Микробиология


Қан сарысуы қҧрамынан лизоцимнің сандық кӛрсеткішін



Pdf көрінісі
бет74/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Қан сарысуы қҧрамынан лизоцимнің сандық кӛрсеткішін 
анықтау. 
Лизоцим –бактериялардың ірі молекулалы полисахаридтерін 
(пептидогликан) ыдырататын, ҧлпаларда, секреттерде, экскреттерде (тер 
мен зәрден басқа) кездесетін және кӛптеген бактерияларға бактерицидті 
әсер ететін гидролитикалық фермент. Лизоцимнің тҥзілуі мен 
белсенділігін 
Micrococcus lysodeicticus
бактерияларын лизиске ҧшырату 
қабілеттілігіне байланысты анықтайды.
Ол ҥшін фосфатты тҧз ерітіндісіндегі (ФТЕ) 1% агарлы гель 
дайындалады. 60-70ºС температурада балқытылған 100 мл агарлы геліне 
10 мг мӛлшерінде
Micrococcus lysodeicticus
биомассасының ацетонды 
ҧнтағын енгізіп, қоспаны мҧқият араластырады да, Петри шынысына 
қҧйып (қалыңдығы 4 мм), қатырады. Қатқан агарға диаметрі 5 мм 
болатын шҧңқыршықтар жасалады. 
Бір мезетте жҧмыртқа ақуызынан кристалдану арқылы бӛлініп 
алынған стандартты лизоцимнің белсенділігі анықталынады. Әуелі 
лизоцимді алдын ала ФТЕ-мен араластыру арқылы оның 0,5; 1,0; 3,0; 
5,0; 10,0; 20,0; 40,0 және 70,0 мг/мл сҧйылтымдарын дайындайды. Сонан 
соң лизоцимнің әр сҧйылтымынан 0,05 мл алып, Петри шынысындағы 
шҧңқырықтарға енгізеді де, 37ºС-ге реттелген ылғалды камерада 48 
сағат бойы ҧстайды. Уақыт ӛткен соң шҧңқыршық айналасындағы 
Micrococcus lysodeicticus-
тің
 
лизиске ҧшыраған аймағының диаметрі 
ӛлшенеді. Әрі қарай алынған мәліметтер негізінде калибрациялық қисық 
сызық қҧрылады. Ось кординаттарында лизоцим концентрациясының 
кӛрсеткіші мен лизис аймағының диаметрі жазылады. Қан сарысуын 
ФТЕ-мен 1:5 сҧйылтымда араластырып, шҧңқыршыққа 0,03 мл-ден 
енгізеді. Әрі қарай талдау жҧмысын стандартты лизоцимді анықтау 
реттілігіне сәйкес жҥргізеді. Лизис аймағының диаметрі ӛлшенгеннен 
кейін, калибрациялық қисық сызық бойынша зерттеуге алынған сынама 
қҧрамындағы лизоцимнің мӛлшері анықталынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет