақтайды.
Бақылау сұрақтары:
1 Вирусологияда тауық эмбриондарын
қандай мақсаттарда қолданады? 2 Тауық эмбрионының қҧрылысы.
3 Тауық эмбриондарын жҧқтыруға дайындау тәсілдері. 4 Тауық
эмбриондарын
экспериментальды
жолмен
жҧқтыру
тәсілдері.
5
Вирустар кӛбейген тауық эмбриондарының белгілері. 6 Тауық
эмбриондарын ашу және вирусы бар материалдарды алу.
|