Микробиология



Pdf көрінісі
бет66/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

30-сурет. Сарыуыз 
қапшығына жҧқтыру 
(Н.И. Троценко, 1989) 


82 
мӛлдірлендіру ҥшін), қан тамырына жҧқтыратын суспензияны енгізеді. 
Қауыздың жалаңаштанған жерін лейкопластырмен бекітеді. 
Жоғарыдағы әдістермен жҧқтырылған тауық 
эмбриондарын +33-37ºС температураға реттелген 
термостатта инкубациялайды. Жҧқтырылған 
эмбриондарды кҥнделікті овоскоппен бақылап 
отырады. Жҧқтырғаннан кейін алғашқы 24 сағат 
аралығында ӛлімге ҧшыраған эмбриондар алып 
тастайды. Себебі бҧл уақыт аралығында бӛгде 
микрофлоралармен ластанған, жҧқтыру кезінде 
жарақаттанудан ӛлген эмбриондар жарамсыз 
болып есептеледі. Одан кейінгі эмбриондардың 
ӛлімге ҧшырауы вирустардың кӛбеюі әсерінен 
болады. Мҧндай эмбриондарды таңдап алып, тез 
арада 
тоңазытқышқа 
(+4ºС) 
ауыстырады. 
Тоңазытқыштағы эмбриондардың қҧрамындағы 
вирустардың белсенділігі ҧзақ сақталады және 
ҧлпалар тығыздалып, тамырлары босап, оларды жарып алуға жеңілдік 
тудырады.
Вирустар кӛбейген тауық эмбриондарының белгілері.
Вируспен 
жҧқтырылған тауық эмбриондары белгілі бір мерзімде ӛлімге 
ҧшырайды. Қҧстардың шешегі мен ларинготрахеит вирусымен 
зақымданған эмбрионның ХАҚ ісінеді, қанталайды, тҥйіндер пайда 
болады. Тауықтардың жҧқпалы бронхитінің вирусымен зақымданған 
эмбрион сусызданады немесе мумияланады, мойыны бҧралып кетеді, 
терісі гиперемияланады, ҧрықтың ішкі мҥшелерінде де вирустардың 
ӛсіп-ӛну белгілерінің байқалуы мҥмкін. 
Гемагглютинация реакциясының кӛмегімен эмбрионның қҧрамынан 
вирустар мен олардың титрлерін анықтауға болады.
Тауық эмбриондарын ашу және вирусы бар материалдарды 
алу.
Тауық эмбриондарын вирустардың кӛбею белгілерін анықтау және 
вирусы бар материалдарды алу ҥшін асептикалық жағдайларды сақтай 
отырып ашады. Қҧрамында вирусы бар материалдар ретінде ХАҚ, 
ҧрықтың ҧлпалары, сарыуыз қапшығы, аллантоис пен амнион 
сҧйықтықтары алынады. Аллантоис пен амнион сҧйықтықтары 
қҧрамында вирусы бар дайын суспензия болып табылады.
Эмбрионды ашардан бҧрын қауызды йодталған спиртпен ӛңдейді. 
Стерильді саймандардың кӛмегімен ауа камерасының ҥстіңгі жағындағы 
қауызды кесіп алады. Бҧл жағдайда қайшыны ауа камерасының 
астындағы қабықшасына тигізбеу және қауыз ішкі жағына тҥспеуі керек.
Жалаңаштанған ХАҚ-ын пинцетпен кӛтеріп патологоанатомиялық 
ӛзгеріске ҧшырағандығын байқап, сол жерін қайшымен кесіп алады. Ал 
ХАҚ-ының барлық жерлерін қарау ҥшін ҧрықты, сарыуыз қапшығы мен 
белогын алып тастаған соң ХАҚ-ын қауыздан ажыратып, стерильді 
физиологиялық ерітінді қҧйылған Петри шынысына салады. ХАҚ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет