Микробиология



Pdf көрінісі
бет69/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Жасуша 
ӛсінділерін 
сақтау.
Вирусологиялық 
зерттеу 
жҧмыстарында қолданылатын алғашқы, диплоидты және тҧрақты 
жасуша ӛсінділерін ҧзақ уақыт бойы сақтау ҥшін жиі консервациялауға 
тура келеді. Себебі, аталмыш жасушаларды 
in vitro
жағдайында ҥздіксіз 
ӛсіру барысында, олардың бактериялармен ластануы мен генетикалық 
қасиеттерінің ӛзгеріске ҧшырау мҥмкін. 
Жасуша ӛсінділерін консервациялаудың ең қарапайым әдісінің бірі, 
+4ºС температурада 1-6 аптаға дейін сақтау болып табылады. Жасуша 
штамдарын қҧрғақ мҧзда (–78ºС) және сҧйық азотта (–196ºС) ҧзақ уақыт 
бойы сақтауға болады. Ол ҥшін арнайы ыдыстардағы жасушаларды 
шайып алады да, олардың 10
6
мӛлшерін қҧрамында 10-50% қан сарысуы 
мен 10%-ды диметилсульфоксиді (ДМСО) немесе глицерині бар 
қоректік ортаның 1 мл-не араластырып, ампулаларға қҧйып, бастапқыда 


86 
1-3 сағат бойы +4ºС температурада, сосын мҧздатқышта –70ºС-ге дейін 
қатырған соң сҧйық азотқа ауыстырады. Сҧйық азоттағы жасушалар 
ӛзінің пролиферативті белсенділігі мен вирустарға сезімталдығын 
бірнеше жылдарға дейін сақтай алады.
Консервациядағы жасушаларды жҧмысқа дайындау келесі 
тәртіппен орындалады: жасушалар қатырылған ампуланы 1-2 минут 
бойы су моншасында ерітеді, сосын ампуладағы жасушаларды қажетті 
қоректік орта қҧйылған ыдысқа ауыстырады да, +37ºС температураға 
реттелген термостатта ӛсіреді. Бір тәуліктен кейін қоректік ортаны 
ауыстыру арқылы ДМСО немесе глицериннен тазартады.
Жасуша ӛсінділерімен жҧмыс істеу барысында стерильді ыдыстар, 
қажетті ерітінділер мен қоректік орталар қолданылады. Жасуша 
ӛсінділерімен жҧмыс істеуге қажетті Хенкс және Эрл ерітінділері 
бидистилденген суда дайындалады. 
Хенкс ерітіндісі:
1 литр бидистилденген суға 8,0 г – NaCl; 0,4 г – 
KCl; 0,1 г – MgSO
4
·7H
2
O; 0,14 г – CaCl
2
; 0,06 г – KH
2
PO
4
; 0,06 г – 
Na
2
HPO
4
; 1,0 г – глюкоза; 0,02 г – фенол; 0,07 г – NaHCO
3
қосылады. 
Эрл ерітіндісі:
1 литр бидистилденген суға 6,8 г – NaCl; 0,4 г – KCl; 
0,1 г – MgSO
4
·7H
2
O; 0,2 г – CaCl
2
; 0,125 г – NaH
2
PO
4
; 2,2 г – NaHCO
3
1 г 
– глюкоза қосылады. 
Аталмыш тҧзды ерітінділер барлық қоректік орталарды дайындауда 
қолданылады, себебі олар ортаның рН-ының, жасушалардың осмостық 
қысымының 
және 
қажетті 
органикалық 
емес 
заттардың 
концентрацияларының қалыпты жағдайда сақталуын қамтамасыз етеді. 
Сонымен қатар, оларды жасуша ӛсінділерін қоректік орталардан шайып 
алуда, вирустарды сҧйылтуда және т.б. жҧмыстарда да пайдаланылады.
Жасушаларды ӛсіру жҧмыстарында трипсин мен версеннің 
дисперсиялаушы ерітінділері де қолданылады. Трипсин ерітіндісін ҧлпа 
кесінділерінен жасушаларды бӛлу және шыны бетіндегі жасушалардың 
дара қабаттарын шайып алуда, ал версен ерітіндісі болса тек шыны 
бетіндегі бекітілген жасушаларды шайып алу ҥшін қолданылады. 
Қоректік орталар табиғи және жасанды (синтетикалық және 
жартылай синтетикалық) болып бӛлінеді.
Табиғи қоректік орталар тҧзды ерітінділерден (Хенкс, Эрл), 
жануарлар немесе адам қан сарысуынан, ҧлпа экстрактынан (тауық, 
сиыр, адам эмбриондарының) және т.б. 
Жасушаларды ӛсіруде жасанды қоректік орталар жиі қолданылады. 
Жартылай синтетикалық орталарға тҥрлі белокты ӛнімдердің 
ферментативтік гидролизаттары: лактоальбумин гидролизаты, бҧлшық 
еттің ферментативтік гидролизаты, гемогидролизат, аминопептид және 
т.б. 
пайдаланылады. 
Вирусология 
тәжірибесінде 
кеңінен 
қолданылатындарының бірі болып лактоальбумин гидролизатының 5%-
ды ерітіндісі мен гемогидролизаттың 5%-ды және 2,5%-ды ерітінділері 
саналады.


87 
Синтетикалық орталардың ішінен кең қолданыс тауып отырған 
орталарға Игл мен 199 қоректік ортасы жатады. Игл мен 199 қоректік 
ортасының қҧрамына 60-тан астам компоненттер: амин қышқылдары, 
витаминдер, нуклеин қышқылдары, липидтер, кӛмірсулар, минералды 
тҧздар мен басқа да заттар кіреді. Барлық қоректік орталар мен кейбір 
тҧзды ерітінділердің сутегі иондарының концентрацияларын (рН) 
анықтау ҥшін фенолды қызыл индикатор (0,002%) қосылады. Аз 
мӛлшерде қосылған индикаторлар жасуша ӛсінділері мен вирустарға 
зиянды әсер етпейді. рН-ы тӛмендеген ортаның тҥсі сарғайса, рН-ы 
жоғарлаған жағдайда орта қызыл-малина тҥске боялады. рН-ы қалыпты 
(7,2-7,4) ортаның тҥсі қызғылт сары болады. Осы белгілерді ескере 
отыра, ортаны дер кезінде ауыстырып отырады.
Қолданар алдында қоректік орталардың микрофлоралар мен 
ластануын болдырмау ҥшін пенициллин мен стрептомицин (100 ӘБ/мл), 
ал зең саңырауқҧлақтармен ластануын тежеу ҥшін нистатин (0,1 мг/мл) 
қосады. 
Барлық қоректік орталар екі топқа бӛлінеді: а) жасушалардың 
тіршілігі мен ӛсуін қамтамасыз етуші, олардың қҧрамында 2-10% қан 
сарысуы болады, бҧл ортаны жасушаларды ӛсіруде қолданады; ә) 
жасушалардың тіршілігін сақтайтын орта, мҧндай орталарда жасушалар 
кӛбеймейді, бҧл ортаның қҧрамында қан сарысуы болмайды.
Ірі қара мал қан сарысуы жасушалардың 
in vitro
жағдайында ӛсіруге 
арналған қоректік ортаның ең негізгі компоненті болып саналады. Қан 
сарысуының қҧрамында фетуин мен альбуминдердің фракциялары 
болады, олар жасушалардың шыны бетіне бекітілуіне мҥмкіндік береді. 
Тәжірибеде ересек малдардың және жануарлар эмбриондарының қан 
сарысулары кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет