98
терісін тіледі. Қҧрсақ аумағының терісін сыдырып ашып, препаровальды
инелердің кӛмегімен бекітеді.
Кеуде қуысының оң және сол жақ аумағынан астыңғы
қабырғаларды бҧғанаға дейін қайшымен екі тілік жасайды. Тіліктердің
бір-бірінен ара қашықтығы 3-4 мм болуы керек.
Кеуде қуысына
жасалған тілікті пинцеттің кӛмегімен ашады. Осы кезде жҥрек маңында
орналасқан екі бӛлікке бӛлінген тимусты айқын кӛруге болады. Тимус ет
ҧлпасына жақсы бекітілген, сол себепті пинцеттің кӛмегімен
абайлап
ажыратып алу қажет.
Ажыратып алынған тимусты мҧзы бар Петри шынысына салып,
скальпелдің және пинцеттің кӛмегімен
тимусты дәнекер капсуладан
тазартқан кезде ол екі бӛлікке бӛлінеді.
Тимусты салқын стерильді ортада гомогенизациялап, пайда болған
қоймалжыңды 4 қабатты капронды фильтрдің кӛмегімен сҥзіп, Горяев
камерасымен тимус жасушаларын (тимоциттер) санайды.
Әдетте бір
тышқаннан 80 млн-ға жуық тимоциттерді алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: