Микробиология


ЖАСУША ӚСІНДІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ВИРУСОЛОГИЯДА



Pdf көрінісі
бет68/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

ЖАСУША ӚСІНДІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ВИРУСОЛОГИЯДА 
ҚОЛДАНУ 
Жасуша 
ӛсінділері
деп 
макроорганизмдерден 
алынған, 
организмнен тыс жағдайда (
in vitro
), жасанды қоректік орталарда ӛсіп-
ӛне алатын, жасушалар.
Вирусология 
тәжірибесінде 
келесі 
жасуша 
ӛсінділері 
пайдаланылады: 
Алғашқы трипсинделген жасуша өсінділері
макроорганизмдердің 
мҥшелері мен ҧлпаларынан алынатын, 
in vitro
жағдайында дара қабатты 
қҧрай ӛсетін жасушалар. Алғашқы трипсинделген жасуша ӛсінділері аз 
уақыт тіршілік етеді. Бҧларды кӛбінесе эмбрион немесе жас малдардың 
ағзаларынан (бҥйрек, ӛкпе, тері, тимус, тестикула) бӛліп алады.
Сойылған сау жануарлардың қажетті органдары мен ҧлпаларын 2-3 
сағат аралығында алып, ҧсақтап турағаннан кейін трипсин, панкреатин, 
коллаген және басқа да ферменттермен (жиі трипсин қолданылады) 
ӛңдейді. Аталмыш ферменттердің кӛмегімен жасуша аралық заттары 
талқандалған жасушалар суспензиясын қоректік орталары бар арнайы 
ыдыстарға ауыстырып, +37ºС температураға реттелген термостатта 
ӛсіреді. Ыдыстың беткейіне бекітілген жасушалар бӛліне бастайды. 
Жасуша ӛсінділерінің ӛсіп дамуы бірнеше сатыға бӛлінеді: адаптация, 
интенсивті ӛсуі (логарифмдік), стационарлық және жасушалардың ӛлуі.
Ыдыстардың беткейінде дара қабатты қҧрай ӛскен жасушалар бір-
бірімен тҥйіскеннен кейін ӛздерінің бӛлінуін тоқтатады. Әдетте дара 
қабаттың қалыптасуы 3-5 тәуліктен соң байқалады. Дара қабатты 
жасуша ӛсінділерінің қалыптасуы қолданылған ҧлпаның тҥріне, 
жануарлардың жасына, қоректік орталардың сапасына, себінді жасалған 
жасушалардың концентрациясы мен басқа да факторларға байланысты 
болып келеді. Дара қабатты жасуша ӛсінділері ӛзінің тіршілігін 7-21 
тәулікке дейін сақтайды (жасушалар тҥрі мен қоректік орта қҧрамына 
байланысты). Вирустарды ӛсіру жҧмыстарында жаңадан дара қабатты 
қҧраған, жас жасуша ӛсінділері пайдаланылады.
Вирусологиялық зерттеу жҧмыстарында арнайы ыдыстардың 
беткейінен версен немесе трипсин ерітіндісімен шайылып алынған 
алғашқы жасуша ӛсінділерін жаңа қоректік орталарға қайтара себінді 
жасалған 
субкультуралар
жиі қолданылады. Қайтара себінді жасалған 
субкультуралар дара қабатты 2-3 тәуліктен кейін қалыптастырады. 
Субкультураларды барлық алғашқы жасуша ӛсінділерін 2-5 рет, ӛте 
сирек жағдайда 8-10-ға дейін пассаж жасау арқылы алуға болады. Одан 
кейін жасушалардың морфологиялық қҧрылымы ӛзгеріске ҧшырауы мен 
ӛлуі байқалады. Субкультуралар вирустарға сезімталдығы жағынан 
алғашқы жасуша ӛсінділерінен кем тҥспейді, сонымен қатар, олар 
ҥнемді және вирустармен контаминацилануын айқындауға мҥмкіндік 
береді. 


85 
Диплоиты жасуша өсінділері
– 
in vitro
жағдайында 50-60 пассажға 
дейін тіршілік ете алатын, морфологиялық жағынан біртекті болып 
келген жасушалар популяциясы. Мҧндай жасушалар ӛсу кезінде 
ӛздерінің кейбір қасиеттерін ӛзгертпейді. Диплоиды жасуша ӛсінділері 
алғашқы жасуша ӛсінділерінен алынады. Олардың кариотипі тҧрақсыз, 
сондықтан жасушалардың диплоидтық қасиеттерін ҧзақ уақыт сақтау 
ҥшін сапасы жақсы фетальды қан сарысулары қосылған қоректік 
орталарда ӛсіреді.
Диплоидты жасушалар адамдар мен жануарлар эмбриондарының 
тҥрлі ҧлпаларынан алынады. Диплоидты жасушалардың басқа 
жасушалардан (алғашқы және тҧрақты) артықшылығы: олар 
ауыстырылмаған қоректік ортада 10-12 тәулік бойы тіршілігін сақтайды; 
аптасына бір рет ауыстырылатын қоректік орталарда бір айға дейін 
тіршілігін жоймайды; бҧл жасушаларда вирустарды ҧзақ уақыт бойы 
ӛсіруге болады.
Тұрақты жасуша өсіндісі
– организмнен тыс жағдайда ҧзақ уақыт 
бойы ӛсіп, кӛбейе беретін қасиеті бар, бір тҥрден алынған 
жасушалардың тобы. Мҧндай жасушаларды ӛсу белсенділігі жоғары 
алғашқы жасуша ӛсінділерін, белгілі бір режимде, бірнеше рет қайтара 
себінді жасау арқылы бӛліп алады. Тҧрақты жасуша ӛсінділерінің пішіні 
біркелкі, гетероплоидты хромосомалар жиынтығынан тҧрады, 
in vitro
жағдайында бір қалыпты ӛседі, олардың кейбіреулерінің онкогендік 
қасиеттері болады. Соңғы қасиеттерінің болуына байланысты, оларды 
вакцина ӛндірісіне қажетті вирустарды ӛсіруге пайдаланбайды.
Тҧрақты жасуша ӛсінділерін жануарлардың сау және ісік 
ҧлпаларынан алуға болады. Тәжірибеде жиі қолданылатын тҧрақты 
жасуша ӛсінділеріне Hela (әйел жатыр мойынының ісік жасушалары), 
Hep-2 (адам кӛмейінің карциомасының жасушасы), KB (ауыз қуысының 
қатерлі ісік жасушасы), BHK-21 (жаңа туылған қалта ауыз бҥйрегінің 
жасушасы), TR (сиырдың трахеясының жасушасы), L (тышқан 
фибробласттары), шошқа эмбрионы бҥйрегі, бҧзау бҥйрегі, қой бҥйрегі 
және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет